Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 21-ші сабақ

1 869
1 мая, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 20-шы сабақ

Тоғызыншы хадис

حدثناهنادبنالسري. حدثناعبثربنالقاسمعنأشعث (يعنيابنسوار) عنأبيإسحاقعنجابربنسمرهقال:
"رأيترسولالله  (صلىاللهعليهوسلم) فيليلةأضحيان،وعليهحلةحمراء،فجعلتأنظرإليهوإلىالقمر،فلهوعنديأحسنمنالقم

Бізге
Ханад ибн әс-Сари[1] хабарлаған. Оған Әбсар ибн әл-Қасим[2], Әшәстан (яғни, Ибн Сивардан)[3], Әбу Исхақтан[4], Джәбир ибн Самурадан[5] хабарлаған:

«Бірде мен Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ай толған түнде көрдім. Сол түні ол үстіне қызыл киім киген еді. Мен біресе оған, біресе айға қараумен болдым. Сонда мен үшін Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айдан да сұлу көрінді».

Бұл таңғажайып әдемі хадисте Джабир ибн Самура (Алла оған разы болсын) бірде ай шуағын шашып, айналаға шұғыласын төккен түнде Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызыл киіммен көргенін баяндаған. 

Бізге Муслимнің «Сахихы» бойынша дәріс беретін ұстазымыз мүфти Замиль әр-Рахман бірде бізге сахабалардың кейбір риуаяттарды жеткізгенде өздерін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанында тұрғандай елестетіп, болған жайттарды жадтарында жандандырып, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайлы естеліктерге шомып кететін болғандығын айтты.

Олар бір хадисті риуаят ету кезінде сол оқиғалармен және Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеке тұлғасымен белгілі бір рухани байланысты сезінетін болған.
Біз олардың Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббаттарының күшін түсіне де, көзімізге елестете де алмаймыз.

Араб мәдениетінде жарқыраған ай мен толған ай сұлулықтың кемел бейнесі болып табылады.

Джәбир ай шапағы пен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рухани сәулесіне қараған кезде, Алла мен Оның Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сол бір ғашық жанның жүрегі үшін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рухани сәулесі әлдеқайда жарық, әлдеқайда тәтті болып көрінген.

Ал, Мұхаммед Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сұлулығын көрмеген біз сияқты ұрпақ қайтпек?

Ол бізге өзінің мұрагерлерін – ұрпақтарын, ғұламаларды және аскеттерді қалдырып кетті.

Мүміннің кейде ізгі ғұламалар мен қасиетті аскеттердің жүздерінен байқайтын сұлулығы – Джәбир ибн Самураны (Алла екеуіне де разы болсын) таңдай қақтырған сол бір таңғажайып сұлулықтың көрінісі. Сол сұлулықтың бір бөлшегі шынайы ғұламалар мен ұстаздардың жүздерінен байқалады. Ақиқи салиқаның жүрегі қашанда сол жандарға талпынады, солардың сухбатында болуды аңсайды, солардың рухани бақылауы мен рухани қамқорында болуды армандайды.

[1]Әл-Куфи әд-Дарими. Аскет және хафиз. Одан Муслим мен төрт «Сунанның» да авторлары хадис риуаят еткен. 223 жылы көз жұмған.

[2]Әз-Зубейди. Сенімге лайықты (сиқа).

[3] Одан Муслим, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи және Ибн Маджа риуаят еткен. Әл-Бұхариге келер болсақ, ол «Сахихте» одан риуаят етпеген, «Адаб әл-Муфрад» пен «Әт-Тарих әл-Кабирде» риуаят еткен.

[4]Әс-Сабии. Ол туралы бұған дейін айтқанбыз.

[5]Ән-Нәсәи бұл иснадтың дұрыс емес екенін, шындығында, бұл хадистің жеткізушісі әл-Бәраъ ибн Әзиб екенін айтқан. Бірақ, имам әл-Бұхари бұл хадистің әл-Бәраъдан да, Джәбирден де риуаят етілгендігін айтқан.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков