Циклы Авторы Сортировка

8 дәріс. Үшінші кіші белгі. Иерусалимнің алынуы

5 596
23 февраля, 15
Иерусалимнің алынуы
 
 
 
Қиямет қайымның бір белгісі – мұсылмандардың Иерусалимді жаулап алуы. Ауф ибн Мәліктен жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қияметтің белгілерінің ішінде Иерусалимнің алынуын да айтқан. (Бұхари).
 
Омардың (оған Алла разы болсын) халифалығы кезінде хижра жыл санауы бойынша 16- жылы Иерусалимді жаулап алу тоқтады, деп жазады сира және тарихшылар.
 
Омар (оған Алла разы болсын) жергілікті халықпен бейбітшілік келісіміне отыруға өзі арнайы келіп, ол жерде мешіт салған. Оның Кааб әл- Акбармен болған әңгімесін имам Ахмад Убейд ибн Адам арқылы жеткізеді:

Омар былай деп сұрайды: «Намазды қайда оқысам болады, қалай ойлайсың?»
 
Кааб болса: «Егер менің пікірімді қабыл алар болсаң, мына шыңның арт жағына, - сол кезде бүкіл Құдыс сенің алдыңда болады» - деп жауап береді.
 
Омар: «Жоқ, бұл яһудейлерге ұқсастық болып кетеді. Мен намазымды Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қай жерде оқыған болса, сол жерде оқимын».
 
Осылайша ол құбылаға қарап намазын оқыды да, шапанындағы шаң- тозаңды қақты».
 
Осы жерде Кааб әл- Акбар (оған Алла рақым етсін) жайлы айта кету керек. Ол Кітап иелерінен болған үлкен ғалым еді, Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) кезінде Исламды қабылдап, Омардың кезінде Мәдинаға қоныс аударған. Осыдан соң ол Шамда тұрып, Османның (оған Алла разы болсын) тұсында дүниеден озған. Ол яһудейлерден муфассирлер айтып жүрген көптеген риуаяттар жеткізген. Бірақ ол дәлел ретінде жүре алмайды және де ол жеткізген нәрселердің барлығы  сенімсіз.
 
Иерусалимді крестшілер жүз жыл уақыттай жаулап алғанын және де даңқты қолбасшы, Әһлі Сүннет ақидасын қорғаушы болған сұлтан Салахуддин (Алла оған рақым етсін) қайтарып алғанын білеміз. Және Алла Тағала оған Омардың (оған Алла разы болсын) жеңісіндей жеңісті нәсіп етіп, Константинополді жаулап алған Фатих Сұлтанның (Алла оған рақым етсін) жеңісіне татитын жеңіс берді. Салахуддин де, Фатих сұлтан да бір ақидада болған – Алла мекенсіз, бағытсыз бар. Бұл біздің үмметтің мақтанышы, әсіресе, Әһлі Сүннет үмметінің (матуруди мен ашғари).

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков