Циклы Авторы Сортировка

7 дәріс. 20 нақыл сөз

2 533
14 октября, 15
20. Өз шейхыңыздың еш нәрсесінен бас тартпаңыз.

Тасаууф жөніндегі кітаптардың көбінде берілгендей, ұстаздан береке алудың шарты - сенімділіктің болуы және оның кеңестері мен өсиеттерін қабылдау болып табылады.

Адамдар: «Егер шейх шариғатқа қарама-қайшы келетін жайларды айтса не істеу керек?» деген сияқты сондай-сондай сұрақтарды жиі қояды.

Біріншіден, расымен де оның сөздері шариғатқа қарсы ма, жоқ па, соның басын ашып алу керек, өйткені көптеген сұрақтарда факихтар ішінде келіспеушілік бар және де барлық келіспеушіліктер көпшілікке мәлім емес. 

Бұл мақаланың авторы мынандай оқиғаны басынан өткізген еді. Жаңа айдың басталуы математикалық әрі астрономиялық есептеулермен емес, жаңа туған айды көзбен көргенде ғана анықталатындығы жайлы ижмағ туралы мақала жазбақ ниетім болған.  Сол кезде, кейбір ұстаздарымның ықпалының арқасында әрі бұл сұрақтың жеткілікті зерттелмегенідігінен, маған осы пікір ең дұрыс көрінген еді.

Кейін бізге аса қадірлі шейх Саид Афанди, куддиса сирруху, астрономиялық есепке сай ораза тұтатындығы жөнінде хабар жетті.  Сонда кезде менің алдыма таңдау қойылған еді:  бұл мақаланы сол кезде қалыптасқан шариғатқа сай түсінігім бойынша жазу, әлде ұстаз пікірінің беделін түсірмес үшін үндемей қалу.

Тәжірибелі әрі кемеліне келген адамдар маған екіншісін жасауға кеңес берді, біраз уақыт өте мен имам ар-Рамли, рахимахуллахтың сөздерін таптым, оның сөздері аса қадірлі шейх Саид Афанди, куддиса сиррухудың іс-әрекетіне дәлме-дәл сәйкес келген еді.

Берілген мысал, басқа да ұқсас мысалдар сияқты мынандай фактіні қамтиды, көбінесе «шариғат пен ұстаз пікірі арасындағы» таңдау, білімнің әлсіздігінен, көп оқымағандықтан әрі нақты сұрақтарды үстірт үйренгендіктен туындайды.

Екіншіден, қайсыбір қорытындыға келер алдында, шейхтың сөз сөйлеудегі мән-мәтінін түсініп, оның сөздері тек жапылама сөйлем болғандығын, әлде олар бір нақты жағдаймен байланысты болғанын анықтау қажет. 

Бұған классикалық мысал — аса қадірлі шейх Саид Афанди, куддиса сиррухудың араб тілін білмейтіндігі  туралы сөздері.

Дағыстанның ваххабиттеры он жыл бойына шейхты осы себепті күлкі етіп келеді деп ойлаймын, себебі «олар аса қадірлі шейх шариғатта білімсіз, өйткені ол араб тілін білмейді»,  деген сөздерді айтады. 

Олардың бұл тұжырымдары нәпсілерімен байланысты қиындықтар бар екенін көрсетеді, өйткені әлемдегі мінсіз білімге таласушы адамдар, араб тілінен болсын не хадистен болсын, өзінің араб тілі деңгейін жеткіліксіз деп айтқан адамның сөзін дұрыс түсіне алмайтын халде.

Сондай-ақ, шейх нақ сөйлеу тілінің әлсіздігін тұспалдаған шығар, өйткені адам араб тілін араб елінен тыс жерде үйренсе, әрі тәжірибе жасауға мүмкіндігі болмаса, бұл тілде еркін сөйлей алмауы жиі кездеседі, соған қарамастан, ол осы тілдегі кітаптарды өте жақсы оқып әрі түсіне алады. 

Тіпті «Нұрлы білімдер қазынасы» кітабын ондағы әр кітаптардан алынған араб тіліндегі дәйексөздер мәтіннің өзінен басым болғанына қарамастаншапшаң оқып шыққандығы, шейхтың тілді білмеймін деген сөздерінің дұрыс  ұғынбағандығын аңғартар еді.  

Үшіншіден, тіпті шейхтың сөздеріндегі немесе кітаптарындағы кемшіліктер мен кемістіктерге қарамастан  біз оларға дұрыс қарап, дұрыс түсінуіміз қажет.

Мысал үшін, бір хадистің шейх кітабынан табылғандығына қарап, «олай болмаса шейх бұл хадисті келтірмес еді» - деген пайымдаудың себебімен ғана оныңсенімділігі немесе әлсіздігі, не тіпті ойдан шығарылғандығы жайлы айтуға  болмайды.

Бұндай тәсілдеме хадистер ғылымы ережелеріне сай үзілді-кесілді қабылданбайды. Бірақ басқа жағынан — кітапта ойдан шығарылған хдистердің бар болуы оны оқуға жарамсыз қылмайтынын түсіну керек, тіпті Ибн Маджанің «Сунанында» он шақты ойдан шығарылған хадистер бар, яғни жай ғана әлсіз емес, нақ ойдан шығарылғандар (мауду`), олар Бухари мен Муслимнен басқа барлық алты жинақтарда да бар.

Тәпсір жөніндегі белгілі кітаптарда да ойдан шығарылған хадстер жетіп артылады, ат-Табари немесе әл-Куртуби, сондай-ақ, шариғат  ғылымы туралы басқа да кітаптарда бар.  

Бүгінгі күнге дейін ешкім де олардың залалы туралы ойлауға батпаған және бұл кітаптарда ойдан шығарылған хадистердің бар болуынан оларды оқуға болмайды деп сендірмеген, немесе керісінше, ұлы әлімдер ойдан шығарылған хадистерді келтіре алмас деген себептен бұндай хадистерді анық деп санау керек деп айтпаған. 

Біз шариғат ережелері мен қағидаттарын елемеуімізге болмайды, бірақ өз бағамыз бен  түйінімізде шектен шықпай және жанкештілікке берілмей әр кез әділ болуымыз қажет.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков