Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 4-ші сабақ

2 083
10 февраля, 15

بسماللهالرحمنالرحيم

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен.    
            
قال الحافظ أبو عيسى محمد بن عيسى بن سورة الترمذي:

Әл
-Хафиз Әбу Иса Мухаммад ибн Иса ибн Саурат әт-Тирмизи былай деген:

1- باب ما جاء في خلق رسول الله (صلى الله عليه وسلم
وفيه (14) حديثاً


Алла елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сырт келбеті жайлы 14 хадистен құралған тарау.

1- حدثنا أبو رجاء قتيبة بن سعيد عن مالك بن أنس عن ربيعة بن أبي عبد الرحمن عن أنس بن مالك أنه سمعه يقول:

Ә
бу Раджа Кутейба ибн Саид [1],Мәлік ибн Әнастан [2] жеткізген, олРабиа ибн Әбу  Абдурахманнан [3], ол [4] Әнас ибн Мәліктің [5] былай дегенін естігенін риуаят еткен:

"كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ليس بالطويل البائن، ولا بالقصير، ولا بالأبيض الأمهق، ولا بالآدم ولا بالجعد القطط ولا بالسبط، بعثه الله تعالى على رأس أربعين سنة، فأقام بمكة عشر سنين وبالمدينة عشر سنين، وتوفاه الله على رأس ستين سنة وليس في رأسه ولحيته عشرون شعرة

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шамадан тыс ұзын да, қысқа да болмаған. Сонымен қатар, асқан аққұба да, тым қараторы да болмаған, шашы бұйра да емес, әрі аса түзу де болмаған. Алла Тағала қырық жасында оған елшілікті жүктеді. Ол Меккеде де он жыл болды, Мәдинада да он жыл болды. Ал, алпыстан аса берген шағында Жаратқан Алла оның жанын алды. Оның басы мен сақалындағы ақ шаштың саны жиырмаға да жетпеген.

Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ұлы сахабасы Әнас ибн Мәлік, Алла оған разы болсын, біз Алла Елшісін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көз алдымызға елестете алуымыз үшін оны бізге сипаттап берген.

Әнас оның бойынан бастай келіп, оның шектен тыс ұзын да, тым қысқа да емес, орта бойлы болғандығын айтқан. Өйткені, бойдың шамадан тыс ұзын немесе қысқа болуы адамдар үшін кемшілік болып саналады.

Содан соң Әнас бізге Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, реңін суреттей келіп, оның шамадан тыс аққұба болмағандығын айтқан.

Ибн Хаджар әл-Хайтами шектен тыс аққұбалықты былай түсіндіреді: «Қызыл шырайсыз ақ рең» [6].

Сонымен бірге, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өңі өте аппақ деп сипатталған хадистер бар. 

Мәселен, Әбу Туфейль, Алла оған разы болсын, былай жеткізген:

ماأنسىشدةبياضوجهه

Мен оның өте аппақ өңін ұмытқан жоқпын [7]

Ибн Хаджар әл-Хайтами аққұбалықтың салыстырмалы сапа екенін айтады. Сол себепті, бұл екі хадистің арасында қарама-қайшылық жоқ. Бірінші хадисте оның, солляллаху алейхи уа саллям, қызыл шырай аралас ақ реңді болғандығы айтылса, екінші хадисте оның қара торы болмағандығы айтылады.

Имам әл-Байджури былай дейді: «Біліп қой, бұл дүниеде түстердің ішіндегі ең асылы ─ қызыл рең аралас ақ түс. Ал, ақыретте ─ сары реңкті ақ түс». [8]

Осының бәрі біздің жетекшіміз Мұхаммедтің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жаратылыстардың ең ардақтысы ретінде ең көркем қасиеттердің иесі болғандығын көрсетеді.

______________________

[1] Хижрадан кейін 149 жылы туылған. Мәліктен, ән-Насаиден және солардың деңгейіндегі басқа да мухаддистерден хадистер естіген. Одан Ибн Маджадан басқа көптеген мухаддистер риуаят еткен. 240 жылы көз жұмған.

[2] Имам Мәлік – бұл Даруль Хиджра (Мәдина) имамы, Исламның тірегі және Алланың жер бетіндегі дәлелі. 95 жылы дүниеге келіп, 179 жылы дүние салған. Бұл имам таныстыруды қажет етпейді. Ол туралы бір емес, бірнеше ктіап жазылған.

[3] Шынайы есімі ─ Фарух. Сондай-ақ, Рабиа әр-Раъи ретінде белгілі. Мәдинаның әйгілі факихы. Ол қайтыс болғанда имам Мәлік ол жайлы былай деген: «Оның өлімінен кейін фиқһ бар тәтті дәмінен айрылды». 136 жылы дүние салған.

[4] Рабиа, Әнас ибн Мәліктің солай айтқанын естіген.

[5] Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадистерін жеткізушілердің арасындағы ең белгілі сахабалардың бірі. Пайғамбарға,оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, он жасынан бастап қызмет еткен. Жүз жылдан астам өмір сүрген.

[6] Әшрафуль Уасаиль, 42-бет. (Даруль Кутуб әл-Ильмия

[7] Әт-Тәбәрани.

[8] Әл-Мауахиб әл-Ладуния, 22-бет.


Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
____________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы

АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков