Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 15-ші сабақ

2 381
27 марта, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 14-ші сабақ

Алтыншы хадис. Екінші бөлім

Бұл риуаятта Әли (Алла оған разы болсын) Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдыңғы риуаятқа қарағанда толығырақ сипаттаған. Мұндағы кейбір сипаттамалар бұдан бұрынғы риуаяттағы сипаттамаларға ұқсағанымен, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бейнесін қайта суреттеу оны жақсы көретін адамды жалықтырмайды да, қажытпайды да.  
Әли (каррамаллаху уаджахаху) басқа да сахабалар сияқты Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шамадан тыс ұзын да емес, қысқа да емес болғанын айта келіп, Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дене бітімінен бастап сипаттаған.

Жалпы алғанда, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сымбатты мүсінді болған және семіз немесе толық болмаған.  

Бұл риуаятта Әли (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүзі дөп-дөңгелек  болмағанын, тек сәл домалақтау болғанын айтып, оның бет-әлпетін толығырақ суреттеген.

Сондай-ақ, Әли (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көзі ашық қара түсті болғанын айтқан.

Сонымен бірге, Әли бұл риуаятта Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) денесінің қалың түкпен бүркелмегенін және алдыңғы риуаятта айтылғандай, кеудесі мен кіндігінің аралығында бір жолақ түк болғанын айтқан.

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрісі өте ширақ болған. Өткен риуаятта айтылғандай, оның жүрісі құламалы еңістен түсіп келе жатқан адамның жүрісімен салыстырылады.
Бұл Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) еріншек болмағандығын көрсетеді. Сондай-ақ, мұны Әлидің Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әңгімелесіп тұрып, біреуге бұрылғанда басымен ғана емес, бүкіл денесімен бұрылғандығы жайлы айтқаны да растайды. Бұл Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамды мұқият тыңдағандығын білдіреді.

Сонымен қатар, Әли (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі жауырынының арасында пайғамбарлықтың мөрі болғандығын айта кеткен.

Ары қарай сол мөрді және оның көлемін суреттейтін жеке риуаяттар келтіріледі.

Әли, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сырт келбетін суреттегеннен кейін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлықтың мөрі болғандығын және одан кейін ешқандай пайғамбардың болмайтынын айтқан. Содан соң ол Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір адамгершілік сипаттарын атап өткен.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең пәк жүректің, момын әрі көркем мінездің иесі болған. Сол себепті де, ол, соның көзінше мешітте дәрет сындыратындай дәрежеде тағы, надан болған адамдарға Исламды жеткізе білген. Оның сол адамдарға сабырлықпен, момындықпен қарағаны соншалық, бұл олардың Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббатын арттыра түскен.

Мұнда да біз үшін ғибрат бар: көп жағдайда дөрекілікке сыпайылықпен жауап беру даналыққа жатады. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолында бұған көптеген мысалдар бар.

Сонымен қатар, Әли  (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бойынан сырт келбет сұлулығы мен мінез көркемділігінің үйлесім тапқаны соншалық, оны алғаш көрген адамның жүрегіне Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген қорқыныш ұялап, абыржитын болған. Бірақ, оның қасында біраз уақыт өткізгеннен кейін қорқыныш сезімі су сепкендей басылып, ол Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікке ұласқан.

Осы риуаяттың соңында мұсылмандардың әміршісі Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сұлулығын сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін еместігін және одан бұрын да, одан кейін де оған тең келетін адам болмағанын айтқан.

Өкінішке орай, кейбір мұсылман өңірлерде Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) суреті ретінде мұсылмандардың белгілі бір шииттерден алған жиіркенішті суреттері тарап кеткен.

Мұсылмандардың бірауыздан келісілген пікіріне (иджма) сәйкес, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) суретін салып, бейнелеуге болмайды.
Бәрінен де сорақысы – сол суреттердің кейбіреулерінде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) еркектен гөрі әйелге ұқсаңқырайтын сақалсыз бозбала кейпінде бейнеленген. Аллаһ Муста`ан!

Сол риуаяттың аяғында имам әт-Тирмизи хадисте кездесетін кейбір қиын сөздерді түсіндіріп кетеді. Біз кітап түгелдей аударылуы үшін және ондағы бірде-бір сөз аударылмай қалмас үшін қолымыздан келгенінше сол түсіндірмелерді де аударуға тырыстық.
 
 
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков