Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: "Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя", имам Әт-Тирмизидің өмірбаяны, 2-ші сабақ

4 002
30 января, 15

Осы берекелі кітапты оқып-зерттеуге кіріспес бұрын оның көрнекті авторының кім болғандығын айта кету қажет.

Имам Әбу Иса Мухаммад ибн Саурат әт-Тирмизи хижрадан кейін 209 жылы дүниеге келіп, 279 жылы дүние салған.

Ал, «әт-Тирмизи» есімінің оқылуына келер болсақ, оның үш нұсқасы бар: әт-Тирмизи, әт-Турмузи және әт-Тармази. Доктор Луэйәл-Халили айтқандай, бұл үшеуінің арасындағы дұрысырағы ─ әт-Турмузи. Бірақ, имам Әбу Иса орыс тілді оқырманға әт-Тирмизи ретінде белгілі болғандықтан, біз бұл есімнің өзімізге үйреншікті нұсқасын қалдырамыз.

Имам «хадистің алтын ғасыры» деп санауға тұрарлық заманда дүниеге келді. Сүннеттің негізгі кітаптары сол дәуірде жинақталып, құрастырылған болатын. Олар: имам Ахмадтың «Муснады», имам әл-Бұхаридің «Әл-Джами әс-сахихі», имам Муслимнің «Сахихі», Ибн Әбу Шейбаның «Әл-Мусаннафы» және тағы басқалар.

Имам әт-Тирмизи ерте жастан ғұламалардың сабақтарына қатысып, Құранды, Сүннетті, араб тілін және фиқһті үйрене бастады. Имам өзінің туған жері Термез қаласындағы шейхтардан ілім алумен ғана шектеліп қоймай, оқуын аяқтағаннан кейін білім іздеп, мұсылман әлемінің басқа қалалары мен аймақтарына да сапар шекті.

Имам әт-Тирмизидің басты ұстаздарының бірі Ислам тарихындағы ең ұлы мухаддис, тек қана сенімді хадистерді бір жинаққа алғаш жинаған Мухаммад ибн Исмаил ибн Ибрахим ибн әл-Мугъира әл-Джуафи әл-Бұхари болатын. Имам әт-Тирмизи, әл-Бұхариден айтарлықтай ұзақ уақыт ілім алып, нәтижесінде хадис бойынша орасан зор білімге қол жеткізді. Соның ішінде «`иляль» деп аталатын хадистердің жасырын олқылықтары жайлы ғылымды үйренді.

Оның ұстазы имам әл-Бұхари, имам әт-Тирмизидің білімін жоғары бағалаған. Имам әл-Бұхаридің имам әт-Тирмизиден жасы үлкен және білім деңгейі де жоғары болғандығына қарамастан, өзі де одан кейбір хадистерді риуаят еткен. Ол шәкірті имам әт-Тирмизиге былай деген: «Сенің менен алған пайдаңнан гөрі менің сенен алған пайдам көбірек (Тазхиб әт-Тахзиб 3\669).

Сонымен қатар, имам әт-Тирмизи имам Муслим ибн әл-Хаджад ән-Нейсабуримен де кездескен және өзінің «Әл-Джами’» атты кітабында одан бір хадис риуаят еткен.

Имам әт-Тирмизидің кітаптары:

- «Әл-Джами`», имамның бізге «Әс-Сунан әт-Тирмизи» деген атпен белгілі ең әйгілі кітабы,

- «Әл-‘Иляль әс-сағыр», «Сунанмен» бірге басылып тұрады, бұл кітапта имам өзінің «Сунанын» қалай құрастырғанын түсіндіреді,

- «Әл-‘Иляль әл-кабир», имамның ең маңызды кітаптарының бірі, имам онда хадистанудың әр түрлі салаларынан көптеген пайдалы әрі маңызды ақпаратты жинастырған. Мәселен, онда жеткізушілерді сынау мәселелері де бар. Кітаптың басым бөлігін имамның сұрақтарына өз ұстаздарынан алған жауаптары құрайды: әл-Бұхариден, Әбу Зураа әр-Разиден, Абдуллах ибн Әбдуррахман әд-Даримиден, және олардың ауқымды бөлігі имам әл-Бұхариден риуаят етілген.

- «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя», Раббымыздың қалауымен біз оқып-үйренгелі отырған кітап.
 
Біздің «Шамаиль Мухаммадийя» кітабының жеткізушілер тізбегін (санадын) баяндауымыз

Біз бұл кітапты ұстазымыз шейх Әбдуррахим Саид Лякрим ибн ән-Нахиль әл-Магрибиден жеткізіп отырмыз. Ол өзінің ұстазы шейх Абдуль-Каримәл-Хамзамиден, шейх Абдульазиз әл-Гумариден (1418 жылы көз жұмған), шейх Мухаммад Бадруддин әл-Хасаниден(1345 жылы көз жұмған), ол бұл кітапты екі шейхтен риуаят еткен: біріншісі — оның әкесі Юсуф ибн Әбдуррахман (1279 жылы көз жұмған), екіншісі — шейх Абдуль-Кадир ибн Салих әл-Хатыб әд-Димашки (1288 жылы көз жұмған), ал, ол — екі шейхтен, Саид әл-Халябиден (1259 жылы көз жұмған) және Әбдуррахман әл-Казрири әд-Димашкиден (1262 жылы көз жұмған), ол екеуі де — әд-Димашкидің әкесі Мухаммад әл-Казририден (1221 жылы көз жұмған), оның әкесі Әбдуррахман әл-Казрири әд-Димашкиден (1185 жылы көз жұмған), Әбу әл-Мауахиб әл-Ханбалиден (1126 жылы көз жұмған), шейх  Әбу әл-Фадль Мухаммад әл-Хамзауиден (1085 жылы көз жұмған) әш-Шамс әл-Майданиден (1033 жылы көз жұмған), Шейхуль Ислам әт-Тыбиден (979 жылы көз жұмған), Мысыр мен Шамның мүфтиі Әбу әл-Бак Камал әд-Дин әл-Хамзауиден (933 жылы көз жұмған), Амируль Муминин филь-хадис Ибн Хаджар әл-Аскаляниден (852 жылы көз жұмған), Абдулллах ибн Халильәд-Димашкиден (805 жылы көз жұмған), хафиз әл-Миззи әд-Димашкиден (746 жылы көз жұмған) және Зейнаб әл-Макдисия (746 жылы көз жұмған) және ол екеуі де — Ибн әл-Бұхариден (690 жылы көз жұмған), Әбу әл-Айман әл-Киндиден (613 жылы көз жұмған), Әбу Шуджәл-Бистамиден (562 жылы көз жұмған), Әбу әл-Касим әл-Халилиден (496 жылы көз жұмған), Әбу әл-Касим әл-Хузаидан (411 жылы көз жұмған), әл-Хейсам әш-Шашиден (335 жылы көз жұмған),  имам әт-Тирмизиден (279 жылы көз жұмған).
 
Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
____________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков