Циклы Авторы Сортировка

9 дәріс. Төртінші кіші белгі. Оба.

6 012
2 марта, 15
Төртінші кіші белгісі. Оба
 
 
 
Ауф ибн Мәліктен (оларға Алла разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қияметтің белгілерін айтып отырғанда: «Індет сендерге хайуан секілді шабады»,- дегені жетеді. (Бұхари).
 
Ибн Хажар «Әл- Фатхта» былай дейді: «Бұл белгісі Омардың (оған Алла разы болсын) билігі кезінде болған дейді. Ол кезде оба ауруымен көп адамдар ауырып, өмірден озған болатын. Бұл Иерусалимді жаулап алғаннан соң болған».
 
Тарихшылардың айтуынша, хижра жыл санауы бойынша 18 - жылы Әмәуәс елді мекенінде оба ауруы тарап, содан соң Шам аймағына жайылған. Осы індет тараған кезде көптеген адамдар қайтыс болған: сахабалар мен өзге де мұсылмандар. Ибн Касир індеттен көз жұмған адамдардың саны 25 000 адамға жеткен деп көретеді. Осы індеттен көз жұмған сахабалардың бірі, үмметтің сенімді тұлғасы Әбу Убейда Әмір ибн әл- Жаррах (оған Алла разы болсын).
 
Біздің заманымызда да адамдар арасында емдеу тәсілін таба алмай жатқан көптеген дертке шалдығып жатқандар аз емес, атап айтқанда, ЖТҚБ (Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) тағы басқа. Дамыған ғылым мен өркениет те бұл дерттен болып жатқан өлімді тоқтата алар емес.
 
Сондықтан да ғылыми- техникалық үрдіс адамды тағдырдан құтқара алады деген қиялдан арылу қажет. Егер адам баласына өлім жазылып қойған болса, Алла Тағала оның жанын бір кесе шайды артық ішкені үшін болса да алады.
 
Біз дәрі- дәрмек пен медицинаға қатысты өзіміздің ақидамызды да меңгеруіміз қажет. Бұл Алла Тағала Өзінің жаратылысына Өз қалауымен берген тек сыртқы себептер ғана. Және де Алла Тағала дәріні қабылдаған кез келген адамды ауруынан айықтыруға міндетті де емес. Біз тек қана Алланың әмірімен болып жатқан заңдылықтарды бақылап, айта аламыз.
 
Мысалы, егер адамның басы ауырар болса, ол бас ауырғанды басатын дәріні ішеді, бұл дәрінің ішкі әсері емес, Алланың қалауы әрі нәтижесі де Оның жаратылысы. Сонымен қатар, Алланың қалауында да бір белгілі тәртіп бар, сондықтан да біздің ақидамыз ғылымға қарсы келмеген. Біз ғылыми танымды бос, ақылға қонымсыз деп айтпамаймыз, себебі біздің ақидамыздағы болған ешбір адам бұл өмірдің заңдылығын жоққа шығармайды. Біз екі нәрсені ғана айтамыз:
 
1) Барлық амалдар, ауру болсын, шипа болсын – Алланың қалауы.
 
2) Заңдылықтар оның қайталану жиілігіне байланысты құрылады, бірақ бұдан ол Аллаға міндетті болып қалмайды.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков