Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 24-ші сабақ

1 894
29 мая, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 23-ші сабақ

Он үшінші хадис

حدثناسفيانبنوكيعومحمدبنبشار (المعنىواحد) قالاأخبريزيدبنهارونعنسعيدالجريريقالسمعتأباالطفيليقول:
"رأيتالنبي  (صلىاللهعليهوسلم) ومابقيعلىوجهالأرضأحدرآهغيري. قلت: صِفهلي. قال: كانأبيض،مليحاًمُقصداً

Бізге Суфьян ибн Уаки[1]мен Мухаммад ибн Бәшшар[2] хабарлаған. Оларға Язид ибн Харун[3], Саид әл-Джурейридің былай дегенін жеткізген: «Мен Әбуәт-Туфейльдің[4] былай дегенін естідім: «Жер бетінде менен басқа Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көрген ешкім қалған жоқ». Сонда мен: «Оны суреттеп берші», − дедім. Ол: «Ол қызыл шырай аралас ақ өңді және дене бітімі орташа болатын», − деді».

Әбу әт-Туфейль осы хадисті риуаят ету кезінде Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тірі қалған соңғы сахабасы болған. Оның бұл сөздерінде «Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сырт келбеті жайында менен сұраңдар» деген тұспал мен кеңес болды.

Он төртінші хадис

حدثناعبداللهبنعبدالرحمن. حدثناإبراهيمبنالمنذرالحزاميحدثناعبدالعزيزبنثابتالزهري. حدثنيإسماعيلبنإبراهيم (بنأخيموسىبنعقبة) عنموسىبنعقبةعنكريبعنابنعباسقال:
"كانرسولالله  (صلىاللهعليهوسلم) أفلجالثَّنِيَّتَين،إذاتكلمرؤيكالنوريخرجمنبينثناياه".

Бізге Абдуллах ибн Әбдур-Рахман[5] хабарлаған. Оған Ибрахим ибн әл-Мунзири әл-Хузами[6] хабарлаған. Оған Әбдуль-Әзиз ибн Сабитәз-Зухри[7] баяндаған. Оған Исмаил ибн Ибрахим[8] (Мұса ибн Укбаның ағасының ұлы), Мұса ибн Укбадан[9], ол Курейбадан[10], ол ибн Аббастан хабарлаған: «Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тістерінің арасы сәл ашық болатын. Сөйлеген кезінде тістерінің арасынан нұр көрінетін».

Басқаша айтқанда, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөйлеген кезде оны тыңдап отырған адам Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тістерінің арасының сәуле шашатынын байқайтын болған.

Бұл Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кереметтерінің (мұғжиза) біріне жатады.

Алайда, бұл хадисте Әбдуль-Әзиз ибн Сабитке бола ақау бар. Имам әз-Зәхәби оны мәтрук деп сипаттаған.

«Шәмәил Мухаммадияның» бірінші тарауы осымен аяқталады.

[1]Суфьян ибн Уаких ибн әл-Джәрах.

[2]Әбу Бәкір әл-Әбди.

[3]ӘбуХалидәс-Сулями. Ұлы имам жәнемухаддис. Оның сабақтарына жетпіс мыңға жуық адамдар қатысатын болған.

[4]Әмір ибн Уәсил. Ол Әлиге қолдау көрсетіп тұрған. Ухуд шайқасы орын алған жылы дүниеге келіп, 110 жылы қайтыс болған. Ол дүние салғаннан кейін сахабалық біткен.

[5]Әд-Даримиәт-Тәмимиәс-Самарқанди, бірақ, әт-Таифиәс-Сакафи емес. Өз заманындағы Самарқандтың имамы болған. Ұлыхафиз. 255 жылы көз жұмған.

[6]Өз заманының әйгілі ғұламасы. Оның хадистерін Бұхари, Тирмизи және Ибн Мәджә риуаят еткен.

[7] Имам әз-Зәхәби оның кітаптардан риуаят еткендігін айтады. Бірақ, ол кітаптар жанып кеткен. Содан кейін оның хадистері қабылданбайды.

[8]Әл-Асади. Ибн Мәиннің сынына қарамастан, оның хадистерін әл-Бұхари мен әт-Тирмизи риуаят еткен.

[9]Белгілімединалық ғұлама. Одан Суфьян ибн Уйейна мен Суфьян әс-Саури хадис жеткізген.

[10]Ибн Аббастың азат етілген құлы. Өзінің қожайынынан және тағы басқалардан да хадис риуаят еткен.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы

АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков