Циклы Авторы Сортировка

6 дәріс. Бірінші үлкен белгі. Имам әл-Махди: Имам әл-Махди туралы хадистер, 2 бөлім

4 033
7 апреля, 16
Бесінші хадис
 
Үмм Сәләма, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Мәхди – менің ұрпағымнан, Фатиманың балаларынан»[1].
 
 

Алтыншы хадис
 
Жәбір, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың  игілігі мен сәлемі болсын,  былай айтқанын жеткізген: «Ғиса ибн Мәриәм жерге түскен кездеі,  әмір әл-Мәхди оған: «Бізге имам болып намаз оқы» - дейді. Сонда ол айтады: «Жоқ, сендер бір-бірлеріңе әміршісіңдер және бұл осы үмбетке деген Алланың мейірімі»»[2].
 
Жетінші хадис
 
Әбу Саид әл-Худри, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Ғиса ибн Мәриәмның артынан тұрып намаз оқитын бізден болады»[3].
 
Сегізінші хадис
 
Абдулла ибн Масғуд, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізген: «Арабтарды менің ұрпағымнан болған және есімі менің есіміме ұқсайтын бірадам билемейінше, бұл әлем жоғалып, ғайып болмайды»[4].
 
Ал басқа риуаятта былай айтылады:
 
«Оның есімі  - менің есіміме, ал оның әкесінің есімі менің әкемнің есіміне ұқсас болады»[5].
 
Бұхари мен Мүслімде келтірілген хадистерге келер болсақ, жоғарыда аталған хадистермен салыстырғанда ондағы біршама хадистер имам әл-Мәхдиді көрстеді:
 
1. Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,  былай айтқанын жеткізген: «Егер сендерге Ғиса ибн Мәриям келсе, ал сендердің біреулерің   имам болсаңдар, жағдайларың қалай болар екен?»
 
2. Жәбір, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Ғиса ибн Мәриям келеді, ал олардың әмірі айтады: «Барып, алдымызда шығып намаз оқы». Сонда ол оған былай айтады: «Сендер бір-бірлеріңе әміршісіңдер. Бұл Алла Тағаланың осы үмбетке деген ізеті»».
 
[1] Әбу Дәудтің«Сунаны және Ибн Маджаның «Сунаны».
 
[2] Әл-Харис ибн Әбу Усаманың «Муснады».
 
[3] Әбу Нуайм, «Ахбар әл-Мәхди».
 
[4] Ахмадтың «Муснады».
 
[5] Әбу Дәудтің «Сунаны».

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің Үлкен белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков