Циклы Авторы Сортировка

62 дәріс. Елу үшінші кіші белгі. Яһудилермен шайқас

3 679
18 февраля, 16

Қияметтің кіші белгілерге мұсылмандардың яһудилермен шайқасуы да жатады, олар мұсылмандарға қарсы соғысатын Даджал әскерінің жартысы болса, ал мұсылмандардың әскерінде Ғиса, оған Алланың сәлемі болсын, болады.
 

 

 

Сол кезде тіпті табиғат та мұсылмандар жағына шығады, тастарға да, ағаштарға да тіл бітіп, былай айтатын болады: «Әй, мұсылман, уа, Алланың құлы, мына яһуди менің артымда жасырынып тұр».
 
Яһудилермен шайқас деп Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кезінде орын алған шайқас айтылып отырған жоқ, сол кезде олар мұсылмандармен жасасқан шарттарын бұзып, нәтижесінде Араб түбегінен қуылған болатын.
 
Бұхари мен Мүслім Әбу Хурайрадан, олардың бәріне Алла разы болсын, жеткізген: «Мұсылмандар яһудилермен соғыспай әрі мұсылмандар оларды талқандамай, және де яһудилер ағаштың не тастың артына жасырынбақ болып тырысқанда, тасқа немесе ағашқа тіл бітіп: «Әй, мсылман, уа, Алланың құлы, мына яһуди менің артымда жасырынып тұр. Кәне, өлтір оны», - демейінше, Қиямет күні болмайды. Тек غرقد ағашы ғана үнсіздік танытады, себебі бұл  еврейлердің ағашы».
 
Ағаштар мен тастардың тіл бітіп, сөйлейтініне келер болсақ, Әһлү Сүннет негізінде, басқа себептерге байланысты әзірге мүмкін болмағандықтан, аяттар мен хадистерді сөзбе-сөз түсіну қажет деп санаймыз. Егер Алла Тағала тастар мен ағаштарға тіл бітірер болса, онда олардың сөйлеуінде тұрған ешқандай мүмкін емес нәрсе жоқ және де бұл біздің сенімімізге қайшы емес.
 
Біздің күнімізге келер болсақ, мұсылман «еврей» немесе «яһуди» сөздерін естігенде, оның санасына бірден: «Палестина, Құдс, Әл-Ақса» келеді. Палестина жерлерін басып алған соң, ислам әлемінің синонизмге қарсы тұруы саяси жаңалықтардың бастыларының біріне айналды және де біздің күнімізге шейін солай болып келеді.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков