Циклы Авторы Сортировка

8 дәріс: Төрт мәзһаб бойынша жәурабқа мәсіх тартудың шарттары мен ережелері: Ханафи мәзһабы

2 190
28 декабря, 15
Төрт мәзһаб бойынша жәурабқа мәсіх тартудың шарттары мен ережелері: Ханафи мәзһабы
 
 
 
Ханафи мәзһабы бойынша ережелер мынадай:
 
1) Егер шұлықтар мужалләд (терімен қапталған) немесе мунаъәл (ұлтаны теріден жасалған) болса, оларға мәсіх тартуға рұқсат етілгенге ешқандай қайшы пікірлер жоқ. (Назар аударыңыз: егер шұлық жұқа болса, оған мәсіх тартуға болмайды, тіпті шұлық мунаъәл болса да. Бұл сұраққа байланысты толығырақ мәліметті «Имдад әл Муфтин»[1] еңбегін қараңыз).
 
2) Егер шұлық мужалләд та, мунаъәл да болмаса әрі су ішіне өтетіндей жұқа болса, ғұламалардың ортақ пікіріне байланысты оған мәсіх тартуға рұқсат етілмейді.
 
3) Егер шұлық қалың болса (хуффтардың шарттарына сай болатындай), онда Әбу Ханифаның (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) (алғашқы) үкімі бойынша мұндай шұлықтарға мәсіх тартуға болмайды. Алайда имам Әбу Йусуф пен имам Мұхаммед (Алла Тағала оларды рахыметіне алсын) қалың шұлықтарға мәсіх тартуға болады деген. Имам Әбу Ханифаның (Алла оны рахыметіне алсын) алғашқы үкімінде қалың шұлықтарға мәсіх тартуға рұқсат етпегендігіне қарамастан, көптеген кітаптарда ол өмірден озар алдында үш күн бұрын бұл пікірінен қайтқан деп жазылған.  Сондықтан ханафи мәзһабының үш имамдары арасында қалың жәурабтарға мәсіх тартуға болады деп пәтуа жасалған.[2]

Егер осы аталған шарттардың біреуі болмайтын болса, мұндай шұлықтарға мәсіх тартуға рұқсат етілмейді.[3]
 
Бұл айтылған жағдай «Әл Мухит әл Бурхани» еңбегінде керемет етіп түсіндіріліп жазылған:[4]
 
«Шамс әл Аиммах Әл Хәлуәни (Алла Тағала одан разы болсын) «Шарх Китаб ас Саләт» кітабында жазған: «Жәурабтардың бірнеше түрлері болады:
 
1) кейбіреулері иірілген жіп пен жүннен,

2) басқалары тек иірілген жіптен,

3) кейбірі теріден жасалған,

4) кейбіреулері болса аңдардың түктерінен(жүндерінен), ал басқасы жұқа теріден,

5) ал кейбіреулері кирбастан (қатты мақта) жасалған.
 
Біріншісіне келер болсақ: барлық ғұламалар оған мәсіх тартуға болмайды деп бірауыздан айтқан.
 
Екінші түрін айтар болсақ: егер олар жұқа болса, оған мәсіх тартуға болмайды және бұл бірауыздан келісілген пікір. Егер шұлықтар қалың, қатты және ешнәрсе көрінбейтіндей тобықтарды жауып тұратын, Мәруа тұрғындарының жәурабтары сияқты болса, Әбу Ханифаның (Алла одан разы болсын) пікіріне сүйенсек, оларға мәсіх тартуға болмайды, ал егер олар терімен қапталған немесе ұлтаны теріден жасалған болса, ол басқа. Екі ғұламаның (имам Әбу Йусуф пен имам Мұхаммед) пікірі бойынша рұқсат етіледі.
 
Ал шұлықтардың үшінші түріне тоқталсақ, «Ән Нәуәдир» еңбегінде оларға мәсіх тартуға болмайтындығы жазылған. Адам оны киіп, бірнеше миль немесе тіпті бір миль жерді жүріп өтуге шыдайтындай берік шұлықтар болса, бұлар да (жоғарыда айтылған) имам Әбу Ханифа мен оның жолын ұстанушы екі имамның пікірлеріндегі айырмашылықтарға қамтылып кететіндігі де сол еңбекте айтылған.
 
Шұлықтардың төртінші түрі болса, имам Әбу Ханифаның сөздеріне сүйенсек, мұндай шұлықтарға мәсіх тартуға рұқсат етіледі. Бірақ қазіргі заманғы ғұламалардың айтуынша, бұл шұлықтардың үкімі  жоғарғыдағы екі түрлі пікірге келіп тіреледі.
 
Шұлықтардың бесінші түріне келсек, олардың қандай болғанына қарамастан, үстіне мәсіх тартуға рұқсат етілмейді».[5]
 
Тағы да айтып өту керек жағдаят: «қалың» деген сөздің мағынасында алдында жауап жазылғандай, хуфф (мәсі) шарттары орындалуы керек. Бұл дегеніміз – жәурабтар мынадай ерекшеліктерге тән болуы шарт:
 
1) Олар екі тобықты түгелдей жауып тұруы керек,

2) Адам оларды киіп, үш миль қашықтық жерді жүріп өтуіне шыдамды әрі оның үстіне жыртылмайтындай мықты болуы тиіс,

3) Әрбір шұлықта үш кіші саусақтың көлемінен үлкен тесік болмауы керек,

4) Шұлық аяққа байланбастан я болмаса тағылмастан өздігінен киіліп тұруы қажет.

5) Сонымен қатар, су ішіне кіріп кетпейтіндей болуы керек.
 
Төмендегі түсіндірмеде осы шарттар анық түрде жазылған дәйексөз келтірілген.[6]
 
[1] (253-260)
 
[2] «Бадаъи ас-санаъи» (1/83), «Әл-Бахр ар-раик» (1/182), «Хашия ат-Тахтави алә әл-Мараки» (1/84), «Тухфа әл-Фукаха» (1/86), «Имдад
әл-Ахкам» (1/389)
 
[3] «Фатауа Даруль Улум Деобанд», 1/207-215
 
[4] و قال شمس الأئمة الحلواني رحمه الله تعالي في شرح كتاب الصلاة
أ"الجورب أنواع: أ
منها ما يكون من غزل وصوف، ومنها ما يكون من غزل، ومنها ما يكون من شعر. و منها ما يكون من جلد رقيق و منها ما يكون من كرباس
فالأول: لا يجوز عليه المسح عندهم جميعاً.أ
وأما الثاني: فإن كان رقيقاً: لا يجوز المسح عليه بلا خلاف، وإن كان ثخيناً مستمسكاً ويستر الكعب ستراً لا يبدو للناظر كما هو جوارب أهل مرو، فعلى قول أبي حنيفة رحمه الله: لا يجوز المسح عليه، إلا إذا كان منعلاً أو مبطناً، وعلى قولهما: يجوز.أ
وأما الثالث: ذكر في «النوادر»: أنه لا يجوز المسح عليه، قالوا: إذا كان صلباً مستمسكاً يمشي معه فراسخ أو فرسخاً، يجب أن يكون على الخلاف بين أبي حنيفة وصاحبيه رحمهم الله.أ
وأما الرابع، فقد روي عن أبي حنيفة رحمه الله: أنه يجوز المسح عليه، والمتأخرون قالوا: الصحيح أن المسألة على الخلاف.أ
 
[5] «Әл Мухит әл Бурхани», 1/343
 
[6]قال: "وأما المسح على الجوربين فإن كانا ثخينين منعلين يجوز المسح عليهما" لأن مواظبة المشى سفرا بهما ممكن وإن كانا رقيقين لا يجوز المسح عليهما لأنهما بمنزلة (المبسوط للسرخسي - (ج 1 / ص 18 أ
والثخين من الجورب أن يستمسك على الساق من غير أن يشده بشيء. (المبسوط للسرخسي - (ج 1 / ص 184)أ
قال شمس الأئمة الحلواني رحمه الله: وسألت الشيخ الإمام الأستاذ عن تفسير الجورب المنعل عند أبي حنيفة رحمه الله، أراد به الجلد الرقيق، الذي اعتاد الناس حوزه على جواربهم، أو أراد الصرم العلنطنطر الصرم الذي يكون على جوارب أهل مرو، وقال: إن كان هذا الجورب المنعل كجوارب الصبيان يمشون عليهما في تخرجة وغلظ النعل جاز المسح عند أبي حنيفة رحمه الله. (المحيط البرهاني للإمام برهان الدين ابن مازة - (ج 1 / ص343)أ
وعلى جورب لا يشف ويقف على الساق بلا ربط ولو لم يكن مجلدا (تحفة الملوك - (ج 1 / ص 33)أ
قوله ( والجورب المجلد والمنعل والثخين ) أي يجوز المسح على الجورب إذا كان مجلدا أو منعلا أو ثخينا (البحر الرائق - (ج 1 / ص 191)أ
وعلم من هذا القيد أن الجوربين إذا كانا رقيقين لا يجوز المسح عليهما عند هؤلاء الأئمة وبقولهم قال صاحبا أبي حنيفة أبو يوسف ومحمد (تحفة الأحوذي - (ج 1 / ص 278)أ
وفي المجتبى لا يجوز المسح على الجورب الرقيق من غزل أو شعر بلا خلاف ولو كان ثخينا يمشي معه فرسخا فصاعدا كجورب أهل مرو فعلى الخلاف (البحر الرائق - (ج 1 / ص 192)أ
أ( والجورب المجلد والمنعل والثخين ) أي يجوز المسح على الجورب إذا كان منعلا أو مجلدا أو ثخينا أما إذا كان مجلدا أو منعلا فإنه يمكن مواظبة المشي عليه والرخصة لأجله فصار كالخف... وأما الثخين فالمذكور قولهما وحده أن يستمسك على الساق من غير ربط وأن لا يرى ما تحته(تبيين الحقائق - (ج 1 / ص 52) أ
أ( أو جوربيه ) ولو من غزل أو شعر ( الثخينين ) بحيث يمشي فرسخا ويثبت على الساق بنفسه ولا يرى ما تحته ولا يشف إلا أن ينفذ إلى الخف قدر الغرض (الدر المختار – (ج 1 / ص 269)أ
والثخين الذي ليس مجلدا ولا منعلا بشرط أن يستمسك على الساق بلا ربط ولا يرى ما تحته وعليه الفتوى كذا في النهر الفائق (الفتاوى الهندية – (ج 1 / ص 32)أ
وكذا على الثخين الذي يستمسك على الساق من غير ربط في الأصح عن الإمام وهو قولهما وفي رواية أخرى عنه لا يجوز إلا إذا كانا منعلين لكن رجع إلى قولهما في آخر عمره قبل موته بتسعة أيام وقيل بثلاثة أيام وعليه الفتوى (مجمع الأنهر في شرح ملتقى الأبحر – (ج 1 / ص 75)أ
و أما الثخين فكالخف (المسلك الذكي (ج 1 / ص 29)أ
فلا نترك به الكتاب بخلاف الخف (المسلك الذكي (ج 1 / ص 29)أ
واختلف في المسح على الجوربين فلم يجزه أبو حنيفة والشافعي إلا أن يكونا مجلدين وحكى الطحاوي عن مالك أنه لا يمسح وإن كانا مجلدين وحكى بعض أصحاب مالك عنه أنه لا يمسح إلا أن يكونا مجلدين كالخفين وقال الثوري وأبو يوسف ومحمد والحسن بن صالح يمسح إذا كانا ثخينين وإن لم يكونا مجلدين والأصل فيه أنه قد ثبت أن مراد الآية الغسل على ما قدمنا فلو لم ترد الآثار المتواترة عن النبي ص - في المسح على الخفين لما أجزنا المسح فلما وردت الآثار الصحاح واحتجنا إلى استعمالها مع الآية استعملناها معها على موافقة الآية في احتمالها للمسح وتركنا الباقي على مقتضى الآية ومرادها ولما لم ترد الآثار في جواز المسح على الجوربين في وزن ورودها في المسح على الخفين بقينا حكم الغسل على مراد الآية ولم ننقله عنه(أحكام القرآن للجصاص - (ج 3 / ص 440)أ
فتاوى محمودية - (ج 5/ ص 195)أ
فتاوى حقانية- (ج 2/ ص 216)أ
كفاية المفتي- (ج 2/ ص 321)أ

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков