Циклы Авторы Сортировка

8 дәріс. 21-24 нақыл сөздер

3 429
17 октября, 15
21. Ұстаз қателігі сенің дұрыстығыңнан да жақсы.

Бұл сөздер рухани тәлімгерлердің күнәдән пәк еместігін әрі қателіктен қорғанбағанын көрсетеді және де бұндай сенімділікті пайғамбарлардан басқа ешкімге қолдануға болмайды.

Алайда, рухани тәлімгерлер шүбәсіз бір қасиетке ие — ол іс-әрекеттерінің адалдығы. Тіпті де, егер бір нақты сұрақта олар қате жіберер немесе дұрыс емес пікірге ілесер болса да, олардың ниеттерінің негізінде Алланың разылығын алуға деген ұмтылыс жатыр.

Біздің көп бағаларымыз бен пайымдауларымыз Шариғат жағынан салыстыра тексерілген болса да, адалдықтан ада болуы мүмкін және де жүректің шынайы ауырғанынан гөрі,  олар көп жағдайда тек теориялық пікірталас болып келеді.  

22. Шынайы муридтің белгісіне өз шейхының барлық іс-әрекетіне деген махаббаты жатады. 
 
Сулюктің рухани жолдағы сәттілігінің маңызды шарттарының бірі  — шәкірт жүрегін ұстаз берекетіне жақындататын рухани ұстазға деген махаббат.

Тасаууф кітаптарында айтылғандай, бұндай адал махаббатсыз тәлімгерден рухани пайда алу мүмкін емес.

Сондықтан салик тәлімгер таңдау ісіне мұқият көңіл бөліп, тәлімгермен рухани байланыс оның үйреткендерінің тысында, дәлірек айтар болсық, шынай ықыласқа негізделген сезім мен эмоциялардың аясында жатқандығын түсінуі керек. Адалдық, өз кезегінде, осы жолдағы басты мақсат болып табылады.

23. Салик әрдайым өз шейхымен байланысып тұруы қажет.
 
Кез-келген мұсылман, әсіресе шариғат білімін оқып жатқан студент үшін, өзініе рухани тәлімгер етіп  ақыл-кеңес пен рухани қолдау беретін, пайымдауларын оның пікірімен салыстыра алатын, өзінің мәлімдемелерін соған еліктей отырып әрі терең ойлана жасайтын тірі беделді тұлғаның бар екенін түсініп әрі сезінуі өте маңызды.

24. Үнсіздік жемісі — табыс.

Имам әл-Ғазали, рахимахуллах, өзінің бір кітабында: «Егер адам игілік жасай алмаса, онда  жағымсыз қылық жасамауға ден қойсын» -деп жазған.

Бұндағы табыстың кілті — үнсіздік. Егер, мысал үшін, намаз оқымайтын, бірақ зинадан, ішімдік ішуден және басқа да күнәлардан бойын аулақ ұстайтын орта статистикалық мұсылманды қарастырар болсақ, оның күнәларының басым көпшілігі оның тілінен болады.

Өкінішке орай, өсек пен ғайбат мұсылман қоғамына қалыпты болып кеткені сонша, оларды байқаудан мүлде қалған, тіпті діни орта да бүгін осындай ауыр күнәға батқан.

Күнә - тек ғайбат айту ғана емес, сондай күнә жасалып жатқан ортада болудың өзі де осы күнәға жататынын есте сақтау қажет.
Алайда шайтан бұған ұқсас әңгімелерді безендіріп, өсекті адамдарға көріктендіретіні соншалық, олар уақыттарын сөз қылуға және өз бауырларының «етін жеуге» жіберуге дайын болады. Соңында бұл бауырлық дәнекердің және адамдар арасындағы достықтың бұзылуына әкеліп соғады.  Сондай-ақ, сіздің көзіңізше басқа адамды жамандайтын адам, сізді де басқалардың көзінше жамандайтынын мұқият есте сақтау қажет.

Бұл күнәнің кесірлі екенін түсіндіретін ең жақсы тәсіл — азғырынды пайда болған сайын оған берілмей, сөз қылып жатқан адамның орнына өзіңізді қою, немесе ол адам сіздің әңгімеңізді естіп тұр деп елестету. 

Үлкен топтардан, жиындардан бойды алыс салып жүру керек, өйткені ондай жерлерде жиналғандарды осы немесе басқа күнәға батыратын адамдар болады.

Имам әл-Ғазали айтады: «...егер адам тілімен осы немесе басқа күнәні жасаудан қорықса, онда  күнәға батуға мүмкіндік тудыратын жерлер мен кездесулерден сақтанып жүруі керек».

Осы себептен де, ән-Нәуауи және басқалар сияқты көптеген ұлы ғалымдар мен тақуалар өз уақыттарының көп бөлігін  адамдардан алыста, жалғыздықта өткізетін, соның арқасында олар бүгінгі күні бізге жеткен үлкен мұраларды қалдыра алған.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков