Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 30 сабақ

1 359
1 сентября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 29 сабақ

باب ما جاء في شعر رسول الله  (صلى الله عليه وسلم)
وفيه (8) أحاديث

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашы туралы тарау. Онда сегіз
хадис бар.

Жиырма үшінші хадис

حدثنا علي بن حُجر. أخبرنا إسماعيل بن إبراهيم عن حُميد. عن أنس بن مالك قال:
"كان شعر رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) إلى نصف أذنيه

Бізге Ә
ли ибн Худжр хабарлаған. Оған Исмаиль ибн Ибраһим, Хумейдтен[1] хабарлаған. Ол Әнас ибн Мәліктің былай дегенін жеткізген: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашы құлағының ортасына дейін жететін».

Бұл тарауда мырзамыз Мұхаммедтің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашына байланысты мәліметтер баяндалады.

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашының ұзындығы әр хадисте әр түрлі айтылады. Себебі, оның шашының ұзындығы әр уақытта әр түрлі болған ғой.

Жиырма төртінші хадис

حدثنا هناد بن السري. أخبرنا عبد الرحمن بن أبي الزناد عن هشام بن عروة عن أبيه عن عائشة قالت:
"كنت أغتسل أنا ورسول الله  (صلى الله عليه وسلم) من إناء واحد وكان له شعر فوق الجُمة، ودون الوَفرة".

Бізге
Ханад ибн әс-Сари хабарлаған. Оған Әбдур-Рахман ибн Әбу әз-Зинад[2], Хишам ибн Урвадан[3], ол әкесінен[4] хабарлаған. Әкесі Аишаның былай дегенін риуаят еткен: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, екеуміз бірге ғұсыл алдық, оның шашы құлағының сырғалығынан төмен еді, бірақ, иығына жетпейтін».

Демек, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашы тым ұзын да, тым қысқа да болмаған.

Жиырма бесінші хадис

حدثنا أحمد بن منيع: حدثنا أبو قَطَن: حدثنا شعبة عن أبي إسحاق عن البراء بن عازب قال:
"كان رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) مربوعاً، بعيد ما بين المنكبين وكانت جُمته تضرب شحمة أذنيه".

Бізге
Ахмад ибн Мәни`[5] хабарлаған, оған Әбу Катан[6], оған Шу`ба, Әбу Исхақтан, ол әл-Бәра ибн Әзибтен хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дене бітімі үйлесімді, иығы кең болатын, ал, шашы құлағының сырғалығына дейін түсіп тұратын».
 
Жиырма алтыншы хадис

حدثنا محمد بن بشار. حدثنا وهب بن جرير بن جازم قال: حدثني أبي عن قتادة قال: قلت لأنس كيف كان شعر رسول الله  (صلى الله عليه وسلم)، قال:
"لم يكن بالجَعْد ولا بالسبط، كان يبلغ شعره شحمة أذنيه".

Бізге
Мухаммад ибн Бәшшар хабарлаған. Оған Уахб ибн Джәрир ибн Джәзим[7], оған әкесі[8], Қатададан[9] жеткізген: «Мен Әнастан: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашы қандай еді?» - деп сұрадым. Ол: «Оның шашы бұйра да емес, түзу де емес-тін және құлағының сырғалығына дейін түсіп тұратын», - деп жауап берді.


[1] Хумейд әт-Тауил.

[2] Мәлік оны сенімге лайықты деп тапқан. Оның хадистері алты жинақтың бәрінде де бар. Бағдадтағы мүфтилердің бірі болған.

[3] Ең ұлы мухаддистердің бірі.

[4] Урва ибн әз-Зубейр.

[5] Әбу Джәфәр Ахмад ибн Мәни` әл-Бәғауи. Оның хадистері алты жинақтың бәрінде де бар.

[6] Әмр ибн әл-Хайсам әз-Зубейди. Оның хадистері алты жинақтың бәрінде де бар.

[7]Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар.

[8] Джәрир. Сенімге лайықты жеткізушілердің бірі. Оның хадистері алты жинақтың алтауында да бар.

[9] Әбу әл-Хаттаб Қатада ибн Ди`әмә әл-Бәсри. Ең ұлы тәбиғиндердің бірі. Оның хадистері алты жинақтың алтауында да бар.


Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков