Циклы Авторы Сортировка

60 дәріс. Елу бірінші кіші белгі. Константинопольдің жаулануы

3 602
11 февраля, 16
Қиямет күнінің кіші белгілеріне, келесі хадисте көрсетілгендей, Константинопольдің мұсылмандармен ұрыссыз жаулануы да жатады:
 
 
 
«Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Сендер жарты бөлігі - құрғақта, ал жартысы — теңізде тұрған қала туралы естідіңдер ме?» Олар айтады: «Ия, уа, Алла Елшісі». Сонда Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан: «Ысқақтың жетпіс мың ұрпағы олармен шайқаспайынша, ал олар [қалаға] жақындағанда, қару алып шайқаспай әрі садақ оғын шығармай, былай айтады: «Алладан басқа құлшылық етуге лайық ешкім жоқ, Алла Ұлы!». Сонда қаланың жартысы тізе бүкпейінше, Қиямет күні болмайды».
 
Және де Саур (осы хадисті жеткізушілердің бірі) былай айтады: «Мен тек оның айтқанын ғана білемін: «Жартысы — теңізде тұрған», – ал содан кейін екінші рет: «Алладан басқа құлшылық етуге лайық ешкім жоқ, Алла Ұлы», – деп айтқанда, екінші жартысы тізе бүгеді. Ал сосын олар айтады: «Алладан басқа құлшылық етуге лайық ешкім жоқ», – сонда оларға қала ашылады да олар кіреді.    Олар олжаларын бөліп жатқанда, оларға Даджал пайда болды деген хабар жетеді де олар бәрін тастап, қайтып кетеді»» (Мүслім).
 
Түсінік берушілер Ысқақ ұрпақтары деп кімдердің ескерілгендігі анық емес деп көрсеткен, өйткені ромеилер әл-Айса ибн Ысқақтың ұрпақтары деп саналады.
 
Кейбіреулер айтқан, Мүслімнің «Сахих» қолжазбаларының кейбірінде «Исмаиылдың ұрпақтары» деп көрсетілген, сонда бұлардың арабтар болғаны.
 
Имам Ибн әл-Касир ромеилердің көпшілігі Исламды қабылдайтындары ескерілгендігін көрсеткен, мүмкін нақ солардың өздері Қиямет күніне таман Константинопольді жаулап алатын шығар.
 
Константинопольдің бұл жаулануы әлі болған жоқ, имам Тирмизи былайша жеткізген: «Константинопольдің жаулануы Қиямет күнімен бірге болады», – яғни оған өте жақын қалғанда.
 
Осы хадистен соң имам ат-Тирмизи өзінің ұстазы Махмуд ибн Гаялянның мынандай сөздерін келтіреді: «Бұл қала Даджалдың пайда болу кезінде жауланады».
 
Және Ахмад Шакир былай айтқан: «Константинопольдің алыс не жақын келешектегі жаулануы, тек Алла Тағалаға ғана белгілі. Бұл шынайы жаулап алу болады, мұсылмандар өздері тастап кеткен ақиқат діндеріне қайтып оралады.  Бұрындағы Константинопольдің түріктермен жаулануына келер болсақ,  бұл осы ұлы жеңіске деген дайындық болатын, өйткені сосын бұл қала мұсылмандардың басқаруынан шығып кеткен еді, олардың өкіметі өздерінің басқаруын ислами емес әрі діни емес деп жариялап, Исламның дұшпандарымен бітімге келіп, кәпірлердің заңдарымен басқара бастаған. Бұл қаланың жаулануы жүзеге асады, ин ша Алла» (Ахмад Шакирдің «Мухтасар Тафсир Ибн Касирге» ескертулерінен).

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков