Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 19-шы сабақ

1 843
14 апреля, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 18-ші сабақ

Жетінші хадис. Төртінші бөлім. Соңы

Ары қарай жеткізуші Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұрнын сипаттауға көшеді. Әл-Бәйджури түсіндірмеде нақтылап айтқандай, оның мұрны ұзын, жіңішке және сәл дөңес болған[1]. Сондай-ақ, мұрны жылтырап тұратындықтан, өз көлемінен сәл үлкендеу болып көрінетін болған.

Ары қарай жеткізуші Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сақалын сипаттаған. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалың, қаба сақалды болған.

Қазіргі кезде адамдар сақалға қатысты екі түрлі әсіре тұжырымға келіп жатады. Оның бірі мынада: адамдардың сақал жайын көп сөз ететіні соншалық (бірақ, өкінішке орай, оның маңызы жайында сөз қозғайтындардың бәрі сақал қоя бермейді), Исламда басқа ешқандай сүннет жоқ па деген ойға қаласың. Өзгелер болса, керісінше, сақалдың дәрежесін төмендетіп, «оны қыруға болады» деген ойларын дәлелдеуге мейлінше тырысып бағады. Төрт имам да сақалды қыруға тыйым салынатынын айтқан болса, осының өзі саналы адам үшін жеткілікті емес пе?!

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бетіне келер болсақ, оның беті дөңгелек болмаған, жүзінде ерекшеленіп тұрмаған.

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аузы орташа үлкен болған. Бұл арабтар үшін шешендіктің белгісі болып саналған[2]. Ал, алдыңғы тістері жіңішке болған.

Адамдар Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мойнын әсемдігі мен сәуле шашқандығы, сымбаты мен үйлесімділігі бойынша пілдің сүйегімен салыстыратын болған.

Жалпы алғанда, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дене бітімі үйлесімді болған, қарны шығып тұратындай семіз болмаған. Көкірегі мен иығы жалпақ болған. Бұл ─ оның күш-қайрат пен сымбатты мүсін иесі болғандығының дәлелі.

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) денесінің ерекше берекесі болған: егер оның денесінің бір бөлігінде киім болмаса, мәселен, иығы мен кеудесі ашық болса, сырттай қараған адамға сол жер бейнебір шұғыла шашып тұрғандай көрінетін болған. Бұл бізге Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардың жүректерінде қандай орын алғандығынан хабар береді.

Сонымен қатар, жеткізуші Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шынтағында, иығында және көкірегінің үстіңгі жағында түк болғанын айта келіп, оның денесіндегі түкті сипаттаған. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрісі ширақ, қадамы алшақ болған.

Сондай-ақ, жеткізуші Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) біреумен сөйлескенде немесе біреуге қарағанда тек жүзімен ғана емес, бүкіл денесімен бұрылатын болғандығын да айта кеткен. Ол сонысымен сұхбаттасына ықылас танытып, мұқият тыңдайтынын көрсеткен.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрген кезде алдына қарап жүрген және оның назары көп жағдайда аспанға емес, жерге бағытталатын болған. Бұл оның ойын жинақтап жүргендігін білдіреді. Қазіргі қоғамда осы сүннетті жүзеге асыру қажет. Себебі, қазіргі кезде көзіңді жерден көтерсең, назарың міндетті түрде бір харам нәрсеге түседі.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қашанда амандасуға бірінші өзі ұмтылып, бірінші сәлем беретін болған. Бұл ─ оның жүрегінің ашық, таза болғандығының және оның бойында тәкаппарлықтың ізі де болмағандығының белгісі.

Жайдарылық пен жылы шырай – маңызы өте зор қасиеттер. Біз сол қасиеттерді бойымызға сіңіріп, дамытуға барымызды салуымыз керек. Алайда, өкінішке орай, мұсылмандардың арасында дөрекілік пен орынсыз ашу-ыза, өшпенділік сияқты жағымсыз қасиеттер кең өріс алып кеткен.

[1] Әл-Мәуәхиб әл-Ләдуния, 57-бет.

[2] Сол жерде.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков