Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 27 сабақ

1 737
11 августа, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 26 сабақ

Он сегізінші хадис

حدثنا أحمد بن عبدة الضبي وعلي بن حجر وغير واحد. قالوا: حدثنا عيسى بن يونس عن عمر بن عبد الله مولى غُفرة قال: حدثني إبراهيم بن محمد من ولد علي بن أبي طالب قال:
"كان عليّ إذا وصف رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) فذكر الحديث بطوله وقال: بين كتفيه خاتم النبوة، وهو خاتم النبيين".

Бізге Ахмад ибн Әбәда әд-Даби мен Әли ибн Худжур және тағы басқалар жеткізген. Оларға Иса ибн Юнус, Умар ибн Абдуллахтың, яғни, Ғуфардың азат етілген құлының былай дегенін хабарлаған: «Маған Ибрахим ибн Мухаммад бала Әли ибн Талибтен хабарлады: «Әли, Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) суреттеген кезде (содан кейін хадисті[1] түгелдей келтірді) былай деді: «Оның екі жауырынының арасында пайғамбарлықтың мөрі бар болатын, ол – барлық пайғамбарлардың мөрі».

Бұл хадис бірінші тарауда келтірілген болатын. Бұл тарауда имам әт-Тирмизи оны Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі жауырынының арасындағы мөр жөнінде айту үшін келтірген.

Бұдан түсінікті болғаны – мухаддистер егер қандай да бір хадистің белгілі бір бөлігі ғана қажет болса, кейбір хадистердің үзіндісін ғана келтіруге болады деп санаған. Имам әл-Бұхари көбінесе солай жасаған.

Он тоғызыншы хадис

حدثنا محمد بن بشار. حدثنا أبو عاصم. حدثنا عزرة بن ثابت قال: حدثني علباء بن أحمد اليشكري قال: حدثني أبو زيد عمرو بن أخطب الأنصاري قال:
"قال لي رسول الله  (صلى الله عليه وسلم): يا أبا يزيد ادْنُ مني فامسح ظهري، فمسحت ظهره، فوقعت أصابعي على الخاتم. قلت: وما الخاتم؟ قال: شعرات مجتمعات".

Бізге Мухаммад ибн Бәшәр хабарлаған. Оған Әбу Асым
[2], оған Азара ибн Сабит[3], Ильба ибн Ахмад әл-Яшкаридің[4] былай дегенін хабарлаған: «Маған Әбу Зейд Әмр ибн Ахтабәл-Ансари[5] хабарлады: «Маған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Уа, Әбу Зейд, маған жақын келіп, арқамды сипап көр». Мен оның арқасын сипағанда саусағым пайғамбарлықтың мөріне тиді. Сонда мен[6]: «Ол қандай мөр?» − деп сұрадым. Ол[7]: «Аз ғана түк», − деді.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлық нұрының арқасында Әбу Зейдтің (Алла оған разы болсын) пайғамбарлықтың мөрін ұстап көргісі келгенін аңғарған болар. Сол себепті, оны қасына жақындауын өтініп, сол мөрді ұстатқан.

Сондай-ақ, имам әт-Тирмизи «Сунанда» Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сол сахабаға дұға жасағанын айтады:

اللهمجمله

«Я, Алла, оны көріктендіре гөр».

Сол сахаба ұзақ өмір сүрген, сақалында да, шашында да ақ жоқтың қасы болған[8].

Әбу Зейдтің Ильбаға берген жауабына келер болсақ, бұл оның Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арқасын сипағанын, мөрдің үстінде аз ғана түктің болғанын, сол себепті, оның мөрдің өзін ұстай алмағандығын білдіреді[9].


[1]Бұл хадис бірінші тарауда келтірілді.

[2]Әбу Асым әд-Дахак ибн Махләд. Оны Ибн Джурейдж «Ән-Нәбил» деп атаған. Имам әл-Бұхаридің ұстаздарының бірі.

[3]Азара ибн Саби ибн Әбу Зейд әл-Ансари. Оның хадистері алты жинақта да бар. Әмр ибн Динар мен сол буындағы адамдардың хадистерін риуаят еткен. Одан Уаки, Ибн Мәхди және тағы басқалар риуаят еткен.

[4]Сенімге лайықты. Оның хадистерін Муслим, Тирмизи, Нәсәи және тағы басқалар келтіреді.

[5]Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізгі сахабасы.

[6]Ильба сұрап тұр.

[7]Яғни, ӘбуЗейд оған жауап берді.

[8]Әл-Мәуәхибәл-Ләдуния, 91-бет.

[9]Сол жерде.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков