Циклы Авторы Сортировка

6 дәріс. Алғашқы кіші белгісі. Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлықтың келуі.

6 358
10 февраля, 15
Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлықтың келуі
 
Біздің мырзамыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келуі, пайғамбарлықтың соңы болды, сондықтан да оның келуі Қияметтің жақындауын айтады. Себебі одан соң жер бетіне ешқандай жаңа пайғамбар келмейді, жаңа шариғат та болмайды.
 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қиямет күні мен менің пайғамбарлығымның арасы, мына екі саусақтың жақындығындай» (Бұхари)
 
Әнас (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Қиямет пен менің пайғамбарлығым мына екі саусақтай»,- деп сұқ саусағы мен бас бармағын көрсетті. (Муслим)
 
Сондай-ақ, Қайс ибн Әби Хазим Әбу Жубәйрадан былай деп жеткізеді: «Мен Қиямет жақындаған кезде жіберілдім» (әл- Хаким)
 
Имам әл- Құртуби былай дейді: «Қиямет күнінің алғашқы белгісі – ол Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), себебі ол ақырзаман пайғамбары, одан кейін ешқандай пайғамбар мен елшілер келмейді» (Тәзкира, 626).
 
Алла Тағала былай дейді:
 
مَّا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَا أَحَدٍ مِّن رِّجَالِكُمْ وَلَـٰكِن رَّسُولَ اللَّـهِ وَخَاتَمَ النَّبِيِّينَ ۗ وَكَانَ اللَّـهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا

Мағынасы: «Мұхаммед сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Алланың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші» (Ахзап сүресі, 40 аят)
 
Бұл біздің дініміздегі белгілі нәрсе. Егер кімде кім біздің Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлардың мөрі екендігін жоққа шығарар болса және де одан кейін тағы да пайғамбар келеді дер болса, бұл қадианилер мен ахмадилер секілді анық имансыздық. Олар ағымдарының негізін құрушы Ахмад Ғұламды пайғамбар деулерімен Құран мен Сүннеттің айқын дәлелдеріне қарсы келуде. Әрі соңғы пайғамбардың келуімен басталатын Қияметтің белгілерін де жоққа шығарады.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков