Циклы Авторы Сортировка

63 дәріс. Елу төртінші кіші белгі. Мәдинені зұлымдықтан қорғау және уақыттың соңына таман оның күйреуі

3 192
22 февраля, 16
Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Мәдинені тыныштық қаласы және егер кімде-кім бұл қаладан шеттеп кететін болса, Алла Тағала оны одан да жақсы біреумен алмастырады деп жиі айтатын.
 
Тағы да ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Қиямет күнінің белгілеріне от металдағы қоспаларды қалай ажыратса, Мәдине де жексұрындық пен кемістікті шеттететіні жататындығын  хабарлаған.  
 
 
 
Қажылықта болған әркім де, сөзсіз, Мекке мен Мәдинені ажырата алады және әрқайсысы Мәдинені - «тыныштық пен татулық» деген бір-ақ ауыз сөзбен сипаттайды.
 
Мүслім Әбу Хурайрадан, оларға Алла разы болсын, жеткен хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Пенде өз ағасының ұлын және басқа да туыстарын: «Молшылыққа жүріңдер, молшылыққа жүріңдер», - деп шақыратын уақыт келеді, бірақ Мәдиненің олар үшін ең жақсысы екенін білсе ғой. Менің жанымның Иесімен ант етемін, кім шеттеп Мәдинеден кетсе, Алла оны одан да жақсы біреумен алмастырады. Расында, Мәдине қоспаларды жоятын ұстаның керігі тәрізді. Мәдине металдың қоспасын жоятын ұстаның керігі сияқты зұлымдықты жойып тұрған уақытта Қиямет күні болмайды».
 
Бұл көрегендіктің пайда болар уақытына келер болсақ, Кади Ияд  Мәдиненің діннің түйіні болғанын және от сияқты екіжүзділер мен надандарды күйдіріп әрі шеттеткен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, уақыты сөз болып отырғанын көрсетеді.
 
Имам ән-Науауи болса керісінше, бұл уақыттың соңына таман пайда болады деп көрсеткен.  Сондай-ақ, мұның әр түрлі уақыттарда болуы мүмкін деп те көрсетілген.
 
Бірақ, сөзсіз, бұл Мәдинені қалдырып кеткен кез-келген адам күнаһар, кесірлі дегенді білдірмейді, өйткені ұлы сахабалар Исламды тарату мақсатында өздерінің сүйікті  Пайғамбарларының, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүйікті қаласы болған Мәдиненің қабырғаларын тастап кеткен болатын. Мәдинені қалдырып кеткендердің қатарында Муаз ибн Джабал, Әбу Убейда, Ибн Масуд, Әли, Талха, аз-Зубейр және басқалар болған. Сондықтан да келтірілген хадис барлық уақыт пен барлық адамдарға қатысты емес.
 
Ал имам әл-Бұхари Әнәстан, оларға Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Алла Тағала Мәдинені оны мекендеушілерімен бірге үш рет сілкіндіреді де, одан әрбір мүшрік пен екіжүздіні шығарып тастайды».
 
Бұл Даджал уақытына қатысты.
 
Мәдиненің соңғы күндеріне келер болсақ, имам Мәлік Әнәстан, оларға Алла разы болсын, келтірген: ««Мәдине өзінің ең жақсы күйінде қалады, нәтижесінде иттер мен қасқырлар мешіттің діңгегіне немесе мінберге өз қажеттіліктерін өтейтін болады». Және де ол сұрайды: «Уа, Алла Елшісі, бұл уақыт нәтижесі кімге тиесілі болады?» Сонда ол: «Жабайы аңдарға»».
 
Ибн Касир былай көрсеткен:«Даджалды жеңгенінен кейін Ғиса, оған Алланың сәлемі болсын, қайтыс болып, оны Мәдинеге жерлеген соң,  біршама уақыттан кейін қала қаңырап, толықтай қараусыз қалады».
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков