Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 28 сабақ

2 185
18 августа, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 27 сабақ

Жиырмасыншы хадис. Бірінші бөлім

حدثنا أبو عمار الحسين بن حريث الخزاعي، حدثنا علي بن الحسين بن واقد. حدثني أبي حدثني عبد الله بن بريدة قال: سمعت أبي بريدة يقول:

Бізге Әбу Әммәр әл-Хусейн ибн әл-Харис әл-Хузаи
[1], оған Әли ибн Хусейн ибн Вакид[2] хабарлаған. Оған әкесі[3] Абдуллах ибн Бәриданың[4] былай дегенін жеткізген: «Мен Әбу Бәриданың[5] былай дегенін естідім:

جاء سلمان الفارسي إلى رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) حين قدم المدينة بمائدة عليها رُطب فَوضِعت بين يدي رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) فقال يا سلمان ما هذا؟ فقال صدقة عليك وعلى أصحابك، فقال ارفعها فإنا لا نأكل الصدقة قال فرفعها فجاء الغد بمثله، فوضعه بين يدي رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) فقال: ما هذا يا سلمان؟ فقال: هدية لك فقال رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) لأصحابه ابسطوا. ثم نظر إلى الخاتم على ظهر رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) فآمن به، وكان لليهود فاشتراه رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) بكذا وكذا درهماً على أن يغرس نخلاً فيعمل سليمان فيه حتى تطعم فغرس رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) النخيل إلا نخلة واحدة غرسها عمر، فحملت النخيل من عامها ولم تحمل النخلة، فقال رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) ما شأن هذه النخلة؟ فقال عمر يا رسول الله أنا غرستها فنزعها رسول الله (صلى الله عليه وسلم) فغرسها فحملت من عامها".

«Салман әл-Фарси Мәдинаға құрма салынған табақ алып келгеннен кейін Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барды. Сөйтіп, сол құрмаларды Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдына қойды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Уа, Салман, бұл не?» - деп сұрады. Ол: «Бұл – саған және сенің сахабаларыңа садақа», - деп жауап берді.

Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мұныңды алып кет. Біз садақаны жемейміз». Салман құрмаларды алып кетті де, ертеңіне тағы да келіп, құрмаларды дәл солай Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдына қойды.

Сонда ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы да: «Бұл не, уа, Салман?» - деп сұрады. Салман:«Бұл – саған және сахабаларыңа сыйлық», - деп жауап қатты. [Сол кезде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді]: «Бұларды өзара бөлісіп алыңдар».

Содан соң ол Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арқасынан пайғамбарлықтың мөрін көріп, оған иман келтірді. Ол кезде Салман бір яһудидің меншігі болатын. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны белгілі бір сомаға сатып алды. Сол үшін Салман [ағаштар] жеміс бергенге дейін бақшада жұмыс істеуі керек болды. Сол бақтағы бір пальмадан басқа  пальмалардың бәрін Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) отырғызды. Ал, бір пальманы Омар отырғызды. Сол жылы сол бір пальмадан басқаларының бәрі өнім берді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мына пальмаға не болған?» - деп сұрады. Сонда Омар: «Мұны мен отырғызған едім, уа, Алла Елшісі», - деп тіл қатты. Мұны естіген Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны түбірімен қазып алып, қайтадан отырғызды. Келесі жылы сол ағаш жеміс берді»».

Бұл – Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арқасынан пайғамбарлықтың мөрін көргеннен кейін Исламды қабылдаған Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұлы сахабасы Салман әл-Фарсидің Исламға келу хикаясы.

Осы хикаяда Салман Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бойынан пайғамбарлықтың үш белгісін байқады: пайғамбарлар садақа ретінде берілген тамақты жемейді, олар өздеріне тарту етілген  асты жейді және оларда пайғамбарлықтың мөрі болады. Салман Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бойынан осы үш сипатты да тауып, оған иман келтірді.

Ол уақытта Салман Бану Курейза тайпасынан шыққан бір яһудидің құлы еді. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Салманды сатып алғандығы айтылған хадистегі сөздер оның яһудидің «мукатаба» келісімін жасауына себепкер болғандығын білдіреді. Ол келісімге сәйкес, егер құл өзінің еңбегімен белгілі бір соманы өтейтін болса, азат етіледі.

Аталмыш жағдайда келісімге екі шарт жатты: белгілі бір соманы төлеп, құрма бақшасында жұмыс істеу қажет болды.

Сол бақшада қанша пальма болғандығы бұл риуаятта айқындалып айтылмайды. Бірақ, имам әл-Бәйджури кейбір риуаяттарда пальманың саны үш жүз болғандығы айтылатындығын жеткізген[6].
Басқаша айтқанда, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны өзі тікелей сатып алмаған.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пальма отырғызу арқылы оған сол бақшада жұмыс істеуге қолғабыс еткен.

[1] Сенімге лайықты. Одан Бұхари мен Муслим риуаят еткен.

[2] Оның жеткізуші екендігіне қатысты ғұламалардың пікірлері әр түрлі. Оның хадистері «Сунанның» төрт жинағында бар. Имам Бұхари оның хадистерін «Әл-Адабта» келтіреді.

[3] Хусейн ибн Вакид. Оның хадистері Муслимде бар. Икрима мен Сабит әл-Бунаниден хадис риуаят еткен, ал, одан – Абдуллах ибн Мубарак және басқалар риуаят еткен.

[4] Тәбиғин. ӘбуХатим мен тағы басқалар оның сенімді екенін айтып кеткен.

[5] Әбу Бәрида ибн әл-Хусейб. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы.

[6] Әл-Мәуәхибәл-Ләдуния, 98-ші бет.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков