Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 16-шы сабақ

2 540
31 марта, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 15-ші сабақ

Жетінші хадис. Бірінші бөлім

ذ حَدَّثَنَا سُفْيَانُ بْنُ وَكِيعٍ، قَالَ‏:‏ حَدَّثَنَا جُمَيْعُ بْنُ عُمَرَ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ الْعِجْلِيُّ، إِمْلاءً عَلَيْنَا مِنْ كِتَابِهِ، قَالَ‏:‏ أَخْبَرَنِي رَجُلٌ مِنْ بَنِي تَمِيمٍ، مِنْ وَلَدِ أَبِي هَالَةَ زَوْجِ خَدِيجَةَ، يُكَنَى أَبَا عَبْدِ اللهِ، عَنِ ابْنٍ لأَبِي هَالَةَ، عَنِ الْحَسَنِ بْنِ عَلِيٍّ، قَالَ‏:‏ سَأَلْتُ خَالِي هِنْدَ بْنَ أَبِي هَالَةَ، وَكَانَ وَصَّافًا، عَنْ حِلْيَةِ رَسُولِ اللهِ صلى الله عليه وسلم، وَأَنَا أَشْتَهِي أَنْ يَصِفَ لِي مِنْهَا شَيْئًا أَتَعَلَّقُ بِهِ، ف


Бізге Суфьян ибн Уаки былай деп хабарлаған: «Бізге Джумей ибн Омар ибн Әбдурахман әл-Иджли (1)  өзінің кітабынан (имляъан (2)) жеткізіп, хабарлаған: «Маған Хадиджаның күйеуі - Әбу Халәттің балаларының бірі, бану Тамим тайпасынан шыққан, Әбу Абдуллах деген атпен белгілі болған бір ер Әбу Хальдің ұлынан әл-Хасан ибн Әлидің былай дегенін хабарлады: «Мен адамдарды жақсы суреттей білетін ағам Хинд ибн Әбу Хальден Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қандай болғанын сұрадым. Мен оның Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігімді арттыра түсетін сипаттама бергенін қаладым.

َقَالَ‏:‏ كَانَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم فَخْمًا مُفَخَّمًا، يَتَلأْلأُ وَجْهُهُ، تَلأْلُؤَ الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ، أَطْوَلُ مِنَ الْمَرْبُوعِ، وَأَقْصَرُ مِنَ الْمُشَذَّبِ، عَظِيمُ الْهَامَةِ، رَجِلُ الشَّعْرِ، إِنِ انْفَرَقَتْ عَقِيقَتُهُ فَرَّقَهَا، وَإِلا فَلا يُجَاوِزُ شَعَرُهُ شَحْمَةَ أُذُنَيْهِ، إِذَا هُوَ وَفَّرَهُ، أَزْهَرُ اللَّوْنِ، وَاسِعُ الْجَبِينِ، أَزَجُّ الْحَوَاجِبِ، سَوَابِغَ فِي غَيْرِ قَرَنٍ، بَيْنَهُمَا عِرْقٌ، يُدِرُّهُ الْغَضَبُ، أَقْنَى الْعِرْنَيْنِ، لَهُ نُورٌ يَعْلُوهُ، يَحْسَبُهُ مَنْ لَمْ يَتَأَمَّلْهُ أَشَمَّ، كَثُّ اللِّحْيَةِ، سَهْلُ الْخدَّيْنِ، ضَلِيعُ الْفَمِ، مُفْلَجُ الأَسْنَانِ، دَقِيقُ الْمَسْرُبَةِ، كَأَنَّ عُنُقَهُ جِيدُ دُمْيَةٍ، فِي صَفَاءِ الْفِضَّةِ، مُعْتَدِلُ الْخَلْقِ، بَادِنٌ مُتَمَاسِكٌ، سَوَاءُ الْبَطْنِ وَالصَّدْرِ، عَرِيضُ الصَّدْرِ، بَعِيدُ مَا بَيْنَ الْمَنْكِبَيْنِ، ضَخْمُ الْكَرَادِيسِ، أَنْوَرُ الْمُتَجَرَّدِ، مَوْصُولُ مَا بَيْنَ اللَّبَّةِ وَالسُّرَّةِ بِشَعَرٍ يَجْرِي كَالْخَطِّ، عَارِي الثَّدْيَيْنِ وَالْبَطْنِ مِمَّا سِوَى ذَلِكَ، أَشْعَرُ الذِّرَاعَيْنِ، وَالْمَنْكِبَيْنِ، وَأَعَالِي الصَّدْرِ، طَوِيلُ الزَّنْدَيْنِ، رَحْبُ الرَّاحَةِ، شَثْنُ الْكَفَّيْنِ وَالْقَدَمَيْنِ، سَائِلُ الأَطْرَافِ أَوْ قَالَ‏:‏ شَائِلُ الأَطْرَافِ خَمْصَانُ الأَخْمَصَيْنِ، مَسِيحُ الْقَدَمَيْنِ، يَنْبُو عَنْهُمَا الْمَاءُ، إِذَا زَالَ، زَالَ قَلِعًا، يَخْطُو تَكَفِّيًا، وَيَمْشِي هَوْنًا، ذَرِيعُ الْمِشْيَةِ، إِذَا مَشَى كَأَنَّمَا يَنْحَطُّ مِنْ صَبَبٍ، وَإِذَا الْتَفَتَ الْتَفَتَ جَمِيعًا، خَافِضُ الطَّرْفِ، نَظَرُهُ إِلَى الأَرْضِ، أَطْوَلُ مِنْ نَظَرِهِ إِلَى السَّمَاءِ، جُلُّ نَظَرِهِ الْمُلاحَظَةُ، يَسُوقُ أَصْحَابَهُ، وَيَبْدَأُ مَنْ لَقِيَ بِالسَّلامِ‏.‏


Ол былай деді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айбарлы тұлға болатын. Өзгелер де оны ұлы адам деп білетін. Оның бекзат жүзі толған айдай сәуле шашып тұратын. Ол орта бойлыдан сәл ұзындау, бірақ, өте ұзын бойлы саналатындардан қысқа болатын. Басы үлкен, шашы сәл бұйралау болатын. Егер шашы екіге айрылып тұрса, тиіспейтін, айрылмаса, әдейі айырып қоймайтын.

Оның шашы әдетте құлағының сырғалығынан төмен түспейтін. Әйтсе де, кейде одан ұзынырақ болатын. Жүзі жарқын, маңдайы жазық еді. Қасы қалың болатын, бірақ, бір-бірімен бітісіп жатпайтын, қастарының арасынан ашуланғанда көктамыры томпайып көрініп тұратын.

Мұрны дүңкиіп, жылтырап тұратыны соншалық, сырттай қараған адамға оның мұрны өзінің көлемінен үлкен болып көрінетін.

Сақалы қалың-тын. Ал, жүзі дөңгелек емес еді. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аузы шамадан тыс үлкен болмаса да, орташа үлкен болатын. Тістері аппақ, жіңішке еді. Көкірегі мен кіндігінің аралығында жіңішке жолақ бойымен өскен түк бар болатын.

Оның әсем мойны күміс іспеттес жарқырайтын. Денесінің барлық мүшелері бір-бірімен үйлесіп тұратын, сымбатты мүсінді әрі мығым денелі болатын. Кеудесі мен қарны тегіс еді. Көкірегі де иығы секілді жалпақ еді. Шомбал буынды болатын. 

Денесінің киіммен бүркелмеген жерлері нұр, шұғыла шашып тұратын. Көкірегі мен кіндігінің арасындағы бір жолақ түктен басқа кеудесі мен қарнында түк жоқ болатын. Шынтағы, иығы және көкірегінің жоғарғы жағы түкті еді. 

Білегі ұзын, алақаны жалпақ болатын. Алақаны мен табаны үлкен-тін. Аяқ-қолы немесе (3) саусақтары орташа ұзын болатын. Табаны да үстінен су ағып өте алатындай дұрыс құрылымды әрі үлкен еді.

Жүргенде аяғын жерден ширақ көтеріп, бірқалыпты басатын. Басқан қадамы үлкен, ал, жүрісі қырдан түсіп келе жатқандай шапшаң болатын. Біреуге бұрылғанда бүкіл денесімен бұрылып қарайтын.
Көзін төмен салып жүретін. Көбінесе, көкке емес, жерге қарап жүретін. Өзгелерге қадала қарамайтын. Сахабалары алдынан шыққанда сәлем беріп, амандасатын».

[1] Оның есімінде келіспеушіліктер бар. Кейбіреулер оның атын Джумей ибн Умейр деп жеткізген. Ибн Хиббан оны жеткізуші деп санаған, басқалардың көпшілігі оны әлсіз деп тапқан.

[2] Имляъ мухаддистің не өз жазбаларынан хадис оқуын, не өзінің араб тіліндегі, фиқһтегі және өзге де ғылымдардағы біліміне сәйкес хадисті талдауын білдіреді.

[3] Жеткізушінің күмәні.


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков