Циклы Авторы Сортировка

9 бөлім (соңы): Жұмақ; Жоғары нығмет; Күнәлар; Қорытынды тегеурін; Түпкі нәтиже; Ұсынымдар; Жаман түстер; Не істу керек?; Дұғалар;

12 040
18 марта, 16
Жұмақ
 
Алла Тағала Өзінің құлдарына әлі ешкім көрмеген, әлі ешкім естімеген және ешкімнің басына кіріп шықпаған нәрсе дайындап қойғанын айтқан болатын. Кімде-кім өзін жер бетіндегі өмірде шектесе, шексіз жұмақтық нығметтерге рахатанады. Өз ақымақтығымыздан бұл дүниелік жылтырақ пен жылтырауыққа тартыламыз.
 
Біз керемет жекежайларға, қымбат шетелдік көліктерге, таңдаулы әшекейлерге, танымал дизайнерлердің киімдеріне және басқа да жер бетіндегі көп нәрселерге таңғаламыз, нәтижесінде жұмақтың бар екенін мүлде ұмытамыз.  Бізді дүниелік игіліктер еліктіреді, ал қасиетті Құран мен хадистерде жұмақтың кірпіштері алтын мен күмістен жасалған, тастары – інжу мен лағылдан, балшығы – бозғалдақтан, киімі – жұқа жібектен екендігі айтылған... Жұмақ нығметтері нанғысыз көп және олар біз көзімізге елестете алатыннан да жақсы.
 
Бүкіл осы әлем  – Жұмақпен салыстырғанда түкке де тұрғысыз. Өкінішке орай, біз Алла Тағаланың уәделерінің шынайылығын жете түсіне бермейміз.  Біздің осындай әлсіздігімізден бұл дүние біз үшін бәрі болып қалады. Және Алла Тағала қасиетті Құранда былай айтқан:
 
«Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер. Ақырет қайырлы да, тұрақты» (87:16-17).
 
Бұл дүниедегі қысқа уақыт ішінде біз Алла Тағаланың бізге берген барлық игіліктерін пайдаланып қалуымыз керек, бірақ, сонымен қатар, Жұмақтың барын естен шығармау қажет және де дәл сол біздің мақсатымыз болып табылады. Бұл дүниеде қанша уақыт тірлігіміз қалды? Бұл дүниеде мәңгі өмір сүрген бір адам бар ма екен? Бұл дүние – тек саяхат, оның соңғы бекеті Жұмақ болуы керек.

Жұмқта ауру да, зұлымдық та, қасірет те, қиыншылық та, қайғы да, күйініш те, қызғаныш та, өркөкіректік те, қастық та, кемістік те, төбелес те, араздасу да жоқ.  Барлық қалаулар мен армандардың жүзеге асатын тамаша рахат орны.
 
Жоғары нығмет
 
Жұмақтың барлық нығметтерін алған, оның мекендеушілеріне ең жоғары нығмет сыйланады: олар Алла Тағаланы көреді. Жұмақ тілмен айтып жеткізе алмайтын қаншама нығметтерге толы болса да, оның ең жоғары нығметі адамның өзінің соншама сүйіктісі Алла Тағаланы көруі болып табылады.
 
Бөліп тұрған кедергі құлайды да
Алла Тағаланың жүзін көруге
Басында күнәлардан бас тартқандар,
Енді шынайы табыс дәмін татқандар.  
 
Сонымен қатар, тіпті бұл дүниеде, адам өзін күнәлардан бойын аулақ ұстағанда, Алла Тағала оған осы тәттілікті береді. Адамның жаны жұмақ жұпарымен рахаттанады. Аллаға жақындағандардың көбі өздерінің сүйікті Алласын естеріне алғанда, тіпті түкіріктің өзі тәтті болып кетеді деген, ал олардың жүректері тыныштықты, берекет пен бақытты сезінетіндігі сондай, олар үшін күнәлар жоғары деңгейдегі лас нәрсе болып көрінеді. 
 
Күнәлар
 
Біз үшін күнәлар рахат пен ләззат болып көрінсе, ал Алла Тағаланы расымен сүйетіндер күнәдан ластық пен жексұрындықты көреді. Біз үшін нәжіс пен зәр қандай жағымсыз болса, олар үшін күнәлар сондай жиренішті. Және де олар күнәлар жырасына тіпті де жақындағысы келмейді. Оларға кино, театр, дискотека, ойынхана және басқа да кемістіктер апанына барғаннан, жайнамазда тұру, қасиетті Құранды оқу, Алланы еске алу, адамзатқа қызмет ету және Алла Тағалаға жалбарынып, тілену әлдеқайда оңай.  Сонымен қатар, олар Алла Тағаламен жекеленуден және Оған бойсұнуынан алатын рахат пен ләззатты бұл дүние тіршілігінде ештемеге де ауыстырмайды, олар өткінші күнәлі ойын-сауық үшін осының бәрін құрбан етуге тіпті де дайын емес. Өкінішке орай, біз күнәлардағы ләззаттың жалған әсеріне батқанбыз, сондықтан да Алла Тағалаға бойсұну тәттілігінен құр алақан қалғанбыз.
  
Қорытынды тегеурін
 
Шайтан қайтадан келіп, тағы былай сыбырлайды:
 
– Мұндай ыждаһат неге қажет? Сенің барлық құлшылығың қабылданды. Сен жеткіліктіден де артық жасадың. Жетер. Бұдан артық не қажет? Қарашы, тіпі жайнамаз да жыртылайын деген. Мұнысына шейх Шакык Балхы, оған Алланың рақымы болсын, Құран сөздерімен жауап берген:
 
«…Соңғы табыс тақуалардікі» (7:128).
 
Біз соңымыздың қандай боларын білмейміз, ендеше, жайдан-жай бәрін тастап, ойымызға келгенді істеуге қақымыз жоқ. Біздің соңымыз біз өлерде болады, бірақ тіпті сол кезде де Шайтан адамды адастыруға үндеп сыбырлайды. Шайтанның осындай қорытынды тегеуріні, кейде ажал аузында жатқан адамдардың сенімдерін жоғалтуына әкеліп соққан.
 
Түпкі нәтиже
 
Шейх Абдул-Қадир Джейляни, оған Алланың рақымы болсын, бір күні оған бір адамның келесі сөздермен келгенін айтқан:
 
– Шейх Абдул-Қадир Джейляни, сіз орасан зор құлшылық еттіңіз әрі Алла Тағалаға жақындап, Оның досы болдыңыз. Ештемеден қорықпаңыз. Мына бізге, күнәһарларға, қорқу керек.
 
– Абдул-Қадир дауыл кезінде кемеде қалған жан сияқты, – деп жауап береді шейх.
 
– Қатты жел, толқындар үздіксіз кемені соққылайды. Жолаушылар батып кетуден қатты қорқады, тірі қалуларына мүмкіндіктің бар екенін де білмейді. Тек қана тыныш жағалауға жеткенде ғана, олар құтылғандарын түсінеді. Ал Абдул-Қадир қазір дауыл соққан кеменің жолаушысы сияқты. Алла Тағаланың досы, Оңың жақыны осылай айтқанда, онда біз туралы не айтуға болады? 
 
Ұсынымдар
 
Шайтанның азғыруы тақырыбына қайтып оралайық. Олар адамды мазалағанда, оған былай айту керек: «А’у́зу билля́хи минащ-щайто́нир-раджи́м», «А́манту билля́хи уа русулихь», «Ля́ хауля уа ля́ куввата илля́ билля́х», – немесе Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келтіргендей келесі дұғаны айту керек: «Иә, Алла, менің жаныма түсетін осы уәсуәстарды Сені еске түсіретін және тақуалық құралы ет!»
 
Шайтан айтады:
 
– Мына жерде мен оны жолдан тайдырғым келеді, ал ол болса: «Иә, Алла, менің жаныма түсетін осы уәсуәстарды Сені еске түсіретін және тақуалық құралы ет!» - дейді…  
 
Осыған ұқсас ойларды Алланы еске алуға айналдырып жіберуге бола ма? Былай айтыңыз:
 
 – Иә, Алла, Сен тауларды, көктер мен жерді, тамаша ормандарды, айбарлы мұхиттарды елестете алатын жанды жараттың… Күллі әлем адамның жанына кіре алады… Ал енді Шайтан да өз азғыруларын осы жанға сыбырлайды.
 
Адам Алла Тағалаға сиынады. Ол шайтани  азғыруларды  «тақуалық пен Алланы еске алуға» айналдырады. Осыдан Шайтан кетеді. «Нәс» («Адамдар») сүресіне түсініктемеде, адам Алла Тағаланы еске алғанда Шайтан кетеді, қашады деп айтылған. Пайғамбарымыз,оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,былай айтқан: «Шындығында, Шайтан адамның жанында (жүрегінде) сенімді отырады. Ал адам Алланы есіне алғанда, Шайтан қашады. Ал адам бейқам болғанда, Шайтан өз азғыруларын сыбырлайды».

Біз кесірлі ойларды басудың қарапайым және ықпалды тәсілдерін қарастырдық.
 
Жаман түстер
 
Соңында, жаман түстер тақырыбын қысқаша қозғап өтеміз. Оларды көргенде адамдар қатты  алаңдайды, әсіресе қазіргі кезде көбісі түстерінде шабуылдарды, ұрлап кетулерді, өлтірулерді көреді. Бұл көбіне «әл-хулм» түстер, яғни Шайтанның ықпалымен болған жаман түстер немесе  «хадис-ун-нафс»,  яғни күні бойы ойлар мен оқиғалардың көрінуі. Соған ұқсас оқиғалар туралы жаңалықтарды тыңдаймыз, оқимыз, сондықтан да түстеріміз де сондай сипатта болады. Дегенмен, кейде мұндай түстер біздің нәпсіміз бен Шайтанның бізді ұстап алғанын білдіруі мүмкін. Жалпы айтқанда, ұрлап кету туралы түс көргенде, бұл нәпсі мен Шайтан бізді тура жолдан тайдырады дегенге сену керек. Не болмаса да, әдетте түстер – бұл тек күні бойы болған сөздер, ойлар мен әрекеттер ғана. Мысалы үшін, егер шаштараз біреудің шашын алып жатқанын көрсе, бұл нені білдіреді? Бұл ештемені де білдірмейді. Ибн Сирин, танымал түс жорушы, былай жазған, егер адам ас толы асқазанымен ұйқыға жатса немесе оның іші қатып қалса, кейде бұл да жаман түстердің кіруіне әкеліп соғады. Түс жорушы адамның қандай себептермен түсін көргенін анықтайды. Сондықтан кейде мен адамдарға олардың түстері, оларға іш жүргізетін дәріні ішу керектігін білдіретінін айтамын.
 
Не істу керек?
 
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан, жаман түс көрген адам тұрсын да сол жағына «тфу, тфу, тфу» десін.  «Тфу, тфу, тфу» расымен түкіру керек дегенді білдірмейді… жай ғана түкіргендегідей дыбыс шығарыңыз, сосын былай айтыңыз: «А’у́зу билля́хи минащ-щайто́нир-раджи́м», бір бүйіріңізге бұрылып, әрі қарай ұйықтаңыз.

Егер осылай жасалса, Алла оңдап, түс ешбір зазалын тигізбейді, ақыр соңында, не болуы керек болса, сол болады. Кейде түсте болар нәрсеге деген кішкене ғана ишара болады. Ол да үнемі емес. Жалпы айтқанда, адамға жаман түс кірсе, оны қатарынан бәріне айтудың қажеті жоқ.

Әлбетте, кейде түсте игі хабар немесе Алла Тағаланың азабынан құтылуы үшін адамға күнәларын тастау керек деген ескерту болады.  
 
Дұғалар
 
Алла Тағалаға жалбарына, бізді өзіміздің нас нәпсіміз бен Шайтаннан қорғап, оның азғыруының құрбаны болудан қорғауын, Аллаға деген нық иман мен нанымды беруін сұрауымыз керек. Бұл иман, барлық күнәлардан, ол қаншалықты қиынға соқса да, өзімізді тыйя алатындай мықты болсын, сонымен қатар жүректеріміздегі иман тәттілігін сезіуге шынайы тырысуымыз қажет. Сондай иманға қол жеткізгенде, оның тәттілігін жан дүниемізбен сезетін боламыз, ал күллі әлем түкке тұрғысыз болып қалады, ол туралы Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан:
 
«Егер бұл дүниенің құндылығы Алланың қасында тым болмаса масаның қанатына тең келер болса, Ол мүшріктерге тіпті бір татым су да бермес еді».
 
Біз бұл дүниеден бас тартпақ емеспіз. Біз: «Мен енді өз көлігіме мінбеймін», «Өз енді үйімнің жайлылығына рахаттанбаймын», «Жақсы төсекке енді жатпаймын», «Жақсы киім туралы ұмытамын»…- деп айтуға шақырып жатқан жоқпыз. Жоқ. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан:
 
«Шындығында, бұл дүние сендер үшін жаралған, ал сендер ақырет үшін жаралғансыңдар».
 
Сол себепті де біз бәрін пайдаланамыз, тіпті артығымен де, бірақ шіріген дүниенің шірігіне өз жүректерімізді бермейміз. Біздің жүректеріміз – тек осы игіліктерді Сыйлаушы - Алла Тағала үшін.

Мүфти Мұхаммед Шафи, оған Алланың рақымы болсын, былай айтқан:
 
«Бұл материалдық дүниені қолда, тіпті қалтада да ұстауға рұқсат етіледі, бірақ тек жүректе емес. Жүрек – Алланың үйі». 
 
Алла Тағала біздің бәрімізді Оның заңдары мен Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамаша ілімін ұстануға нәсіп етсін! Алла Тағала бәрімізді нәпсіміз бен Ібілістен сақтасын!
 

«Фәләқ» сүресінің аудармасы («Таң»)

 
(Мұхаммед Ғ.С.): «Таңның Раббына сиынамын,
Жаратқан нәрселерінің кесірінен,
Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен,
Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,
Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын) де».
 

«Нәс» сүресінің аудармасы («Адамдар»)

 
(Мұхаммед Ғ.С.): «Адамдардың Раббына,
Адамдардың иесіне,
Адамдардың Тәңіріне,
Сыбырлап азғырушының кесірінен,
Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;
Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын,
(бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын де».
АВТОР ЦИКЛА
Шайтани азғыруларды жеңу
Юнус Патель
Автор:
ЮНУС ПАТЕЛЬ
Мүфти
Список уроков