Циклы Авторы Сортировка

64 дәріс. Елу бесінші кіші белгі. Мүміндердің жанын алатын жайлы желдің соғуы

3 620
25 февраля, 16
Сондай-ақ, кіші белгілерге өз екпінімен жер бетінде қалған мүміндердің жанын алатын жел жатады, ақыр соңында, жер бетінде «Алла, Алла», - деп айтатын ешкім қалмайды. Тек Қиямет күніне ілігетін, адамдардың нашарлары  ғана қалады.
 
 
 
Ән-Наууас ибн Самааннан жеткен ұзақ хадисте Дәжжалмен және басқа үлкен белгілермен байланысты жағдайлар баяндалады: «Алла Тағала олардың қолтықтарынан алатын жайлы жел жібергенде, әрбір мүмін мен мұсылманның жаны алынып, тек есектер сияқты қозатын, адамдардың нашарлары ғана қалатын болады. Тек солар ғана Қиямет күніне ұшырайтын болады» (Мүслім).
 
Ал осы жайттар Абдулла ибн Амрдан, оған Алла разы болсын, жеткен басқа  хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Алла Тағала Уруа ибн Масудке ұқсайтын Ғиса ибн Марьямды, оған Алланың сәлемі болсын, жібереді, сосын ол бұл дүниеден өтеді, ал адамдар жеті жыл бойы бейбіт өмір сүретіндіктен олардың арасында еш жаулық болмайды. Содан кейін Алла Тағала Шам жақтан салқын жел жібереді. Бүкіл жер бетінде титтей де иманы бар алынбаған жан қалмайды. Тіпті егер сендердің біреулерің тауға алыс кетсеңдер де, жел  [оны] сол жерден де алып кетер еді» (Мүслім).
 
Желдің өзіне келер болсақ, Әбу Хурайрадан, оған Алла разы болсын, жеткен басқа хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқаны келтірілген: «Расында, Алла Тағала желді Йеменнен соқтырады, сол жел жібектен де жұмсақ әрі жүрегінде түйірдей иманы бар бірде-бір адамның жанын алмай қоймайды» (Мүслім).
 
Бұл хадистерді біріктіретін екі нұсқа бар:
 
1. Әлде екі жел болады: біреуі – Шамнан, екіншісі – Йеменнен.
 
2. Әлде бұл екі жел бірігіп бір жел болып, бір ағынмен келіп мүміндерді алып кетеді (Шарх Сахих Мүслім).
 
Хадистерден бұл желдің келуі тікелей Қиямет күнінің келуіне таман пайда болатыны түсінікті болды: имам Махди мен Ғисаның келуінен соң, Дәжжал және Яджуж бен Маджуждың жойылғанынан кейін.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков