Циклы Авторы Сортировка

7 дәріс: Жәурабқа мәсіх тартқан сахабалар

1 911
24 декабря, 15
Жәурабқа мәсіх тартқан сахабалар
 
Имам Әбу Дәуід (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) жәурабқа мәсіх тартқан сахабалардың есімдерін атап көрсеткен:
 
1) Әли бин Әбу Тәліп (Алла одан разы болсын),

2) Ибн Масъуд (Алла одан разы болсын),

3) Әл Бара бин Азиб (Алла одан разы болсын),

4) Әнас бин Мәлік (Алла одан разы болсын),

5) Әбу Умама (Алла одан разы болсын),

6) Сахль бин Сад (Алла одан разы болсын),

7) Амр бин Хурайс (Алла одан разы болсын).
 
Ол сонымен қатар Омар бин әл Хаттаб пен Ибн Аббастың (Алла олардан разы болсын) жәурабқа мәсіх тартқандығы жайлы хадистер бар екендігін де жазған.[1]
 
Әлиден (Алла одан разы болсын) жеткен хадис үш түрлі тізбекпен келтіріледі.  Каъб бин Абдулладан жеткен бір тізбек «Мусанаф Абдурраззақ» және «Мусаннаф Ибн Әби Шәйбта» жазылған.[2] Имам Бухари (Алла оны рахыметіне алсын) оны «Ат Тарих әл кабир»[3] кітабында келтірген, ал Ибн Сад бұл тізбекті өзінің «Ат Табакат әл кубра» еңбегінде жазған. Халластан жеткен хадис (екінші) тізбегі «Мусаннаф Ибн Әби Шәйбта» қамтылған[4]. Амр бин Курайбтан жеткен хадис толық санадымен (үшінші тізбек) «Мусаннаф Ибн Әби Шәйбта» жазылған.[5]Ол сонымен қатар Ибн Әл Мунзирдің «Әл Аусат» еңбегінде келтірілген.[6]  Ал Халид ибн Саидтан жеткен тізбекке келер болсақ, ол Ибн Садтың «Ат Табакат әл кубра» еңбегінде жазылып жеткен.[7]
 
Ибн Масъудтан (Алла одан разы болсын) жеткен хадис имам Ат Табранидің «Әл Мужам әл кабир» еңбегінде жазылған.[8] Аллама Әл Хайсами (Алла оны рахыметіне алсын) бұл хадистің жеткізушілерін мықты, сенімді деп көрсеткен.[9]
 
Әл Барадан (Алла одан разы болсын) жеткен хадистің сәнады «Мусаннаф Абдурраззақ»[10]және «Мусаннаф Ибн Әби Шәйба»[11] еңбектерінде қамтылған.
 
Катададан жеткен Әнастың (Алла одан разы болсын) хадисі имам Ат-Табранидің «Мусаннаф Ибн Әби Шәйба»[12]және «Әл Мужам әл кабир»[13]еңбектерінде жазылған.  Әл Амашадан жеткен хадис болса имам Әл Байхакидің «Ас Сунан әл кубра»[14] кітабында келтіріледі. Азрак бин Кайстан жеткен хадис аллама Әл Дуләбидің «Әл Куна уәл асма»[15]және Ибн Әл Мунзираның «Әл Аусат»[16] еңбектерінде жазылған.
 
Әбу Умамадан (Алла Тағала оған разы болсын) жеткен хадис «Мусаннаф Ибн Әби Шәйбада» келтірілген.[17]
 
Сахлә бин Садтан (Алла Тағала оған разы болсын) жеткен хадис те «Мусаннаф Ибн Әби Шейба» еңбегінде жазылған.[18]
 
Ал Амр бин Хурайс (Алла Тағала оған разы болсын) жеткен хадиске келер болсақ, біз қарастырған хадис жинақтарының ешбірінен де оны таба алмадық.
 
Аллама Ибн әл Мунзир (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) келесі мына сахабалардың есімдерін қосады:
 
1) Аммар (Алла одан разы болсын),

2) Ұқба бин Амр Әбу Масъуд әл Ансари (Алла одан разы болсын),

3) Абдулла бин Омар (Алла одан разы болсын),

4) Биләл (Алла одан разы болсын),

5) Абдулла бин Әби Ауф (Алла одан разы болсын).
 
Бұл тізімнің ішінен біз тек Ұқба бин Амрдан (Әбу Масъуд әл Ансари) жеткен хадистердің сәнадтарын (тізбектерін) ғана таба алдық.  Бұл хадистің Халид бин Сад пен Хаммам бин Әл Харистен жеткен тізбектері «Мусаннаф Абдурраззақ»[19] пен «Мусаннаф Ибн Әби Шәйба»[20] еңбектерінде жазылған. Уасил Әл Ахдаб пен Ясир бин Амрдан жеткен тізбектері «Мусаннаф Ибн Әби Шәйбада» келтірілген.[21]
 
Имам Әбу Дәуід (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) Омардан (Алла одан разы болсын) жеткен хадиске сілтеме жасаған. Бұл хадисті «Мусаннаф Абдурраззақ»[22]және «Мусаннаф Ибн Әби Шейбадан»[23] табуға болады. Ол сонымен қатар Ар Рази (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) арқылы жеткізіліп, «Әл Жарх уат таъдил»[24] еңбегінде жазылған. Хадисті жеткізуші Жалләс бин Мұхаммед үшін ғұламалар бұл хадисті әлсіз деп есептейді.[25]
 
Жоғарыда жазылған деректерден анық түсінетініміз – сахабалар жәурабқа мәсіх тартты деген мәліметтің сенімді түрде дәлелденгендігі. Бұған көптеген ғұламалар былайша жауап береді:
 
1. Егер де мағынасы Құранда жазылған үкімге қарсы келетін болса, сахабалардың жасаған әрекеттері шариғаттың дәлелі бола алмайды. (Дәл осы мәселеде сахабалардың ісіне сүйенеміз деген кісілер тарауих намазының жиырма ракағат болатындығына және үш талақ айту үш талақ беруге тең екендігіне қарсы болатындары таң қалдырады).
 
2. Жоғарыда дәлелденгендей, жәураб деген сөздің астарында міндетті түрде жұқа шұлық мағынасы болуы шарт емес. Оның үстіне сахабалар мәсіх тартқан жәурабтар жұқа болды деп хадистердің ешбірінде айтылмаған. Ал расында, сахабалар мәсіх тартқан жәурабтардың қалың болғандығы жайында хадистерде келтірілген көптеген нұсқаулар бар. Сонымен, төменде жазылған жағдайларға назар аударалық:
 
a) «Мусаннаф Ибн Әби Шәйба»[26] еңбегінде жәураб мәсімен бірдей деп көрсеткен төмендегі сахабалардың есімдері келтірілген:

1) Ата (Алла Тағала оны рахыметіне алсын),

2) Нафи (Алла Тағала оны рахыметіне алсын),

3) Яхья әл Бука (Алла Тағала оны рахыметіне алсын),

4) Ибраһим ән  Нахаъи (Алла Тағала оны рахыметіне алсын).
 
Бұдан бөлек, Саид бин Әл Мусаяб пен Әл Хасан Әл Басри (Алла Тағала оларды рахыметіне алсын) былай деп көрсеткен:[27]
 
«Жәурабтарға мәсіх тартуға олар тек қалың болса ғана рұқсат етіледі».[28]
 
Бұл кісілер сахабалар мәсіх тартқан жәурабтарды өз көздерімен көрген. Сонымен қоса, Ибн Әби Шәйба (Алла оны рахыметіне алсын) жоғарыда жазылған үш кісінің сөздерімен бірге Ибн Омардың (Алла одан разы болсын) айтқан сөздерін келтірген:  «Жәурабқа мәсіх тарту мәсіге (хуфф) мәсіх тартумен бірдей».[29]
 
Сонымен қатар, Ад Дуләбидің[30] «Әл Куна уәл Асма» кітабында Әл Азрак бин Кайстан (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) жеткен хадис бар: «Мен Әнас бин Мәлік дәрет алған кезін көрдім: ол жүзі мен қолдарын жуды, басы мен жүннен жасалған жәурабтарына мәсіх тартты. Мен одан: «Сен жәурабқа  мәсіх тартасың ба?» деп сұрап едім, ол: «Бұл мәсілер (хуфф), тек жүннен жасалған», - деп жауап берді».
 
б) Жәурабтың мағынасы қалың жасалған шұлықтар деп қабылдасақ, біз барлық қайшылықтардан құтыламыз. Басқаша айтқанда, бұл Құранға, хадистерге және сахабалардың әрекеттеріне тура келеді.
 
Сахабалар мәсіх тартқан жәурабтар жұқа болды деген ешқандай нұсқау жоқ екендігіне аса мән беріп қарауымыз керек. Алдында жазылған дәлел-дәйектерді ескере отырып, олардың мәсіх жасаған жәурабтары қалың болғандығына анық көз жеткіземіз.
 
[1] «Сунан Әби Дәуід»  1/61
 
[2]  (1/188)
 
[3]  (7/ 224)
 
 
[4]  (1/188)
 
[5]  (1/188)
 
[6]  (1/362)
 
[7]  (6/241)
 
[8] (9/251)
 
[9]  «Мажма аз-заваид», 1/582
 
[10]    (1/200)
 
[11]    (1/188)
 
[12]    (1/188)
 
[13]    (1/244)
 
[14]    (1/285)
 
[15]    (2/561)
 
[16]    (1/462)
 
[17]    (1/188)
 
[18]    (1/188)
 
[19] (1/199, 200)
 
[20] (1/188)
 
[21] (1/188)
 
[22] (1/199)
 
[23] (1/188)
 
[24] (7/220)
 
[25] «Лисан әл-мизан», 2/13
 
[26]    154 (1/188)
 
[27] (قال ابن ابي شيبة حدثنا هشيم ، قال : أخبرنا يونس ، عن الحسن (ح) وشعبة ، عن قتادة ، عن سعيد بن المسيب ، والحسن أنهما قالا : يمسح على الجوربين إذا كانا صفيقين. (مصنف ابن أبي شيبة - (ج 1 / ص 188
 
[28] «Мусаннаф Ибн Әби Шәйба», 1/188
 
[29] «Мусаннаф Ибн Әби Шәйба», 1/188
 
[30] (2/561)
АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков