Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 23-ші сабақ

1 829
22 мая, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 22-ші сабақ

Он екінші хадис

حدثنا قتيبة بن سعد قال: أخبرني، الليث بن سعد عن أبي الزبير عن جابر بن عبد الله أن رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) قال:
"عُرِضَ عليّ الأنبياء، فإذا بموسى عليه السلام ضَرْب من الرجال كأنه من رجال شنُوءةَ، ورأيت عيسى بن مريم عليه السلام فإذا أقرب من رأيت به شبهاً عروة بن مسعود، ورأيت إبراهيم عليه السلام فإذا أقرب من رأيت به شبهاً صاحبكم يعني نفسه، ورأيت جبريل عليه السلام فإذا أقرب من رأيت به شَبهاً دِحْية"

Бізге
Катада ибн Саад[1] хабарлаған. Оған әл-Лейс ибн Саад[2], Әбу әз-Зубейрден[3], ол Джәбир ибн Абдулладан[4] хабарлаған. Ол Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен: «Мен пайғамбарларды көрдім. Мұсаны айтар болсақ, оның дене бітімі орташа, Шәнуъа тайпасының адамдарына ұқсайтын. Сондай-ақ, Иса ибн Мәриәмді (оған Алланың сәлемі болсын) көрдім. Оған ең ұқсайтын адам – Урва ибн Мәсғуд. Сонымен қатар, Ибрахимді (оған Алланың сәлемі болсын) көрдім. Оған бәрінен де мен ұқсаймын. Ал, Джибрильге келер болсақ, ол бәрінен де Дихьяға қатты ұқсайды».

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларды қалай көргендігіне келер болсақ, мұнда оның түсі жайлы айтылып тұр. Бұл Бұхаридің жинағындағы осыған ұқсас хадиспен расталады:

أرانيالليلةعندالكعبةفيالمنام

«
Мен түнде Қағбаның жанында түс көрдім».

Яки мұнда Исра уәл Миғраж жайында сөз болып отыр. Бұл да Бұхаридің жинағындағы хадиспен расталады:

ليلةأسريبيرأيتموسى

«
Мен көкке көтерілгенде Мұсаны көрдім».

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең бірінші суреттеген пайғамбары – Мұса.

«Мұса» есімі – бұл Моша есімінің арабша айтылу нұсқасы. Бұл пайғамбарға бұл есімді Әсия бинт Музахим оны су мен ағаштың жанында тасталған жерінде тапқаннан кейін берген[5].

Шәнуъа – сымбатты және арық дене бітімімен ерекшеленген йемендік тайпалардың бірі[6].

Исаға (оған Алланың сәлемі болсын) келер болсақ, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны Урва ибн Мәсғуд әс-Сакафимен салыстырған. Ол Урва ибн Мәсғуд әл-Хузали емес.

Құрайыштықтар Урва ибн Мәсғудты Худайбия келісімін жасау үшін жіберген. Ол кезде ол әлі пұтқа табынушы болған. Ол Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Таифтан оралғаннан кейін Исламды қабылдап, өз тайпасын Исламға шақыруға рұқсат алған. Тайпасындағы адамдар оны азан шақырып жатқан жерінде өлтіріп кеткен. Алла оған разы болсын. 

Ал, Ибраһим пайғамбарды (оған Алланың сәлемі болсын) Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен салыстырған.

Джибрильге (оған Алланың сәлемі болсын) келер болсақ, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны өзінің басқа сахабасы Дихья әл-Қалбимен салыстырған. Дихья әл-Қалби Бәдрден кейін Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге негізгі оқиғалар мен шайқастардың барлығына қатысқан.

Джибриль (оған Алланың сәлемі болсын) Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көп жағдайда сол сахабаның кейпінде келетін болған. Өйткені, ол сахаба келбеттілігімен және ділмарлығымен ерекшеленген. 

Әдетте патшаға елші жіберетін кезде көрікті әрі шешен адамды таңдайтын болған.

[1]Әбу Раджа әл-Бәлхи.

[2]Ұлы имам-мүжтахид, Мысыр ғұламасы. Білімде имам Мәлікпен тең болған. Бірақ, шәкірттері оның ілімін тарата алмаған. 175 жылы қайтыс болған.

[3] Мухаммад ибн Муслим әл-Макки. Хафиз. Одан көптеген мухаддистер хадис риуаят етеді.

[4]Оның әкесі Абдуллах та сахаба болған.  

[5]Әл-Мәуәхиб әл-Ләдуния, 73-бет.

[6]Сол жерде.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков