Циклы Авторы Сортировка

9 дәріс. 25-28 нақыл сөздер

2 215
21 октября, 15
25. Қажеттен артық сөйлемеңіз.

Алдында айтып өткендей, тіл – бұл саликтың жол басындағы басты жауы.

Дамыған технология бүгінде адам баласына тіпті аузын да ашпастан тәулік бойына сөйлеуге мүмкіндік береді.
 
Жалпы, бұл мәселені жігерлі ынтамен ғана шешуге болмайды, ол өмір салтын өзгерту: аз танысып, құлшылықта, оқуда, жұмыста көп жалғыздықта болу арқылы шешіледі.

Сондай-ақ, адам әр кез өзіне: «бұл маған не береді?» деген мағынасы жағынан маңызды болған сұрақтардың бірін қоюы керек. Ал одан кейін күш-жігерді салып, біздің сөзімізді осы сұраққа берген жауаптың призмасынан өткізіп, дүниелік не діни пайдасы бар-жоғын анықтау қажет.  

26. Нағыз муджахад – бұл өз нәпсіңе деген қарсылық.

Бұл мағынада сулюк пен рухани даму  - эстетикалық іс емес, өмірдің ақиқаты «мақам», «хал» және осылар сияқты басқа да түсініксіз терминдер мен ұрандардан алыста жатыр, әсте бір Аллаға Тозақтан қорыққанымыздан емес, Оған деген махаббатымыз үшін сыйынамыз деген сияқты.
 
Егер өз тілімізді ғайбаттан сақтай алмасақ, онда қалай құдайдан қорқу туралы сөз қозғай аламыз?

Бұндай жоғары деңгейдегі рухани әңгімелерде сөздердің көп болуы, оларды тыңдаған адамда айтылғанның мәніне бір себептермен өзінің де қатысы бар деген иллюзия тудыруы мүмкін.

Ақиқатында біздің жүректеріміз қоғамдық әжетханалардан таза емес, біздің жүректеріміздің сасықтығы соншалықты ащы, біздің әрқайсымыз дін бауырымызбен сөзге келіспей қалғанда ол заттандырылып кетеді.

27. Өз нәпсіңе деген қарсылықта тұрақты бол!

Нәпсі – бұл Алланың бізге дарытқан жаратылысы, оның бізді сендірген ең зор өтірігі — нәпсі  – ол біз, ал оның қалағаны – біздің қалағанымыз.

Өзінің өктем әйелінің еркіне көнген әлсіз еркектің мысалын келтіруге болады, бірақ әйелінің талаптары- бұл, іс жүзінде, шынайы өзінің ниеттері екендігіне ол сенімді.
 
Нәпсінің алаяқтығы да дәл осылай жасалады: «анау керек, мынау керек, анау керек, мынау керек, анау керек жоқ, мынау керек жоқ, анау керек жоқ, мынау керек жоқ, керек-керек емес». Әрқайсымыз не жайында айтылғанын білеміз, және әрқайсымыз өзімің жеке тілектерім деп қабылдауға үйреніп кеткен нәпсінің талаптары мен күңкілдеуін естіп жатамыз.  
 
Маңызды қадам  — бұл бақылау, өз тілектерін сараптау, нәпсінің біраз да болса оянғанын үнемі біліп отыруға тырысу және тұрақты түрде қарсы шығу.  

28. Нәпсіге қарсы шығу қажеттілігі ылғи болады.

Өз-өзімізбен күрестің бұл түрі тұрақты әрі өмір бойына созылады.

Әдемі тәспих, шапан, оюланған тақиялар, сәлде, тақияға бейнеленген ою-әшекейлер, үндесті зікірлер, әуенді мәуліт әрі құлақ пен көзді қызықтыратын  басқа да жағымды бұйымдар,— бұның бәрі әрдайым таң намазынан ертерек оянып, тәһәжуд намазын оқу деген талпыныстан, қалаулы уақыттарда уирдттерді орындаудан, өз тілін, өз сөзін бақылаудан, «таласты мәселелерді» емес  «парыз ғайнды» ұғынудан, дүйсенбі мен бейсенбіде ораза тұтудан, тамақта және рұқсат етілген табыста кінәмшілдік көрсетуден әлде қайда алыс жатқан дүниелер; ал бұның ең қиыны – өзіңнің мұсылман бауырыңды жақсы көру, оған игілік тілеп әрі оның мінезіне шыдамды болу.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков