Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 25-ші сабақ

1 552
12 июня, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 24-ші сабақ

Он бесінші хадис

2- بابماجاءفيخاتمالنبوة
وفيه (8) أحاديث

Глава о печати пророчества. И в этой главе восемь хадисов.
 
15-  حدثنا قتيبة بن سعيد. حدثنا حاتم بن إسماعيل عن الجعد بن عبد الرحمن قال: سمعت السائب بن يزيد يقول:
"ذهبت بي خالتي إلى النبي  (صلى الله عليه وسلم) فقالت يا رسول الله إن ابن أختي وَجع فمسح  (صلى الله عليه وسلم) رأسي ودعا لي بالبركة وتوضأ فشربت من وضوئه وقمت خلف ظهره، فنظرت إلى الخاتم بين كتفيه، فإذا هو مثل زرّ الحجلة".

Бізге Кутейба ибн Саид хабарлаған. Оған Хатим ибн Исмаиль[1], әл-Джуад ибн Әбдур-Рахманның[2] былай дегенін хабарлаған:«Мен Саиб ибн Язидтің[3] былай дегенін естідім: «Әпкем[4] менімен бірге Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барды. Сөйтіп, былай деді: «Уа, Алла Елшісі, менің сіңлімнің ұлы науқастанып қалды». Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басымды сипап, мен үшін Алладан береке сұрап, дұға жасады. Содан соң ол дәрет алды, мен дәреттен қалған суды іштім. Оның артында тұрып, екі жауырынының арасындағы көлемі бөдененің жұмыртқасындай пайғамбарлықтың мөрін көрдім»».

«Шәмәил Мухаммадияның» екінші тарауы Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлық мөрін сипаттауға арналған.

Бұл хадисте Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде кішкентай бала болған Саиб ибн Язидтің хикаясы баяндалады. Ол қатты сырқаттанып қалғанда әпкесі оны Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұға оқыту үшін алып барып, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)балаға қол тигізуі арқылы оның берекесіне қол жеткізбекші болған.

Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) баланың өмірі мен денсаулығына береке сұрап, дұға қылған. Сол сахаба өте ұзақ өмір сүріп, әбден қартайған шағында да денсаулығы мықты, көзі жақсы көретін болған.

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәрет алуына келер болсақ, ол бұл оқиғаға қатысы жоқ басқа бір жағдай үшін дәрет алған болуы ықтимал. Екінші жағынан, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі дәрет алған ыдыста қалған суды әлгі бала ішсін деп әдейі солай жасаған болуы да мүмкін.

Сонымен қатар, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәрет алғаннан кейін оның үстінен тамшылаған су арқылы береке алынған болуы да ғажап емес[5].

Содан кейін әлгі кішкентай сахаба Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арқасындағы бөдененің жұмыртқасының көлеміндей пайғамбарлықтың мөрін көрген.

Имам әл-Бәйджури мөрдің сол жақ жауырынға жақын болғанын және жүректің қарсысында орналасқандығын жазады[6].

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл мөрі қашан пайда болғандығына қатысты әр түрлі көзқарас бар: туылған кезінде-ақ болған, туылған бойда шыққан, кеудесін жарған кезде пайда болған, пайғамбарлық миссиясы басталған кезде шыққан. Ибн Хаджар әл-Әсқаләни осылардың арасында үшінші пікірді құп көреді.


[1] Хатим ибн Исмаиль әл-Хариси. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың бәрінде де бар.

[2]Әл-Джуад ибн Әбдур-Рахман ибн Аус әл-Кинди. Оның хадистерін Бұхари мен  Муслим келтіреді.

[3]Бұл ізгі сахаба хижраның екінші жылында дүниеге келген, 80 жылында қайтыс болған.

[4] Ибн Хаджар әл-Әсқаләни оның әпкесінің есімін таба алмағандығын айтқан. Бірақ, бұл сахабаның анасының аты Улейя бинт Шурейх болған.

[5]Әл-Мәуәхиб әл-Ләдуния, 82-бет.

[6]Сол жерде.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков