Циклы Авторы Сортировка

8 бөлім. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, туралы Тәураттағы мәліметтер

3 349
5 февраля, 16
Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, туралы Тәураттағы хабарламалар (2 бөлім)
 
Сондай-ақ, берілген үзіндіде былай айтылған, кімде-кім Аллаға жала жапса, өлтірілуі тиіс. Бұл Құрандағы «Хаққа» сүресінде айтылғанға өте ұқсас:
 
وَلَوْ تَقَوَّلَ عَلَيْنَا بَعْضَ الْأَقَاوِيلِ﴿٤٤﴾ لَأَخَذْنَا مِنْهُ بِالْيَمِينِ ﴿٤٥﴾ ثُمَّ لَقَطَعْنَا مِنْهُ الْوَتِينَ

Мағынасы: «Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; Әрине оның оң жағынан қолға алар едік; Сосын оның күре тамырын кесер едік» (69:44–46).
 
Ал біздің Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, он үш жыл жауыз дұшпандардың, пұтқа табынушылар мен яһудилердің арасында тұрып, оларды Аллаға шақырған. Және де Алла Тағала оны қорғап, «Мәида» сүресіндегі мына аятты оған жұбаныш ретінде түсірген:
 
وَاللَّـهُ يَعْصِمُكَ مِنَ النَّاسِ

Мағынасы: «Алла сені адамдардан қорғайды» (5:67).
 
Алла Тағала Оның айтпағандарын Оған қосып қоятындарды жазалай алмай ма?! Алла «Шура» сүресінде былай айтады:
 
أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّـهِ كَذِبًا فَإِن يَشَإِ اللَّـهُ يَخْتِمْ عَلَىٰ قَلْبِكَ وَيَمْحُ اللَّـهُ الْبَاطِلَ وَيُحِقُّ الْحَقَّ بِكَلِمَاتِهِ إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
 
Мағынасы: «(Мұхаммед Ғ.С. олар сені): “Аллаға өтірік жала қойды” дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өз сөздерімен шындықты шынға шығарады. Өйткені Ол, жүректегілерді толық біледі» (42:24).
 
Тәураттан алынған бұл хабарламада тағы да ақиқат пайғамбарды жалған пайғамбардан ажырататын басқа белгі туралы да айтылады. Бұл болашақты білу.  Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көп рет болар оқиғалар туралы айтқан және әр кез бәрі де дәл оның айтқанындай болып отырған. Солардың ішінде күн ілгері білу мүмкін емес оқиғалар болған, мысалы үшін, тас-талқан болып парсылардан жеңіліп, нәтижесінде Византия иимпериясының астанасы Константинополь басып алына жаздаған кездегі византиялықтардың жеңісі болатын. Сондықтан  да византиялықтар жауды бірнеше жылдан кейін жеңеді деген хабарлама Алладан келген сырдың ашылуынан басқа болуы мүмкін емес. Бұл хабарламаның пұтқа табынушы-құрайыштарды таңғалдырғаны сондай, олар Әбу Бәкір Сыддықпен, оған Алла разы болсын, жанталаса бәс тігіседі.  Кейін болжанған нәрсе іске асқанда, ас-Сыддық бәсті ұтып шығады. Бұл көп жағдайдағы тек бір-ақ мысал. Соңыра, Алланың қалауымен, біз бұл туралы толығырақ айтып береміз.
 
Кады ꞌИяд «аш-Шифада» Ата ибн Яссардың Абдулла ибн Амр ибн әл-Асадан Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қасиеттері туралы сұрағанын келтірген. Ол былай жауап берген: «Алламен ант етемін, ол Тәуратта Құранда сипатталған кейбір қасиеттерімен баяндалған:
 
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ شَاهِدًا وَمُبَشِّرًا وَنَذِيرًا

(Мағынасы: «Әй Пайғамбар! Сөз жоқ, сен бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік)»[1].
 
«...және де сауатсыздардың қорғаушысы[2]. Сен – Менің құлым әрі Менің елшімсің. Мен сені әл-Мутауаккил[3] деп атадым. Ол қатал да, дөрекі де емес, базарларда айғайламайды. Ол зұлымдыққа зұлымдықпен жауап бермейді, кешіреді әрі аяйды.  Адасқан халықты: «Алладан басқа құдай жоқ», - деп айтқызбағанша, соқырлар көрмегенше, саңыраулар естімегенше, ұйқыдағы жүректер оянбағанша, Алла оның жанын алмайды»»[4].
 
Осыған ұқсас риуаят Абдулла ибн Салямадан[5], оған Алла разы болсын, жеткен, ал ол болса яһудилер басшыларының бірі болған, бірақ бұл оның ақиқат дінді қабылдауына кедергі келтірмеді. Бұл Каꞌба әл-Ахбарға[6] да қатысты.
 
Бұл хадистің басқа нұсқаларында былай айтылады: «…базарларда айғайламайды, боғауызданбайды. Мен оны барлық көркемдікке бағыттаймын, оған адамгершілік қасиеттердің ең үздіктерін сыйлаймын. Мен тыныштықты  оның киім-кешегі, ал тақуалықты оның белгісі етемін.  Оның жанында - тақуалық, сөзінде - данышпандық, оның жаратылысы — шыншылдық пен уәдеге беріктігі, оның мінезі – кешірім мен игілік, оның өмірі – әділеттілік, оның Шариғаты – ақиқат.  Оның алдында – ақиқат жол. Оның қауымы – Ислам. Оның аты Ахмад. Оның көмегімен Мен адамдарды адасудан кейін түзу жолға бастаймын, надандықтан кейін үйретемін, ұмытылғаннан кейін биіктетемін, беймәлімділіктен кейін танымал етемін, саны аздықтан кейін олардың санын арттырамын, кедейліктен соң байытамын, басы бірікпеушіліктен соң біріктіремін. Ол арқылы Мен бұрында  бір-біріне жат болған жүректерді, әртүрлі мақсаттарды, түрлі халықтарды біріктіріп жинаймын. Мен оның қауымын адамдар қауымының ең жақсысы етемін».
 
Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның Тәураттағы сипатын жеткізген. Және де әлемдегі ең шыншыл әрі адал адам оны бізге дейін жеткізген: «Менің таңдаулы құлым Ахмад Меккеде туады және Мәдинеге қоныс аударады — немесе ол айтқандай «Тайба». Оның қауымы Алланы кез-келген күйінде молынан мадақтайды»[7].
 
[1] «Ахзаб» сүресі, 45 аят.
 
[2] Бұл жерде сол кезде Кітаптары болмаған арабтар мен басқа халықтар тұспалданып отыр. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оларға Шариғатты берді, сол арқылы бұл дүние мен мәңгілік дүниенің барлық жамандықтарынан қорғаған.
 
[3] Бар жағынан Аллаға тәуекел етуші.
 
[4] Әл-Бұхари келтірген.
 
[5] Исламға дейін оның аты әл-Хусайн болған, Абдулла деген атты Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, берген. Мәдинеде яһуди ғалымы болған. 25 хадис жеткізген. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,  оның көзі тірісінде-ақ оны Жұмақпен қуантқан. Мәдинеде хижра бойынша 43 жылы қайтыс болған.
 
[6] Танымал табиғин. Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заманында өмір сүрген, бірақ оны көрмеген. Исламға дейін яһуди болған және Йеменде тұрған. Исламды Әбу Бәкірдің билік еткен кезеңінде қабылдаған. Омардың сахабасы болған, одан ең көп хабарламаларды жеткізген. Хомсада тұрған, сол жерде хижра бойынша 32 жылы қайтыс болған.
 
[7] Әл-Байхакы  «Даляил ән-нубуввада» келтірген.
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков