Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 14-ші сабақ
حدثناأحمدبنعبدةالضبيالبصريوعليبنحجر،وأبوجعفرمحمدبنالحسينوهوابنأبيحليمةوالمعنىواحد. قالوا: حدثناعيسىبنيونسعنعمربنعبداللهمولىغفرةقالحدثنيإبراهيمبنمحمدمنولدعليبنأبيطالبرضياللهعنه. قال: كانعليإذاوصفرسولالله (صلىاللهعليهوسلم) قال:
Бізге Ахмад ибн Әбдатәд-Даби әл-Басри[1] мен Әли ибн Худжр[2] және Әбу Джафар Мухаммад ибн әл-Хусейн[3], ол - ибн Әбу Халима[4] хабарлаған. Олар былай деген: «Бізге Иса ибн Юнус[5], Омар ибн Абдуллахтан[6], мәулә Гуфра[7] хабарлаған. Ол былай деген: «Бізге Әли ибн Әбу Талибтің (Алла оған разы болсын) ұлдарының бірі8 Мухаммадтың ұлы9 Ибрахим, Әлидің Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) суреттей келіп, былай дегенін хабарлады10:
Әбу Иса11 былай дейді: «Мен Әбу Джафар Мухаммад ибн әл-Хусейннің12 былай дегенін естідім: «Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бейнесінің түсініктемесінде әл-Асмаидың13 былай дегенін естідім: «الممغط «шектен тыс ұзын» дегенді білдіреді. Мен бір арабтың былай дегенін естідім: «Жебені тартты», – яғни, жебені қатты тартты. المتردد сөзі болса, бір дене мүшесінің қысқа болғандықтан екіншісіне кіріп тұруын білдіреді. Ал, القطط сөзі өте бұйра шашты және шашы өте бұйраланып тұратын адамды білдіреді. المطهم сөзіне келер болсақ, ол «томпақ/семіз» дегенді білдіреді. المكلثم сөзіне келер болсақ, ол дөңгелек немесе сопақша жүзді адамды білдіреді. Ал, المشرب сөзі қызыл реңкті ақ түсті білдіреді. الأدعج сөзі болса, ашық қара түсті көзді білдіреді. Ал, والأهدب сөзі ұзын кірпікті білдіреді. Ал, الكتد екі жауырынның қосылған жерін, яғни, иықты білдіреді. المسربة сөзіне келер болсақ, бұл кіндіктен бастап кеудеге дейін бір жолақ бойымен өскен аз ғана көлемдегі түкті білдіреді. الشثن сөзі болса, алақан мен табандағы қатқыл теріні білдіреді. التقلع сөзі ширақ жүрісті білдіреді. الصبب сөзі төмен қарай түсуді білдіреді. [Тілдік сөз қолданымында] былай айтылады: «Біз таудың баурайына немесе бөктеріне түстік». جليلالمشاش сөздері буынды білдіреді.العشرة сөзі «жақындықты/үзеңгілестікті» білдіреді, ал, العشير– дос/серіктес деген мағынада. Ал,البديهة «кенеттен» дегенді білдіреді. «Мен оның үстінен түстім» деген мағынада بدهته делінеді».
[2] Сенімге лайықты, хафиз. Одан әл-Бұхари, Муслим, әт-Тирмизи және ән-Нәсәъи хадистер келтірген. 244 жылы көз жұмған.
[3] Қабылданатын жеткізуші. Бірақ, одан әт-Тирмизи ғана риуаят еткен.
[4] Бұл ─ жеткізуші беймәлім болғандықтан жасалған түсініктеме.
[5] Аса ұлы ғұлама және аскет. Ол бір жылы қажылық жасаса, келесі жылды Алла жолында шайқасумен өткізген. Ол сенуге тұрарлық, имамдардың алтауы да одан хадис риуаят еткен. Ол имам Мәліктен, әл-Әузаиден және басқалардан риуаят еткен. 191 жылы қайтыс болған.
[6] Мәдиналық. Одан әт-Тирмизи мен Әбу Дауд хадис келтіреді. 145 жылы көз жұмған.
[7] Бұл ─ Гуфра бинту Рабах, Біләлдің (Алла оған разы болсын) қарындасы.
[8] Кейбіреулер мұнда Ибрахим ибн Мухаммадтың әкесі жайында айтылған десе, кейбіреулер бұл жерде немересі жайлы айтылған деген.
[9] Ибрахим ибн Мухаммад ибн әл-Ханафия. Әл-Ханафия – Әли ибн Әбу Талибтің әйелінің есімі. Оның шын есімі ─ Хауля бинт Джафар бинт Кейс әл-Ханафия.
[10] Ибрахим ибн Мухаммад Әлиді көрмеген және одан тікелей хадис риуаят етпеген. Имам әт-Тирмизи ары қарай сол жайында сөз қозғайды.
[12] Әт-Тирмизидің осы хадисті риуаят еткен үшінші жеткізушісі.
P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.
Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
Комментарии: 0
Правила форума