Циклы Авторы Сортировка

9-ші насихат. Уақыттың құндылығы. Маңызды екі хадис.

6 985
15 апреля, 15
Уақыттың құндылығы. Маңызды екі хадис.
 
Өмірде кез-келген мұсылман адамға, әсіресе, ілім алушыға уақыттың қадірін ұғып, оны тиімді пайдалануды үйрену керек.
 
Уақыт – Алланың құлына берген сыйы. Бұл нығметті Алла бізден разы болатындай етіп жұмсағанымыз жөн. Әрбір өтіп жатқан минутпен бірге, өміріміздің де бір бөлігі өтіп барады. Сол үшін, әрбір минуттың өзін бағалап, осы дүние мен ақыретімізге пайда әкелуіне мән берген абзал. Имам Ибн әл-Джаузи (Алла оны мейіріміне бөлесін) өз ұлына былай деп  өсиет қалдырған екен: «Жазушы-періштелер сенің әрбір сөзің мен көзқарасыңды сақтап қалады. Тірі жанның әрбір ауа жұту сәті– оның таяп қалған өлімге қарай басқан әрбір қадамы секілді» («Ляфта әл-кабид июля насыха әл-уаляд»).
 
Шейх Аууама (Алла оны панасына алсын) Пайғамбарымыздың (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) баршамызға уақыт пен өзге де адами ресурстарды орынды жұмсауды ескертетін әрі танымал болған екі хадисін келтіреді:
 
1. Бірінші хадис Ибн Әби Шейба және әл-Хакимнен жеткен (хадис сенімді): «Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсенің қадірін біліңдер: өлмей тұрып өмірдің қадірін, бір нәрсемен шұғылданбастан бұрын бос уақыттың, ауырмай тұрып денсаулықтың, қартаймай тұрып жастық шақтың, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біліңдер».
 
Пайғамбарымыздың (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) насихат еткен бұл әрбір бес нәрсесі – осы бес түрлі жағдайдағы адамға қажетті нағыз бағалы кеңестер екені сөзсіз.
 
2. Екінші сенімді хадистің бірі имам Тирмизиден жеткен: «Қиямет күні құл өз орнынан мына нәрселерден сұралмайынша қадам баса алмайды: өмірін қалай өткізгендігі, білімі - оған қаншалықты амал жасағандығы, дүние-мүлкі - оны қалай тауып, қайда жұмсағаны және жастық шағын қалай тоздырғаны жайлы».
 
Иә, кез-келген мұсылманның Қиямет күнгі жағдайы осындай болмақ: ол мына өмірде Алланың берген нығметтерін қалай жұмсағаны жайлы сұраққа тартылмайынша орнынан да қозғала алмайды.
 
Сондықтан, әрбір істің сәтті болуы, оның ішінде ілім алуды алар болсақ, ол әрдайым мына екі басты нәрседен құралады:
 
1. Адамның талпынысы. Яғни,  адам жақсы нәтижеге жету үшін берілген мүмкіндіктерді қалай қолданады, ісіне қаншалықты ынта қояды, уақыты мен бойындағы мүмкіншіліктерді қаншалықты дұрыс жұмсайтыны аса маңызды. Қиямет күні  Алла Тағаланың алдында бұдан сұралатынымызды ұмытпайық.
 
2. Алладан келетін көмек. Мұны арабша «тауфық» дейді – Алла Өз құлының бойынан көріп, оған разы болғысы келетін амалды орындатуы үшін оған дарытатын күшті айтамыз. Тауфықты беруші тек Алла. Міне, кез-келген сәттілікке жетудің де басты себебі осында жатыр, алайда, пенде тауфыққа шынайы ықыластығымен, шыншылдық пен нағыз ыждаһаттылығымен және Алладан бастамасының сәтті болуы  үшін жалбарына тілеген дұғалары арқасында қол жеткізбек.
 
Шейх Әбдул - Фаттах Әбу Ғудданың (Алла оны мейіріміне бөлесін) «Уақыттың құндылығы» атты кітабы жайында.
 
Пайдалы ілім ізденіп жүргендер үшін Алла дарытқан ілімімен таңғаларлық белестерді бағындыра білген тақуа ғұламалар, үммет имамдары нағыз ғибрат аларлық үлгі бола алады. Шейх Әбдул - Фаттах Әбу Ғудда (Алла оны мейіріміне бөлесін) осы тақырыпты қамтитын «Кымат аз-заман ‘инда әл-‘уляма» («Ілім иелері үшін уақыттың құндылығы») деп аталатын өте пайдалы еңбекті дүниеге әкелді. Онда шейх ғұламалардың уақытты тиімді пайдалануға қатыста айтқан сөздері мен олардың өмірінен мысалдар келтіреді. Бұл кітап қазірде орыс тіліне аударылған, қалаған адам оны тауып оқуына болады әрі одан өзіне керек пайда ала алады.
 
Ал, араб тілін білетіндер кітаптың түпнұсқасын тауып оқыса, тіптен жақсы болар еді. Мәселе аударманың дәлдігінде ғана емес, онда айтылған имамдардың насихаты мен даналы ойлары араб тілінде оқылса адамға тереңірек әрі күштірек әсер етеді. Кітап оқудың өзінде де Алланың ерекше берекеті болады, сол арқылы Алла Тағала оқыған кітабыңызды сіз үшін пайдалы етіп қояды.
 
Мен бір ретте Сириялық ұстазымнан студент үшін шариғи ілім алудың әдептері жайлы қандай кітап оқуға кеңес беретінін сұрадым. Сонда ол: «Шейх Әбу Ғудданың осы кітабы жеткілікті»,-деп жауап берді. Басында ұстазымның бұл жауабына сәл таңырқадым, себебі, ол кітапты басқа тақырыпта жазылған деп ойлайтынмын. Бірақ, кейін, оны өзім оқи келе ұстазымның берген кеңесіндегі даналықты ұқтым. Біз ниеттің дұрыстығы, шынайылық дегеннің маңызын жалпы алып қарастырғанымыз дұрыс екен, себебі, шынайылық пен дұрыс ниет арнайы тек ілім алуға ғана қатысты емес, мұсылманның өмірдегі бүкіл ісіне де қатысты екен. Бұл турасында талай айтылып та, жазылып та жүр. Ал, дәріс кезінде сақталуы тиіс әдеп қағидалары: жаттау, қайталау т.б. секілді айта кететін тұстар бар, бұлар уақытты бағалау тақырыбына сай екінші орында тұр, олардың маңыздылығына қарай Алла қаласа әлі де тоқталатын боламыз.
 
Әңгімемізді әрі қарай, осы тақырыбымызға қатысты толығырақ ғұламалар сөзімен жалғастырмақпыз...
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков