Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 7-ші сабақ

2 623
21 февраля, 15
Әбу Әли әл-Ағшари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 6-ші сабақ

Екінші хадис

2 — حدثنا حميد بن مسعدة البصري. حدثنا عبد الوهاب الثقفي عن حميد عن أنس بن مالك قال:
"كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ربعة ليس بالطويل ولا بالقصير، حسن الجسم، وكان شعره ليس بجعد ولا سبط أسمر اللون، إذا مشى يتكفأ".

Бізге
Хумейд ибн Масадата әл-Басри[1] хабарлады. Оған Абдуль-Уаххаб[2] әс-Сакафи[3], Хумейдтен[4] жеткізген. Хумейд, Әнас ибн Мәліктің былай дегенін риуаят еткен: «Алла Елшісі (солляллаху алейхи уа саллям) шамадан тыс ұзын да емес, қысқа да емес, орта бойлы болатын. Көркем мүсінді еді, шашы бұйра да емес, аса түзу де емес-тін. Қараторы өңді болатын және шапшаң жүретін».

Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бойы мен шашының сипаттамасына келер болсақ, бұл мәселе бұдан алдыңғы хадисте талданған болатын. Енді Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), басқа да сипаттарына көңіл бөлеміз.

Жоғарыда келтірілген Хумейдтің Әнастан жеткізген хадисінде Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) реңі «әсмар» (арабша ─ қараторы) деп сипатталған. Әнас ибн Мәлік Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мүсінді, яғни, сымбатты болғандығын айтады, оның денесінің бір жері ерекшеленіп тұрмаған немесе шектен тыс ұзын немесе қысқа болмаған, яғни, дене бітімі келісті болған.[5]

Хумейд ғана Әнастан Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қараторы болғандығын жеткізген. Әнас ибн Мәліктен риуаят еткен қалған жеткізушілер «Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүзі нұр шашып тұратын (أزهر)» деп сипаттаған. Имам әл-Ираки риуаят еткендей, басқа он бес сахаба оны аққұба өңді деп суреттеген.[6]

Имам әл-Байджури былай дейді: «Қорытындылай келе, хадистің осы нұсқасын жеткізушілердің саны көп болғандықтан және бұған нық сенімді болғандықтан, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аққұба өңді болғандығы айтылған хадистер дұрыс саналады.  Сол себепті, Ибн әл-Джаузи, Хумейд риуаят еткен хадистің сенімсіз екенін айтқан. Өйткені, ол басқа хадистерге қайшы келеді».[7]

Бір хадистің екі түрлі нұсқасына ортақ нәрсе мынада болуы мүмкін: Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызыл шырай аралас ақ реңді болғандығында. Бәлкім, бұл хадисті Әнастан Хумейдтің риуаят еткен нұсқасында «қараторы» сөзі Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызыл шырайсыз аппақ болмағандығын меңзеуі мүмкін. Дұрысын Алла біледі.

Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрісінің сипаттамасына келер болсақ, Әнас ибн Мәліктің (Алла оған разы болсын) ол жайында айтқан сөздерінің екі түрлі түсіндірмесі бар.
Түсіндірменің бірінші нұсқасы Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрісінің шапшаң болғандығын және кеменің өз жүзу бағытына қарай иіліп жүретіні секілді, оның алға қарай сәл еңкейіп жүргендігін білдіреді. [8] Мұны екі хадис растайды. Біз солардың бірін ары қарай талдаймыз. Ол мынадай: «Мен Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тез жүретін адамды көрген емеспін». Екінші хадисті имам әл-Бәйхақи «Даляиль ән-нубуввада» келтіреді:

كانإذامشىتقلع

«Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүргенде аяғын жерден жылдам көтеретін».

Бұл сонымен қатар оның баяу, шаршаңқы қадам баспай, ширақ жүргендігін көрсетеді.

Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрісі туралы осы біз қарастырып отырған хадистің екінші түсіндірмесіне сәйкес, ол кейде екі жағына теңселіп жүретін болған.[9]

Екіншісіне қарағанда бірінші түсіндірме анағұрлым дұрыс деп саналады.[10]

Бұл хадис біз үшін сүннет сабағы болып табылады. Өкінішке орай, көптеген жастар өз менмендігін, асқақтығын білдіріп, аяқтарын баяу, тәкаппарлана басып жүргенді жақсы көреді. Олар мұны ер мінез бен күш-жігердің белгісі деп жаңсақ ойлайды.

______________________________

[1] Хижра бойынша 244 көз жұмды. Одан әл-Бұхариден басқалардың бәрі риуаят етекн.

[2]Әбу Мухаммад. Сенімге («сикка») лайықты жеткізуші болған. Бірақ, өлерінен үш жыл бұрын хабарламалармен шатаса бастаған. Хижра бойынша 108 жылы туылып, 194 жылы дүние салған.

[3] Танымал тайпаның атауы.

[4] Хумейд әт-Тәуил (Ұзын) атымен белгілі. Алайда, ол қысқа бойлы болған. Бірақ, қолының ұзын болғандығы соншалық, өлген адамның қасында тұрғанда бір қолы оның басына, екінші қолы аяғына жететін болған. Оған мұндай лақап ат (әт-Тәуил) берілуінің себебі ─ оның Хумейд әл-Касыр (Қысқа) деген көршісі болған. Сол екеуін ажырату үшін оны әт-Тәуил деп атап кеткен. 142 немесе 143 жылы намаз үстінде қайтыс болған. Дәлелі (худжа) (сиккаға) сенімге лайықты.

[5] «Әшрафуль Уәсәл», 50-бет.

[6] «Әл-Мәуәхиб әл-ләдуния», 29-бет.

[7] Сол жерде.

[8] «Әшрафуль уәсәил», 50-бет.

[9] «Әл-Мәуәхид әл-ләдуния», 29-бет.

[10] Сол жерде.


Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков