Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 11-ші сабақ

2 151
6 марта, 15

Төртінші хадис

حدثنامحمودبنغيلانحدثناوكيعحدثناسفيانعنأبيإسحاقعنالبراءبنعازبقال:
"مارأيتمنذيلمَّةفيحلةحمراءأحسنمنرسولالله  (صلىاللهعليهوسلم)،لهشعريضربمنكبيه،بعيدمابينالمنكبين،لميكنبالقصيرولابالطويل".

«Бізге Махмуд ибн Ғайлән[1] хабарлаған. Оған Уаки[2] , Суфьяннан[3] жеткізген.  Суфьян, Әбу Исхақтан[4] риуаят еткен. Ол әл-Бәраъ ибн Әзибтің былай дегенін риуаят еткен: «Мен Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) асқан келбетті, бұрымды, қызыл киімді ешкімді көрген емеспін. Оның шашы кең иығына түсіп тұратын. Оның үстіне, шашы аса ұзын да емес, тым қысқа да емес-тін»».

Бұл ─ әл-Бараъ ибн Әзиб (Алла оған разы болсын) берген Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір сипаттамасы.

Бұл хадисте «бұрым» деп иыққа түсіп тұратын шаш жайында айтылған.

Кейбір риуаяттарда Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шашы өріліп қойған болуы мүмкін делінеді. Бірақ, мұнда әдетте көзімізге елестейтін бұрым жайында айтылмағаны сөзсіз, яғни, әйелдер сияқты өрілген бұрым емес.

Ол кезде ерлердің арасында ұзын шашты өрудің әйелдердің шаш өруінен өзгеше өзіндік тәсілі болғандығы ықтимал. Ондай шаш өрудің әйелдерге тән көрінісі болмаған. Өйткені, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ер тұлғалығымен әрі қайсарлығымен ерекшеленген ғой. Оның әйелге ұқсайтын сипаты болмаған.

Кейбір орта ғасырлық жауынгер халықтардың, мәселен, викингтердің ерлерінің шашының ұзын болуы дәстүрге айналған және олар шаштарын өзіндік тәсілдерімен жинап, буатын болған. Онда әйелге тән сипат болған жоқ. Бәлкім, арабтардың арасында да сол заманда осыған ұқсас дәстүр болған шығар.

Кейір риуаяттарда оның (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шашының құлағының сырғалығына дейін жетіп тұрғандығы суреттелген. Осындай екі түрлі сипаттаманың арасында қарама-қайшылық жоқ, себебі, жеткізушілер Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бейнесін естерінде сақтағандары бойынша, әр түрлі уақытта шашының әр түрлі болғанын сипаттауы ықтимал.

Сонымен қатар, бұл хадис Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызыл киім кигендігін және кейбір риуаяттарда ондай түсті киім кию мәкрух делінгеніне қарамастан, мұның мәкрух деп саналуы мүмкін еместігін көрсетеді[5].

Жалпы алғанда, бұл бөлімде түсінуіміз тиіс бір жайт ─ Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл өмірден озғаннан кейін де оның бейнесі сахабалардың жүрегінен мәңгілікке орын теуіп, олар Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келбетін ешқашан ұмытқан емес. Олар бұған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан берілген рухани күш пен жәрдемнің қайнар көзі ретінде қараған.

Біз де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы ойлап, оны, сахабаларды және басқа да ұлы тақуа жандарды қасымызда жүргендей көз алдымызға елестетуге барынша тырысуымыз қажет.

Кейбір сопылардың арасында мұндай ғұрып кең таралған және «рабита» деген атаумен белгілі. Бұл «байланыс» дегенді білдіреді. Мурид белгілі бір ұлы шейхтің қасында жүргенін елестетсе, бұл оның бойына құлшылық жасауда ерекше күш пен сергектік бітіреді.

Біреудің қасында жүру немесе құдды жүргендей көз алдыңа елестету адамның жүрегіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Мұны жоққа шығару мүмкін емес. Өйткені, бұл айдан анық! Сүйгенін ойлау және оның бейнесін көз алдына келтіру қашанда ғашық жанның көңіліне жұбаныш болған. Оның үстіне, әйелге деген сүйіспеншілік жайында сөз болған күннің өзінде де, бұл ─ ғашық адамның басынан өтетін қалыпты жағдай. Сонда бізге құтылу жолын көрсеткен және бізді соңына ілестіру арқылы екі дүниенің бақытына жетелейтін адамзаттың ардақтысы жайында не дерсің?!

______________________________

[1] 239 жылы дүние салған. Хафиз және сенімге лайықты жеткізуші болған. Одан Бұхари, Муслим және автор риуаят еткен.

[2] Әбу Суфьян Уаки` ибн әл-Джарах әр-Руъаси. Мұсылмандардың ең ұлы имамдарының бірі және аса ұлы хадис білгірі. Имам Ахмад ол жайында былай деген: «Мен одан асқан білгірді және хадистерді одан артық білген адамды көрген емеспін». Хаммад ибн Зейд ол туралы былай деген: «Қаласаң, айтайын, ол Суфьяннан да жоғары тұрады». 197 жылы көз жұмған.

[3] Бұл жерде Суфьян ибн Уйейна емес, Суфьян әс-Саури жайында айтылып тұр.

[4] Әбу Исхақ Әмр ибн Абдуллах әс-Сабии әл-Хамдани. Әл-Хамдан — бұл Йемендегі тайпа. Сенімге лайықты және көптеген хадис жеткізген (муксир) аса ұлы тақуа. Егер Шу`ба немесе Суфьян әс-Саури Әбу Исхақтан ешқандай қосымша нақтылаусыз жеткізсе, демек, ол ─ әс-Сабии. Егер ол басқа біреу болса, әдетте ол жайында қосымша нақты мәлімет беріледі.

[5] Әшрафуль-уәсәил, 52-бет.


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков