Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 20-шы сабақ

2 521
28 апреля, 15

Сегізінші
хадис

حدثناأبوموسىمحمدبنالمثنى. حدثنامحمدبنجعفر. حدثناشعبةعنسماكبنحربقال: سمعتجابربنسمرةيقول:
"كانرسولالله  (صلىاللهعليهوسلم) ضليعالفم،أشْكلالعينين،منهوسالعَقِب،قالشعبة: قلتللسماك: ماضليعُالفم؟قال: عظيمالفم. قلت: ماأشكلُالعينين؟قال: طويلشِقالعينين،قلت: مامنهوسالعقب؟قال: قليللحمالعقب".

Бізге Ә
бу Муса Мухаммад ибн әл-Муссан[1] хабарлаған. Оған Мухаммад ибн Джафар[2] хабарлаған. Оған Шу`ба[3], Самак ибн Харбтан[4] хабарлаған. Ол Джабир ибн Самуратаның[5] былай дегенін естіген:

«Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аузы жалпақ болатын. Көзінде қызарған сызық байқалатын. Өкшесі сәл етті болатын».

Мен
[6]одан[7]: «Жалпақ ауыз(«дали` әләм») нені білдіреді»? – деп сұрадым. Ол: «[Орташа] үлкен ауызды білдіреді», − деп жауап берді. Содан соң мен одан: «Әшкаль әл-әйнейн деген не − деп сұрадым. Ол: «Үлкен көз», − деп жауап берді. Сөйтіп, мен одан: «Мәнхусуль-әкәб деген не − деп сұрадым. Ол: «Өкшесі етті болмаған деген», − деді.

Осы қысқа хадисте Джабир ибн Самурата (Алла екеуіне де разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сырт келбетінің кейбір қырларын риуаят еткен.

Атап айтқанда, онда үш нәрсе жайында егжей-тегжейлі айтылған. Алдыңғы риуаяттағыдай, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аузының жалпақ болғандығы хабарланған. Бірақ, оның аузы сырт келбеттің кемшілігі болып саналатындай шектен тыс жалпақ болмаған.

Ал, хадисте Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көзіне қатысты айтылған сөз тіркесіне келер болсақ, әл-Бәйджури жазғандай, Шу’ба ибн Хаджадтың ұстазы әрі шейхы Самак ибн Харб бұл сөзді талдауда ағаттық жіберген. Қады Ияд айтқандай, бұл сөз көздің үлкендігін емес, көздің ағының қызаруын білдіреді.

Біз осыған қарап, хадис риуаят еткен мухаддистердің де, тіпті Самак ибн Харб сияқты ұлы мухаддистердің де қандай да бір сөзді талдауда қателікке жол бергендерін түсінеміз.

Сол себепті де, мухаддистердің міндеті – риуаятты бұрмалаудан, артық сөздерден сақтап, факихтерге жеткізу. Факихтер өздерінің кең ауқымды білімдеріне, атап айтқанда, ижтихадтың шарты болып табылатын араб тіліндегі терең білімдеріне сүйеніп, хадистердің мағыналарын бүге-шігесіне дейін талдай алады.

Үшіншісі – Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өкшесінің сипаттамасы және оның өкшесінің үлкен болмағандығына меңзеу.

[1] Сенімге лайықты жеткізуші. Суфьян ибн Уейннан және Гундардан риуаят етеді.

[2] Гундар атымен белгілі. Оның аты бұл кезге дейін аталған болатын.

[3]Ұлы имам Шу`ба ибн әл-Хаджадж әл-Уәсыти, содан соң әл-Бәсри (85-160). Әмр ибн Динардан, Саидәл-Макбуриден, Катададан, тағы басқалардан риуаят еткен. Одан Суфьян әс-Саури, Мәнсур ибн әл-Мутамир, Абдуллах ибн Мубарак, Исмаиль ибн Улейя және тағы басқалар секілді көптеген ұлы мухаддистер мен имамдар риуаят еткен.

[4] Имам әт-Тирмизи бұл жерде Самак ибн әл-Уәлид емес, Самак ибн Харб жайында айтылғандығын мәлімдеген. Сенімге лайықты жеткізуші. Оны имам Муслим өзінің «Сахихінде» келтірген. Сонымен қатар, «Сунанның» төрт жинағында да оның аты аталады.  

[5]Екеуі де: әкесі де, ұлы да сахаба болған.

[6]Осы хадистің жеткізушілерінің бірі Шу`бабұл хадисті өзінің шейхінен риуаят еткен. Одан осы риуаяттағы кей сөздердің мағыналарын сұраған.

[7] Самак ибн Харбтан сұраған.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы

АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков