Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 31 сабақ

1 464
7 сентября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 30 сабақ

Жиырма жетінші хадис

حدثنا محمد بن يحيى بن أبي عمر، حدثنا سفيان بن عيينة عن ابن أبي نجيح عن مجاهد عن أم هانئ بنت أبي طالب قالت:
"قدم رسول الله (صلى الله عليه وسلم) مكة قَدْمة وله أربع غدائر".


Мухаммад ибн Яхья ибн Әбу Умар[1] хабарлаған, оған Суфьян ибн Уйейна[2], Ибн Әбу Нәджихтан[3], ол Муджахидтен[4], ол Умм Хани бинт Әбу Тәлібтен[5] хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Меккеге келгенде оның шашы төрт өрім болып өрулі еді».

Ол кезде арабтар шаш өруді әйелге тән нәзіктіктің белгісі немесе әйелге ұқсау деп санамаған.

Ер адамдардың шаш өруі әйелге тән белгі деп саналмаған басқа да мәдениеттер мен өркениеттер болды. Мәселен, викингтер. Керісінше, бұл жауынгердің ерекше сипаты һәм ержүректіліктің белгісі болған.

Бұл үлгі дәлел ретінде қолданылмайды, ол тек шаш ұзындығы секілді белгілі бір нәрселердің заманы мен мәдениетіне байланысты әсері де, мәні де әр түрлі болатынын көрсетеді.

Жиырма сегізінші хадис

حدثنا سويد بن نصر. حدثنا عبد الله بن المبارك عن مَعْمر عن ثابت البناني عن أنس:
"أن شعر رسول الله (صلى الله عليه وسلم) كان إلى أنصاف أذنيه

Бізге Сувейд ибн Нәср
[6] хабарлаған. Оған Абдуллах ибн Мубарак[7], Мә`мәрден[8], ол Сабит әл-Бунаниден[9], ол Әнастан хабарлаған: «Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), шашы құлағының жартысына дейін түсіп тұратын».

Басқаша айтқанда, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашы құлағының ортасына дейін жететін болған.

Айтып өткеніміздей, әр жеткізуші Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашының ұзындығын әр түрлі айтады. Өйткені, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашының ұзындығы өзгеріп отырған. Сондықтан, әр сахаба өзінің есінде көбірек сақталып қалған шаш ұзындығын сипаттаған.

[1] Имам-хафиз. Одан Муслим, Тирмизи, Нәсәи және Ибн Мәджә хадис келтіреді.

[2] Әбу Мухаммад Суфьян ибн Уйейна. Ұлы имамдардың бірі. Имам Шәфиғи былай деген: «Мәлік пенСуфьян болмаса,Хиджаздағы білім құрдымға кетер еді».

[3] Ясар ибн Әбу Нәджих. Ахмад пен басқалар да оны сенімге лайықты деп тапқан. Имам Бұхари оған «мутазилит» деген айып тағылғанын айтқан.

[4] Муджахид ибн Джәбр(немесе Джубейр, бірақ, біріншісі көбірек белгілі). Ең ұлы тәбиғиндердің бірі. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың бәрінде де бар. Меккеде сәждеде көз жұмған.

[5] Әли ибн Тәлібтің қарындасы. Оның есіміне қатысты келіспеушіліктер бар. Мекке алынған күні иман келтірген. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған құда түскенде бас тартқан, ал, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның бас тартуын қабыл алған.

[6] Сувейд ибн Нәср әл-Мәруәзи. Сенімге лайықты. Одан Тирмизи мен Нәсәи хадис келтіреді.

[7] Абдуллах ибн Мубарак ибн Вадах. Әһлү-с-Сүннаның аса ұлы имамы. Төрт мың ұстаздан білім алған.Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың бәрінде де бар.

[8] Әйгілі хадис жеткізуші. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың бәрінде де кездеседі.

[9] Әнас ибн Мәліктің көп уақыт қасында болған белгілі шәкірті. Ұлы тәбиғин және аскет. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың бәрінде де кездеседі.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков