Циклы Авторы Сортировка

8 бөлім: Екінші шабуыл; Материалдық қамсыздандыру; Қызғаныш; Сақтандыру; Нөмірі үшінші шабуыл; Ғашықтардың жүректері; Құрбан және тәттілік;

4 066
16 марта, 16

Екінші шабуыл  

 

Шакык Балхы, оған Алланың рақымы болсын, «қарсы алдынан» жасалған шабуылдан соң шайтан оң жағынан шабуыл жасауға көшіп, былай сыбырлаған:

 – Өз табысың жөнінде халал мен харам туралы қанша қам жеуге болады? Одан да әйелің, балаларың мен немерелерің туралы қам жесең етті. Оларды қайыршы етіп қалдырғың келе ме? Аштықтан зардап шеккенін қалайсың ба?
 
Бұл адастырудың өзге тәсілі. Шайтан бізге былай сыбырлайды:  

– Мына тыйымдардың бәрімен өзіңді қашанғы шектемексің? Алға! Қаражат тап, жина, барлық тәсілдерді қолдан: халал, харам, қандай айырмашылығы бар? Күнелтуге ақша тап! Дүкеніңді неге күндізгі және кеш қарсаңындағы намаздарға жабасың? Бизнесің мұнан тек қана жапа шегеді, ал сен одан да жаман жапа шегесің.

Ол өзінің сыбырлауын жалғастыра береді:  

– Банк пайыздарына, құмар ойындарына, ұрланған ақшаға және басқаларға қатысты сондай қатал болудың қажеті жоқ. Егер ұрланған тауарды сатып алмасаң, оларды басқалар сатып алады да — пайда иек астынан кетеді. Ал егер бөтен біреудің мұра үлесін алып алмасаң,  онда пысықтау бір туысы табыла кетеді.

Егер тауарлар, ақша мен мүлік  заң бойынша адамға тиесілі болмаса, онда оны қанша қолына түсіріп алмақ болса да, оған былай жауап беру қажет: 

– Жоқ, егер Құран мен хадистер бойынша бұл маған тиесілі болмаса, ондайға ие болғаннан маған еш игілік болмайды. Менің өмірім ауыртпалықтарға айналып кетеді және Алла Тағала бұл ақша қалай да болса менен кетіп қалардай етіп жасайды. Шакык Балхы, оған Алланың рақымы болсын, мұндай кездерде шайтанға Құран сөздерімен жауап бергенін айтқан:

«Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға ғана тән» (11:6).
 
Бізге алуға бұйырылғандар, тек Алла Тағаланың толықтай бақылауында.  Ол жер бетіндегі әр жәндіктің қорегін Өзім беремін деп айтқан. Алла Тағала адамдар мен жануарларды жаратып қана қоймай, олардың әрқайсысының қорегін де бұйырып қойған.  Алланың берген материалдық қамсыздандыруын алуға ештеңе де кедергі келтіре алмайды.

Бар талап етілетіні, – күн көру үшін Алла Тағала жаратқан рұқсат етілген тәсілдерді пайдалану. Сонда Алланың берген материалдық қамсыздандыруы болады.  
 
Материалдық қамсыздандыру
 
Егер ақыл-парасаты тең екі адамды алып, оларға бірдей мөлшерде ақша беріп, екеуіне де базардан ең жақсы орын мен тең сападағы бірдей тауар беріп, бір айдан соң: «Табыстарың қалай?» - деп сұрар болсақ, тіпті екеуінің жұмыс істеген сағат сандарына қарамастан, олардың нәтижелері әртүрлі болатынын көреміз. Тіпті түсім немесе пайда, екіншісіне қарағанда, екеуінің бірінде төрт есе аз болуы мүмкін.

Үндістанда, Пәкістанда және көптеген басқа да елдерде жиырма-отыздан бір сызықтың бойында тұрып, бірдей тауарлар сатып тұрған (тарақтар, орамалдар, пышақтар, түймелер және т.б.) жаймаларды көруге болады. Әрбір жайманы кім қамтамасыз етеді? Алла Тағала.

Онда әлдекімге қызғаныш танытудың не қажеті бар? 
 
Қызғаныш
 
Олардың дүкендеріне көршілес дәл сондай тауарлары бар жайма пайда бола қалса, қызғаныш оты оянатын талай адамдар бар. Олардың пайымдауынша, бұл олардың саудасына жағымсыз әсер етеді.

Қызғаныш, қастық, зұлымдықтың бәрі өсіп — нәтижесінде өзге ретте араздыққа, төбелеске, тіпті атысқа, сиқырлауға және т.б. әкеліп соғады. Материалдық молшылықтың жоғалу қорқынышын шайтан сізге сыбырлап айтып келгенде, оған былай жауап беріңіз:

– Алла Тағала менің материалдық молшылығымды бұйырып қойған. Осы жолда менен тек қана тиісті жігер ғана талап етіледі. Алла Тағала маған қол-аяқтарымды және сана берген. Мен базарға барып, өзіме адал қорек тауып жеуім үшін күш салуым қажет, сонда Алла Тағала Өзі маған жазып қойғанын береді. Пайғамбарымыз Мұхаммад, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан:

 – Алла маған мынандай ақиқатты ашты, ешкімде өзіне бұйырылған материалдық қамсыздандыруды алмай, өлмейді, тіпті егер ол оған кешеуілдеп келсе де. Ал осылай болса, онда өзіңді Аллаға бойсұнбаушылықтан сақта және күн көру үшін ұстамдылық шекарасынан асып кетпе. Және егер оларды алуда кідіріс болып жатса, тыйым салынған амалдармен іздеуге тырыспаңыз, өйткені Алла беретін дүниелерді тек қана бойсұну арқылы ғана қол жеткізуге болады.
 
Сақтандыру
 
Егер шайтан сізді ұрлыққа, өсімқорлыққа, құмар ойындары мен алаяқтыққа еліктіре алмаса, онда  ол басқа айла-әрекетке жүгінеді:
 
– Өзіңді және  мүлкіңді сақтандыру керек, келешекте не боларын кім біледі. Сақтандыру тәсімдері қазіргі кезде елестетуге болар нәрсенің бәріне де таралған: көлік пен үй, өмір мен өлім және т.б.
Бізге осы тәсімдерге сондай ізетті иландырғаны соншалықты, нәтижесінде біз осы тұзаққа түсеміз. Ең сорақысы, бізге осыдан бір игілік болар деп пайымдауымыздан — біз бұл тыйым салынған әрекетті жасаймыз. 

Бірақ адам елестетуге болар нәрселердің бәрінен өзін сақтандырса да оның жаны жай таппайды. Керісінше, үрейі үдейе түседі.  Жер бетінде өлімнен өздерін сақтандырып, енді өздерінің мұрагерлерінің қолынан қаза табуға қорқып жүрген қаншама адамдар бар! Тіпті сақтандырылған соманы алу үшін ата-аналарын о дүниеге аттандырып жатқан мұсылмандардың да оқиғалары бар.
 
Нөмірі үшінші шабуыл
 
Шейх Шакык Балхы, оған Алланың рақымы болсын, сондай-ақ, шайтанның үшінші жасаған шабуылы туралы айтқан, оған сол жағынан келіп, оның жанына былай деп сыбырлаған:
 
– Тыңдашы, басқалар рахаттанып жүрген күнәлардың ләззатын алудан қашанғы бас тартпақсың?   Көптеген ұстамды немесе түзелген адамдарға шайтан осыған ұқсас ойлармен келеді:

– Адамдар киноға, театрға, клубтарға, концерттерге барады, өмірден рахат алады, ал сен неге отырсың?

Адамдар әртүрлі арам музыканы тыңдайды, өзінің жастық шағын, денсаулығы мен күшін күнәлі әрі тыйым салынған ойын-сауыққа жұмсайды, бірақ қоғамның қағидасы болып кеткен, қоршаған ортаның ессіздігімен, кемістіктерімен келіспейтін адам бар және енді оны адамгершілікті деп санайды. Азғыру қандай күшті болмаса да, ол мұндай тыйым салынған әрекеттерден бойын аулақ ұстайды, ал шайтан болса былай сыбырлайды:

– Бері қарашы, сен өзіңді бір сопы сияқты ұстайсың: көздеріңді түсіріп, құлақтарыңды жабасың. Сен, не, космоста өмір сүресің бе? Бүкіл өмірің қасыңнан өтіп барады: зерігу, еш рахат жоқ. Кәне, қозғал, өмірден рахат ал.

Мұнысына шейх Құран сөздерімен жауап берген:

«Ал енді кім, Раббыны; алдына тұрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса, Негізінде оның барар жері жұмақ» (79:40-41).

Мұндай адам өзіне келер кесірлі құштарлықтан шектейді. Иә, ол – адам. Оның да құштарлығы бар.  Ол темір, не болаттан емес. Ағаштан да, көмірден де емес. Оның да жүрегі бар.
 
Ғашықтардың жүректері
 
Алла Тағаланы сүйетіндердің жүректері шынайы сүйіспеншілікке толы.  Сол себепті де олар сұлулыққа және олардың жүректерін сүйсіндіретін барлық нәрсеге аса сезімтал келеді. Соған қарамастан олар өздерін төзімді ұстайды, тіпті бір секундке болса да өздерінің сүйікті Жаратушысына бойсұнбаушылық танытуға ерік бермейді. Сол үшін Алла Тағала олардың жүректерін толтыратын сенімнің тәттілігі мен мұхиттай нұр сыйлайды.

Олар өздерін тыйып ұстайды және Алла Тағаланың разылығы үшін осы кесірлі құштарлықтарды құрбан ете, өз жүректерін жаралайды. Жаратушының Сүйіспеншілік семсері олардың кесірлі құштарлықтарының мойнын біржола шапқан.  Негізінде, осы Сүйіспеншілік осындай құрбандықты, олар үшін тіпті жағымды еткен.
 
Сүйіспеншілікті таңдағандар үшін оның жолы қауіпті:
Жүрек те, жан да — қан болып езіледі.
Өте оңай да жеңіл деп ойламаңыз
Сүйіспеншілік тауары адамдарға жолда беріледі.
Көз жас пен күреске толы бұл жол,
Достым, көп құрбандыққа дайын бол,
Сүйіспеншілік мұхиты тағдырмен-ақ тексерілген,
Қан аралас толқындар, балаша емес лайланған.
 
Біздің жүректеріміз, біздің кесірлі құштарлық қанымен алқызыл болмайынша, бізге Алла Тағалаға жақындау жоқ.  Өзінің жанының кесірлі ұмтылыстарын құптау арқылы жақын болған, Алланың ешбір досы жоқ.
 
Құрбан және тәттілік
 

Алла Тағала дәмін құрбан болуға дайындарға уәде еткен. Ер адам сұлу әйелге көз салуға азғырылса немесе әйел адам сұлу еркекке қарағысы келсе, бұл олардың нәпсілерінің талабы, бірақ олар осы кесірлі қалауларын құрбан етеді. Адамның алдында киножұлдыз, танымал спортшы немесе тіпті «Әлем миссы» болса да ол: «Алла маған разы болмайды», – деп көздерін түсіреді. Алла Тағала жаралы жүректі көріп, бұл құрбандқты бағалап, жомарт түрде жауап береді, жүректі тәттілікке толтырады. Алланың уәдесі осындай.

Хадисте Жаратушының келесі сөздері келтірілген:
 

«Шынында, кесірлі көзқарас – бұл Шайтанның улы оқтарының бірі. Кімде-кім Менен қорықса, одан тоқтатылады, Менен өз жүрегінде сезетін сондай сенім мен тәттілікті алады».
 
Ондай тәттілік расымен де бар, оған қол жеткізетіндер Алла Тағала разылығы үшін өз жүректерін құрбан еткендер. Бұл Алла Тағалаға деген қысқа да түзу жол, әсіресе қазіргі азған заманда. Егер сіз бизнеспен немесе басқа мамандықпен айналыссаңыз да, кейде қарама-қарсы жынысқа көз тастау қажеттілігі туындайды, бұндай кезде тәубеге келіп, Алладан жарылқау сұраңыз. Ал егер ондай қажеттілік болмаса, онда барлық жерде көздеріңізді түсіріп жүріңіз – мектепте, институтта, дүкендерде, әуежайларда және өзге жерлерде, сонда біз иманның тәттілігін сеземіз. Әлбетте, бұл осындай құрбан үшін жүрек ауыртар мұң мен жан ауруын әкеледі… бірақ Сүйіспеншілік жолы осындай.
 
Сонда біз Аллаға жақын болдық,
Өз күнәларымызды тастағанда,
Жан ауруы мен мұңды берген
Бұл дүние сұлулығынан бас тартқанда.

Адам өзін-өзі ұстайды, өйткені ол Қиямет күні Алла Тағаланың алдына барып, өзінің барлық істеріне жауап беретінін біледі (және егер Алла Тағала азапқа салуды шешсе, оны одан ешкім де құтқара алмайды). Осындай шыдамдылығы үшін Алла Тағала адамды ең жоғары рахат орны - Жұмаққа кіргізеді.
АВТОР ЦИКЛА
Шайтани азғыруларды жеңу
Юнус Патель
Автор:
ЮНУС ПАТЕЛЬ
Мүфти
Список уроков