Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 29 сабақ

1 493
25 августа, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 28 сабақ

Жиырма бірінші хадис

حدثنا محمد بن بشار. حدثنا بشر بن الوضاح. حدثنا أبو عقيل الدورقي. عن أبي نضرة العوفي قال:
"سألت أبا سعيد الخدري عن خاتم رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) فقال كان في ظهرة بضعة ناشزة".

Бізге Мухаммад ибн Бәшар, оғанБишр ибн әл-Вадах
[1] хабарлаған. Оған Әбу Акиль әд-Давраки[2], Әбу Нудур әл-Ауфидің[3] былай дегенін жеткізген: «Мен Әбу Саид әл-Худриден Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мөрі туралы сұрағанымда ол: «Ол кішкентай ғана ерекшеленіп тұратын нәрсе еді», - жауап берді».

Яғни, пайғамбарлықтың мөрі Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арқасындағы кішкентай ғана көзге білінердей өсік болған.

Жиырма екінші хадис

حدثنا أبو الأشعث أحمد بن المقدام العجلي البصري. أخبرنا حماد بن زيد عن عاصم الأحول عن عبد الله بن سرجيس (المزني) قال:
"أتيت رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) وهو في ناس من أصحابه فدرت هكذا من خلفه فعرف الذي أريد، فألقى الرداء عن ظهره، فرأيت موضع الخاتم على كتفيه مثل الجمُع حولها خِيلان كأنها ثآليل فرجعت حتى استقبلته فقلت غفر الله لك يارسول الله. فقال ولك. فقال القوم استغفر لك رسول الله  (صلى الله عليه وسلم). فقال نعم. ولكم ثم تلا هذه الآية (واستغفر لذنبك وللمؤمنين والمؤمنات).

Бізге Әбу әл-Әшәс Ахмад ибн әл-Муқаддам әл-Иджли әл-Басри
[4], оған Хаммад ибн Зейд[5], Асим әл-Әхуәләдан[6], ол Абдуллах ибн Сарджистен (әл-Музани)[7] хабарлаған: «Мен Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының арасында отырғанда қасына бардым. Сөйтіп, оны артқы жағынан айналып өтіп едім, ол маған не керек екенін түсінді де, арқасындағы жамылғыны шешті. Сол кезде оның екі жауырынының арасындағы көлемі кішкентай жұдырықпен тең пайғамбарлықтың мөрін көрдім. Оның айналасында кішкентай ісікке ұқсас қалдар бар екен. Содан соң оның алдына қайтып бардым да: «Алла сені кешірсін», - дедім. Сонда ол: «Сені де», -деп жауап берді. Адамдар: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сенің күнәларыңның кешірілуін сұрап дұға қылды ма?!» - деп сұрады. Мен: «Иә. Сендердің де», – дедім де, мына аятты оқып бердім: «Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле»».

Осы бөлімде келтірілген хадистерден түсінгеніміз, сахабалардың пайғамбарлықтың мөрін өз көздерімен көргілері келген себебі – күмәнданғандықтан емес, сол нышанды өз көздерімен көргісі келгендіктен.

«Алла сені кешірсін» деген сөзге келер болсақ, имам әл-Бәйджури түсіндіріп кеткендей, бұл болатын нәрсеге емес, өтіп кеткен нәрсеге қатысты айтылған.

Бұл сұрақты кім қойған дегенге келсек, Абдуллах ибн Сарджистің аузынан осы хадисті естіген шәкірттері болуы мүмкін, яки Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының өздері оған осы сұрақты қойған болуы ықтимал.

Содан соң Абдуллах ибн Сарджис Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тек ол үшін емес, хадисте келтірілген аятқа сәйкес олардың барлығы үшін дұға қылғандығын айтты.

«Шәмәил Мухаммадия» кітабының екінші тарауы осымен аяқталады.


[1] Ибн Хиббан оны сенімді деп тапқан. Одан Бундур және басқалар риуаят еткен.

[2] Шабир ибн Укба. Оның хадистерін Бұхари мен Муслим келтіреді.

[3] Әл-Мунзир ибн Мәлік. Белгілі тәбиғин.

[4] Оның хадистерін Бұхари мен Нәсәи келтіреді. 253 жылы көз жұмған.

[5] Ол соқыр болған. Одан көптеген адамдар хадис риуаят еткен.

[6] Әбу Әбдур-Рахман ибн Сулейман. Сенімге лайықты. Оның риуаяттары алты кітаптың бәрінде бар.

[7] Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков