Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 26 сабақ

2 134
7 августа, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 25-ші сабақ

Он алтыншы хадис

16- حدثنا سعيد بن يعقوب الطالقاني. حدثنا أيوب بن جابر عن سماك بن حرب عن جابر بن سمرة قال:
"رأيت الخاتم بين كتفي رسول الله (صلى الله عليه وسلم) غُدّة حمراء مثل بيضة الحمامة".


Бізге Саид ибн Якубәт-Таләкани[1] хабарлаған. Оған Аюб ибн Джәбир[2], Самак ибн Харбтан[3] риуаят еткен, ол Джәбир ибн Самурдың былай дегенін жеткізген: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі жауырынының арасынан көлемі көгершіннің жұмыртқасындай кішкентай қызарған ісікке ұқсайтын мөрді көрдім».

Бұл мөрдің көлемі жайында әр түрлі риуаяттар бар. Көптеген риуаяттарда оның көлемі әр түрлі айтылған. Оған кейінірек көз жеткіземіз.

Имам әл-Қуртуби, рахимахуллах, мөрдің үлкейіп немесе кішірейіп, көлемі өзгеріп тұрған болуы мүмкін екенін айтқан[4].

Он жетінші хадис

حدثنا أبو مصعب المدني. حدثنا يوسف بن الماجشون عن أبيه عن عاصم بن عمر بن قتادة عن جدته رميثة قالت:
"سمعت رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ولو أشاء أن أُقَبّل الخاتم الذي بين كتفيه من قربه لفعلت، يقول لسعد بن معاذ يوم مات: اهتز له عرش الرحمن".

Бізге Әбу Мусаб әл-Мәдани[5] хабарлаған. Оған Юсуф ибн әл-Мәджишун[6] өз әкесінен[7], ол Асым ибн Умар ибн Қатададан[8]хабарлаған. Ол әжесі Румейсаның[9] былай дегенін риуаят еткен: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Саад ибн Муаз жөнінде былай дегенін естідім (оның маған жақын тұрғаны соншалық, оның екі жауырынының арасындағы пайғамбарлықтың мөрін сүйгім келсе, сүйе алар едім): «Ол қайтыс болған кезде Аса Мейірімдінің Аршысы қалтырады»».

Бұл хадисті Румейса (Алла оған разы болсын) риуаят еткен. Ол кезде Румейса (Алла оған разы болсын) кішкентай қыз болған және Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлықтың мөрін сүйе алатындай жақын тұрған.

Ал, сол жағдайдың өзіне келер болсақ, мұнда Бәдр мен Ухудтағы шайқастарға қатысқан аса ұлы сахаба Саад ибн Муаз (Алла оған разы болсын) туралы айтылған. Ол Хандак шайқасында жараланып, бір айдан кейін ауыр жарақаттан көз жұмған.

Аршының қалтырауына келер болсақ, мухаддистердің көпшілігі мұны тура мағынасында талдайды. Себебі, мұндай талдауда ақидамыздың негіздеріне қайшы келетін ештеңе жоқ әрі бұл ақылға сыйымды.

[1] Сенімге лайықты. Одан әт-Тирмизи, Әбу Дауд және ән-Нәсәи риуаят еткен.

[2] Айюб ибн Джәбирәл-Ямани, содан соң әл-Куфи. Оның хадистері Әбу Дауд пен әт-Тирмизиде бар. ӘбуЗура мен басқа да кейбір мухаддистер оны әлсіз деп тапқан.

[3] Самак ибн Харбәз-Зухали, Әбуәл-Муғира. Сексенге жуық сахабаны көрген. Бірақ, соңына қарай оның есте сақтау қабілеті әлсіреп кеткен.

[4] Әл-Мәуәхиб әл-Ләдуния, 85-бет.

[5] Муттариф ибн Абдуллахәл-Хиләли. Одан Бұхари риуаят еткен. Басқалар оның Ахмад ибн Әбу Бәкір әз-Зухри екенін айтқан.Ибн Әддибұлардың екіншісі жайында: «Оның қаб  ылданбайтын(мәнәкир) хадистері бар», − деген.

[6] Сенімге лайықты. Одан Бұхари, Муслим, ән-Нәсәи, әт-Тирмизижәне Ибн Мәджә риуаят еткен.

[7] Якуб ибн Әбу Сәләмә ибн әл-Мәджишун. Одан Муслим риуаят еткен.

[8] Умар ибн Қатада ибн ән-Нуманәл-Мәданиәл-Әусаәл-Ансари. Әл-Мағазидің үлкен білгірі болған.

[9] Пайғамбарлықтың кезінде кішкентай қыз болған сахаба.


Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков