Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 22-ші сабақ
Оныншы хадис
Бізге Суфьян ибн Уаки хабарлаған. Оған Хумейд ибн Әбдурахман әр-Руъааси, Зухейрден[1] хабарлаған. ОлӘбу Исхақтың былай дегенін жеткізген: «Әл-Бәра ибн Әзибтен біреу: «Алла Елшісінің (оған Алланың иілігі мен сәлемі болсын) жүзі қылыш іспеттес пе еді?» − деп сұраған. Ол: «Жоқ, оның жүзі айдай болатын», − деп жауап берген».
Бізге Әбу Дауд әл-Мусахафи (Сулейман ибн Сәләм) хабарлаған. Оған ән-Нәдар ибн Шумейль, Салих ибн Әбу әл-Ахдардан[2], ол Ибн Шихабтан[3], олӘбу Сәләмнан[4], олӘбу Хурейрадан[5] (Алла оған разы болсын) хабарлаған: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күмістен құйылғандай аппақ еді. Шашы сәл бұйра болатын».
[1] Зухейр ибн Муауия ибн Худейдж. Сенімге лайықты имам. Алты жинақтың бәрінде де одан хадистер риуаят етілген. 173 жылы көз жұмған.
[2]Хишам ибн Абдуль-Мәліктің азат етілген құлы. Имам әз-Зухридің қызметшісі болған. Оның жеткізуші ретіндегі сенімділігіне қатысты мухаддистердің пікірлері әр түрлі болған.
[3] Әз-Зухри. Ұлы имам әрі хафиз. Ол шамамен он сахабадан хадис естіген. Екі мыңға жуық хадис риуаят еткен. Әл-Лейс ол туралы былай деген: «Мен одан артық білгірді көрген емеспін». Макхульден: «Сен көрген адамдардың ішінде ең білгірі кім?» − деп сұрағанда, ол: «Әз-Зухри», − деп жауап берген.
[4] Ибн Әбдур-Рахман ибн Ауф. Тәбиғин. Оның есіміне қатысты ғұламалардың пікірі әр түрлі болған. Олардың кейбіреулері оның аты Абдуллах десе, кейбіреулері Исмаил деген, ал, біреулеріИбрахим деген.
[5]Жәһилдік дәуірде оның аты Әбдушшамс болған. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны Әбдур-Рахман деп ауыстырған. Мухаддистердің арасында оның есіміне қатысты қырыққа жуық көзқарас бар.
Жалғасы бар ин ша Алла..
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.
Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
Комментарии: 0
Правила форума