Циклы Авторы Сортировка

7 бөлім. Шейх Шакык Балхының шайтанға қарсы келуі. Ыждаһат. Айла-әрекет. Шайтанға жауап. Дәрет алу. Өзге күбірлеулер. Күдіктер

3 688
14 марта, 16
Шейх Шакык Балхының шайтанға қарсы келуі
 
Жұма уағыздарының бірінде, «Фәләқ» және «Нас» сүрелерінің тақырыптарын қозғай отырып, мен  шейх Шакык Балхы, оған Алланың рақымы болсын, туралы айтып бердім. Ол расында да Аллаға жақын болған, солай болса да, Ібілістің оның өмірінде уәде етілген төрт жақтан келмеген бірде-бір күні болмағандығын айтқан. Шайтан қарапайым адамдарға қарағанда, Алланың достарын жолдан тайдыруға көп күшін салуға тырысады.

Мен шейх пен Шайтанның арасында болған әңгімені өз сөздеріммен айтып берейін. Шейх былай айтқан, Ібіліс (уәде еткендей) алдыңғы жақтан келіп, сыбырлайды:
 
– Аллаға бойсұнуға сонша неге мазаланасың? Неге күнәлардан сонша сақтанасың?.. Саған құдайға осыншама құлшылық ету неге қажет?.. Рахаттанып өмір сүр. Өйткені Алла Тағала  – Мейірімді, Жарылқаушы.
 
Айта кету керек, Ібіліс осы сияқты сөздерін көп адамдарға былай айтады:
 
– Тыңдашы, осыншама құлшылық, Алланы зікір ету, Құран оқу, тағы басқалары неге қажет? Бес уақыт намазға, зекет пен оразаға қатысты сонша ұқыпты болудың қажеті қанша? Ислам ережелерін сақтауда шамадан тыс қатаңдықтың қажеті қанша? Алла Тағала – Жарылқаушы, Мейірімді.
 
– Иә, – деп жауап береді шейх, – Алла Тағала Жарылқаушы әрі Мейірімді, бірақ бұл кімдерге қатысты екен? 
 
«Өйткені Мен, кім тәубе етіп, иман келтіріп, игілік істеп, тура жолда болса, әлбетте жарылқаймын» (20:82).
 
Кімде-кім шынайы тәуба етсе, жарылқау тілесе, Оған сенсе, жақсылық жасап, сонысына тұрақты болса, Алла Тағаланың Жарылқауы соларға болады.
 
Ыждаһат
 
Мәселе бұл дүниелік жетістіктерге қатысты болғанда, адам әрқашан таңдаған бағытына бар күін жұмсайды, ал содан кейін нәтижелерін күтеді. Осылайша, фермер алдымен жерді жыртып, оған дән себеді, суарады, ал сосын жемістің өніп шығуын күтеді. Фермер жай ғана дәндерді құрғақ жерге шаша салып, іргелікке отырып алып,  мол өнімді күткенін елестетудің өзі қиын. Мұндай жағдайда ол ештеме де алмайды.

Діни істерде де дұрыс бағытта қолайлы күш жұмсау қажет. Шынайы тәубе, кешірім сұрап жалбарыну және артынша жақсы амалдар жасау – міне осыдан соң біз Алла Тағаланың Жарылқауы мен Мейірімін күтеміз.
 
Айла-әрекет
 
Шайтанның айла-әрекеттері толассыз әрі іс жүзінде қыруар. Солардың бірі Алла Тағала – Жарылқаушы және Мейірімді деген ойға сендіру арқылы күнәға итермелеуі болып табылады. Бұл әдетте, адамның ислам қағидаларына селқос қарай бастауына әкеліп соғады және сенімді түрде Алла Тағалаға қасақана бойсұнудан қалдырады. Ал Алла Тағала қасиетті Құранда былай ескертеді:
 
 «…Сондай-ақ өте алдаушы ол, (шайтан да) Алла турасында алдамасын» (31:33).
 
 Ібіліс сізді адастырып, ал сіз Алла Тағала мені кешіріп, рақымшылық танытады деп сеніп,  күнә жасай бастауға жол бергізбеңіз.

Алла Тағала шындығында Жарылқаушы әрі Мейірімді, бірақ Ол – сондай-ақ, Азаптаушы да (әл-Мунтақым). Өзінің жақсылығымен, Ол біздің түзелуімізге және қайтадан бас июші болуымызға орасан зор мүмкіндіктер береді.  Бірақ егер біз қасарып күнә жасауды жалғастыра берсек, онда Оның Азабынан біз қашып құтыла алмаймыз.

Тіпті жауыз ниетімен, барлық шындық, өтірігімен бізді Алла Тағалаға бойсұнбау торына түсіретін Шайтанның өзі былай айтқан: «Алладан қорқамын. Алла қатты азап иесі» (8:48). Бұл бізге Алла – Жарылқаушы, Мейірімді деп сыбырлайтын жаратылыстың сөздері. Ойлануға жақсы азық.
 
Шайтанға жауап
 
Шейх Шакык Балхыға, оған Алланың рақымы болсын, Шайтанның сыбырлаулары төніп кеткенде, ол шайтанға жауап беру арқылы қарсы шабуылдаған. Кейбір кездерде әрекет ету керек. Кейде, сіз жалғыз болғанда (осы туралы мен сол әйелге айтқанмын), шайтан көрінбесе де, оған қаратып сөйлеңіз. Әлбетте, сіздің айналаңызда адамдар болғанда, мұны жасаудың қажеті жоқ, әйтпесе сізге психиатрдың шақырылуына кепілдік бар.  Сондықтан да жалғыз болғаныңызда, мезгіл-мезгіл сол шайтанмен сөйлесіп тұрыңыз. Ол сізді былай сендіргенде: 
 
– Сен мүшрік болдың, сен Алла Тағалаға сенбейсің.
 
– Мен мұсылманмын, – деп оған жауап беріңіз.
 
– Алла Тағаланың жалғыз екендігіне сенемін және біздің тәлімгеріміз Мұхаммедтің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Алланың соңғы елшісі екендігіне куәлік беремін.

Тағы бір адамдар санаты бар, шайтанның сыбырлауы олар дәрет алып жатқан кезде білінеді: олар ұзақ жуынады, бірақ сонда да мұны жеткілікті деп санамайды. Олар қолдарын жиырма, отыз, қырық рет жуады, бірақ қолдары әлі де жуылған жоқ деп ойлайды. 

Егер кіші дәрет алу кезінде, сіз қолыңызды үш рет жусаңыз, ал шайтан болса дегенінен таймай: «Сен қолдарыңды дұрыстап жуған жоқсың» немесе: «Сенің дәрет алғаның жарамсыз» - дей берсе, оған былай деп жауап беріңіз (егер қасыңызда адамдар болса, онда тек оймен жауап беріңіз):
 
– Жоқ. Бәрі дұрыс жасалды, мен намазға кеттім.
 
– Бірақ сенің намазың жарамсыз болады ғой, – деп күбірлейді шайтан.
 
– Тіпті егер солай болса да, ештеме етпейді, – деп жауап беріңіз: – мен сонда да намазға кеттім.
 
Сонда шайтанның ғайып болғанын көресіз. Бірақ егер сіз сәл-сәл шайтанға әлсіздік танытсаңыз, ол сізді көп әуреге салады.
 
Дәрет алу
 
Шайтан әртүрлі тәсілдермен әрекет етеді. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,дәрет алғанда дене мүшелерін үш реттен артық жууға тыйым салынғанын айтқан. Қол жуғыштың қасында тұрып алып, он реттен жуынатындар мынаны түсінуі керек, тіпті егер сіздер теңіздің жағасында болсаңыз да, дәрет алу кезінде үш реттен артық жуыну - мәкруһ (жазғырылады).

Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,осы ескертуінде біз сияқтыларға деген үлкен данышпандық пен қайырымдылық бар. Егер осы сөздер болмаса,  шайтан бізге дәрет алу толық орындалмады деп сыбырлап, ал біз намаз уақыты өтіп кеткенше жуынып тұра бере едік.

Имам Әбу Дауд, оған Алланың рақымы болсын, бір күні Абдулла бин Мугаффал, оған Алла разы болсын, өз ұлының Аллаға былай жалбарынып жатқанын естігенін айтқан:
 
– Иә, Алла, Жұмаққа кіргенде оның оң жағында болатын ақ сарайды Сенен сұраймын! Әкесі ұлына Алла Тағаладан тек Жұмақты сұрап, Тозақтан сақтауын өтін деп, Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,мынандай келесі сөздерін естігенін айтып береді:
 
«Менің үмметімде дәрет алу мен дұға жасауда шектен тыс кететін адамдар болады».
 
Тазарудағы шектен тыс кетудің төркіні - дәрет алу мен ғұсыл құйынуда дене мүшелерді Сүннетте көрсетілгендей үш реттен артық жуу, сондай-ақ, көп мөлшердегі суды пайдалану мен сыбырлаулар мен күмәндардың ықпалымен артық жуыну. Ал дұға жасаудағы шектен тыс кету – бұл Алла Тағаладан тыйым салынғандарды сұрау немесе дұға жасау тәсілінің тиісті әдепке қайшы келетіру. 
 
Өзге күбірлеулер
 
Кейде шайтанның айла-әрекеттері адамның әжетханада ұзақ отыруына әкеліп соғады, астын жууы лайықты түрде болмады деп санап, ол қайта-қайта жуа береді.

Ал кейде күмәндар тікелей намаз басталардың алдында пайда болады, шайтан:
 
– Сен ниет еткен жоқсың, –деп сыбырлайды.
 
Нәтижесінде имам рүкүғ жасап жатқанда адам әлі «ниет етіп» тұрады. Сондай-ақ, киімдерін он реттен жуатын адамдар да бар, сонда да олар киімдерін кір деп ойлады.

Мұндай күмәндар жас ерлі-зайыптылар жұбын да мазалайды, нәтижесінде олар міндетті ғұсыл құйынуды орындамай, сол себепті  ұдайы лас күйлерінде қала береді. 

Сүннетте көрсетілгендей бәрін жуыңыз да, күмәндарға ешбір көңіл бөлмеңіз. 
 
Күдіктер
 
Бір күні сахабалар, оларға Алла разы болсын, орманнан өтіп келе жатады. Олардың жолында тоған кезігеді. Олардың біреуі суға жануарлар келіп, оны өздерінің нәжістерімен былғауы мүмкін деп айтады. Омар мырза, оған Алла разы болсын, былай сұрайды:

– Біреулерің жануарларды көрдіңдер ме?
 
– Жоқ, – деген жауап болады.
 
– Онда дәрет ала беріңдер, – дейді ол.

Тағы да қайталап айтамын: шайтанның сыбырлап айтатын күдіктеріне көңіл бөлмеңдер.
АВТОР ЦИКЛА
Шайтани азғыруларды жеңу
Юнус Патель
Автор:
ЮНУС ПАТЕЛЬ
Мүфти
Список уроков