Циклы Авторы Сортировка

7 дәріс. Екінші кіші белгі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озуы

4 524
16 февраля, 15
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озуы
 
Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озуы – Қиямет қайымның жақындауының бір белгісі.
 
Ауф ибн Мәліктен жеткен хадисте Пайғамбармыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қияметтің белгілерін айтып отырып: «Менің өлімім»,- деген. (Бұхари).
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озуы – біздің үмметке үлкен сынақ болды әрі ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден өткен соң үмметтің арасы жік- жік бола бастады.
 
Әнас ибн Мәлік былай дейді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мединеге кірген кезде ол айналасын нұрға бөлеген еді, ал өмірден озған күні айналысын түнертіп кетті». (Тирмизи)
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озуымен уахи да тоқтады. Әбу Бәкір мен Омар Умм Айманды зиярат етіп барғанда оның жылап отырғанын көреді. Сол кезде олар:

«Сені не нәрсе жылатты? Алла Елшісі үшін Алланың жанында болғаны жақсы емес пе?!» Сонда ол былай деп жауап берді: «Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алланың жанында жақсы екенін білмегендіктен емес, уахидың тоқтағаны үшін жылап отырмын». Осы кезде Омар мен Әбу Бәкір де қосыла жылаған екен. (Муслим).
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адами өліммен қайтыс болды, себебі барлық адам баласы өлім дәмін татады, ал бұл өмір – уақытша ғана тұрақ және бұл жерде ешкім мәңгі қала алмайды.
 
Ұлы Алла Тағала былай дейді:

وَمَا جَعَلْنَا لِبَشَرٍ مِّن قَبْلِكَ الْخُلْدَ ۖ أَفَإِن مِّتَّ فَهُمُ الْخَالِدُونَ ﴿٣٤﴾ كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ۗ وَنَبْلُوكُم بِالشَّرِّ وَالْخَيْرِ فِتْنَةً ۖ وَإِلَيْنَا تُرْجَعُونَ ﴿٣٥﴾

Мағынасы: «Сағанға дейінгі бір де бір адамға мәңгілік өмір берген жоқпыз. Егерде сен өлер болсаң, олардың барлығы мәңгі өмір сүреді деп ойлайсыңба? (34). Әр жан өлімнің дәмін татады. Біз сендерді жақсылық пен де жамандықпен де сынаймыз, кейіннен сендер Бізге қайтарыласыңдар»
 
Имам Қуртуби былай деген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі) өмірден озған соң уахи да тоқтады, пайғамбарлық та соңына жетті. Алғашқы зұлымдық пайда болды – арабтардың жолдан жаңылулары мен өзге де жамандықтар. Бұл жақсылықтың тоқтап, жамандақтың басталуы болды».  Сафия бинт Абдул-Муталлиб былай деген:
 
لعُمْرُكَ ما أَبْكي النبيَّ لفقدِهِ

«Ант етем, мен Пайғамбардың өмірден озғанына жылаған жоқпын...
 
و لكنَّ ما أَخشى من الهَرْجِ آتيا

…бірақ мен оның артынша болатын адам өлімдерінен қорқамын».

Осылайша мұсылмандар Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізбасары кім болуы керк деген мәселеде бөлініп кетті. Ансарлар өздерінің басшыларын ұсынды, бірақ Әбу Бәкір оларға: «Имамдар – құрайыш тайпасынан ғана болуы тиіс»,- деген хадис келтірген соң олар ант етті.
 
Бірақ осыдан соң ортаға Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) емес, Әлиді (оған Алла разы болсын) халифа болуы керек деген шииттер шықты. Бәлкім, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озуының өзі Қиямет сағатының жақындағының бір белгісі болып саналатын үмметтің жік- жікке бөлінуі шығар.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков