Циклы Авторы Сортировка

61 дәріс. Елу екінші Кіші белгі. Әл-Кахтанидің шығуы

3 964
15 февраля, 16
Қияметтің кіші белгілеріне әл-Кахтанилік адамның шығуы да жатады, ол басқа адамдарды өзіне бағындырып алатын болады.
 
 
 
Әбу Хурейра, Алла оған разы болсын, Пайғамбарымыздаң, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келесі сөздерін жеткізеді: «Әл-Кахтаниден бір адам шығып, басқаларды өзінің асатаяғымен тік тұрғызбайынша Қиямет басталмайды» (Ахмад).
 
«Тік тұрғызу» деген сөздің мағынасы, басқа адамдардың оған толығымен бағынып, айтқандарын бұлжытпай орындайтындарын білдіреді және көсем ретінде оның беделі өте үстем болады.  
 
Ибн Хаджар ол кісіні өте тақуа болады деп айтқан, кей бір риуаяттарды оны ізгі халифалардың бірімен салыстырады.
 
Сонымен, әл-Кахтани – мұсылмандардың әділ басшысы болады, мұсылмандар оған бойсұнып, құлақ асады әрі оның беделі өте жоғары болады.
 
Ибн Хаджар «Әл-Фатх» атты еңбегінде былай жазады: Абдуллах ибн Амр ибн әл-Ас, оған Алла разы болсын, бұл хадисті жеткізген кезінде, Мағауия, оған Ала разы  болсын, наразылық танытып, қатты ашуланған. Алайда оның бұлай жасауы, адамдардың билік басына құрайыш еместер де келе алатындығын түсініп қояр деген ойынан туындаған еді. Сол себепті Мағауия, оған Алла разы болсын: «Бұл іс (билік) тек құрайыштарға ғана тиесілі, құрайыштар дінді қорғап тұрған кезде бұл мәселеде олармен ешкім тартыса алмайды, әйтпесе Алла Тағала оларды (тартысқандарды), масқара күйге түсіреді» - деген (Бухари).
 
Дегенмен, құрайыштар дінді қорғауды тастаған сәттен бастап биліктерінен айырылды.
 
Әділ басшы Йемендегі Кахтан деп аталатын жерден шығады.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков