Циклы Авторы Сортировка

7 бөлім. Оның, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, пайғамбарлыққа дейінгі мұғжизалары

2 967
29 января, 16
Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, пайғамбарлығы басталғанға дейінгі құт-берекесі туралы
 
Алла Тағала оған сыйлаған құт-берекесінің бірінші көрінген кезі – Мұхаммедтің сүт анасы Халиманың жанұясында тұрған кезінде болған. Оның ол үйге келерден бұрын,  олардың жайылымдары кеуіп қалған әрі құнарсыз еді. Олармен тұра бастағаннан, олардың жануарларының желіндері сүтке толып келетін болған. Имам әл-Бусайри, оған Алланың рақымы болсын, ол жөнінде «Хамзийде» былай айтқан болатын:

Алла адамдарды бақыттыға бағындырғанда,
Олардың өздері де бақытты бола бастайды.

Содан кейін оның кеудесін жарып, жүрегінен сайтанның үлесі алынып тасталған болатын. Бұған таң қалудың қажеті жоқ. Расында, Алла Құдіретті. Кімге бұл оғаш болып көрінсе, ол Алла Тағаланың Құдіреттілігінен хабарсыз және аз ойланатын жан. Пайғамбарлар үшін әдеттегі дүниелер ретін бұзу – әлдебір ғаламат және нанғысыз нәрсе емес. 
 
Алланың көрсеткен басқа мейірімділігі Шамға сапары кезінде оған, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұлттарды бағындыруы еді. Олар ашық күнде оған  толығымен көлеңке түсірген, керуендегі басқа біреуіне де түсірмей, тек жалғыз оған ғана түсірген. Бұны Хадишаның құлы Майсара байқаған, ол сапарда Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, еріп жүрген. Бұл Хадишаға қатты ұнайды, әңгімеден кейін оны керемет болашақ күтіп тұрғанына көзі жетіп, оған құдаласады. Сондықтан да Мұхаммедке, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, уахи келе бастағанда, ол бірден оған сенеді. Оған басқа дәлелдер қажет емес еді, оған оның көркем мінезі мен оның кереметтері туралы айтылатын әңгімелер жеткілікті болатын. 
 
Сондай-ақ, тастар мен ағаштардың онымен амандасуы - оның кереметтерінен болған. Ол өз қажеттілігін өтемек болып үйлерден алыстап, таулар мен алқаптарға жасырынғанда, барлық тастар мен ағаштар былай айтатын болған: «Саған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, уа, Алла Елшісі!»[1] Ол жан-жағына қарайтын, бірақ айналасында ешкім болмайтын. Осы жайында оның өзі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтатын. 
 
Бұнда тұрған еш таңғаларлық нәрсе жоқ, өйткені Алла Тағала жансыз заттарды оған дейінгі пайғамбарларға да бағындырған. Мұсаның, оған Алланың сәлемі болсын, асатаяғы жыланға айналып Перғауынның сиқыршылары жасаған нәрсені жұтып алып, қайтадан асатаяқ бола қалған. Басқа бір кезде Мұса, оған Алланың сәлемі болсын, асатаяғымен тасты ұрғанда, тастан яһудилердің әрбір тайпасына бір-бірден он екі бұлақ көздері шыққан. Ақыл иелері олардың ұлы дәрежесі мен жоғары орындарын көрсін деп Алла Тағала басқа да пайғамбарларға да жансыз заттарды бағындырған.  
 
Таураттағы Пайғамбарымыз жайлы, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мәліметтер
 
Таурат Алладан Мұса пайғамбарға, оған Алланың сәлемі болсын, түскен. Онда өз заманына сай жаңа Заң (шариғат) болған. Тауратта келешекте келетін көптеген пайғамбарлар айтылып өткен.  
Солардың арасында – біздің сүйікті Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, туралы Алла Мұсаға, оған Алланың сәлемі болсын, хабарлаған:
 
«Мен сенің халқыңа туысқан елден саған ұқсас пайғамбар жіберемін, әрі оның аузына Сөз салып беремін. Және де ол Мен бұйырғанның бәрін жеткізетін болады. Менің атымнан айтылатын оның сөздеріне бағынбағандарды Мен қатты жазалаймын. Ал өркөкіректікпен Маған қарсы шығатын, Менің атымнан Менің бұйырмағандарымды айтатын немесе басқа Құдайдың атынан сөйлейтін  жалған пайғамбар өлтірілуі тиіс. Ал егер сен ақиқат пайғамбарды жалғаннан ажыратқың келсе, онда міне, саған белгі: егер пайғамбар Раббысының атынан бірнәрсе айтып, ол орындалмаса, онда ол өзін-өзі дәріптейтін жалған пайғамбар. Сондықтан одан қорықпа»[2].
 
Яһудилер бұл үзіндіде Мұсаның, оған Алланың сәлемі болсын, мұрагері Юша ибн Нун туралы сөз болып отыр деп айтқан. Сонымен бірге, Ғисаның, оған Алланың сәлемі болсын, заманында олар басқа пайғамбарды күткен, Ғисаны емес. Олар Иоан Шоқындырушыға (Яхьяға) барып, одан «Сен Илия емессің ба?» деп сұрайды[3]. Ол: «Жоқ», - деп жауап береді. Олар: «Сен Христоссың ба?» -дейді. Ол тағы да теріс жауап береді. Одан: «Сен пайғамбарсың ба?» -дегенде, ол тағы да: «жоқ», - деп жауап береді. Сонда олар: «Егер сен Илия да, Христос та, пайғамбар да болмасаң, неге онда шоқындырасың?!» -деп сұрайды. Бұл яһудилердің Таураттан Илия, Ғиса және Ғиса заманына дейін келмеген басқа пайғамбар туралы да білгендерін көрсетеді.
 
Сондай-ақ, Тауратта Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сипатталғанда  «Мұсаға ұқсас» деп айтылған. Ал «Второзаконие» соңында яһудилерде Мұсаға, оған Алланың сәлемі болсын, ұқсас пайғамбар болмаған деп анық айтылған.
 
[1] Бұл оқиға «ас-Сира әл-Халябийяда» келтірілген. Тастардың Алла Елшісімен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөйлесетіні жайлы хадистер аз емес. Осылай, имам Мүслім Пайғамбарымыздың былай айтқанын жеткізген: «Меккеде мен бір тасты білемін, ол менімен пайғамбарлық басталмай тұрып-ақ амандасатын…».
 
[2] Кітаптың авторы берілген үзінді «Второзакониенің» сегізінші тарауынан алынғанын көрсеткен. Алайда біз оны таба алмадық. Мүмкін, оқырмандардың біреуінің жолы болар.
 
[3] Иоанның Інжілі,  тарау 1, 19-25.
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков