Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 32 сабақ

1 946
11 сентября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 31 сабақ

Жиырма тоғызыншы хадис

حدثنا سويد بن نصر. حدثنا عبد الله بن المبارك عن يونس بن يزيد عن الزهري حدثنا عبيد الله بن عبد الله بن عتبة عن ابن عباس:
"أن رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) كان يسدل شعره. وكان المشركون يفرقون رؤوسهم، وكان أهل الكتاب يسدلون رؤوسهم، وكان يحب موافقة أهل الكتاب فيما لم يؤمر فيه بشيء ثم فرَق رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) رأسه"

Бізге Сувейд ибн Нәср[1], оған Абдуллах ибн Мубәрак[2], оған Юнус ибн Язид[3], оған әз-Зухри[4],оған Убейдуллах ибн Абдуллах ибн Утба[5], Ибн Аббастан хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашын сол күйінше жайып қоятын. Ал, пұтқа табынушылар шаштарын тарап, екіге айырып қоятын. Ал, Кітап иелері шаштарын сол қалпынша жайып жүретін. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ешқандай харамдығы болмаса, Кітап иелеріне ұқсағанды жақсы көретін. Кейін Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашын екіге бөліп қоятын болды».

Бұл хадисте Ибн Аббас, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үндеудің бастапқы кезеңінде пұтқатабынушылардан ерекшеленгенді және христиандарға ұқсағанды ұнатқанын хабарлайды.

Имам әл-Қуртуби[6], рахимахуллах, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Меккеде пұтқа табынушылардың арасында тұрғанда және онда Кітап иелері болмаған кезде, яғни, үндеудің басында солай болғанын айтады.

Ол кезде намаз Иерусалимге қарап оқылатын. Кітап иелері де ғибадаттарын сол бағытқа бет бұрып жасайтын.

Оған қоса, түсінуді қажет ететін бір нәрсе - Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Кітап иелері оның үндеуіне еріп, Шариғатын қабыл алады деген үміті зор болды. Сол себепті, оларға болашақ мұсылмандар деп қарады, сондықтан, оларға ұқсағанның сөкеттігі болған жоқ.

Бірақ, кейін Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашын екіге айыратын болды.

Бәлкім, дұрысын Алла біледі, мұның бір себебі мынада шығар: Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Мәдина мен соған жақын жатқан аймақтардағы Кітап иелерінің Исламды қасарысқан түрде қабыл алғылары келмегендігін көрген кезде олардан ерекшелену абзал әрі мақтарлық амалға және дініміздің бір бөлшегіне айналды.

Шаш қоюдың осы екі түріне келер болсақ, бұл екеуі де рұқсат етілген, бірақ, имам әл-Бәйджури[7] шаш қоюдың екінші түрінің абзал екенін айтады, себебі, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, соңына қарай шашын солай қоятын болған.

Бірақ, сонымен қатар, сахабалардың осы екі шаш үлгісін де қойғандары риуаят етіледі. Сол себепті, бұл екі тәсілге де рұқсат етіледі[8].

[1] Сувейд ибн Нәср әл-Маруәзи. Сенімге лайықты (сикка). Одан Тирмизи мен Нәсәи риуаят еткен.

[2] Абдуллах ибн Мубарак ибн Ваддах. Исламның ұлы ғұламасы мен мухаддисі. Төрт мыңға жуық шейхтен білім алған. Әр түрлі саладан көл-көсір білім жинаған. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар. 

[3] Юнус ибн Язид ибн Әби ән-Ниджәд. Нәсәи оны сенімге лайықты деп тапқан, ал, Ибн Саад оның әлсіздігі барын айтқан. Одан риуаят етілген хадистерді төрт «Сунанның» авторлары жеткізген.

[4] Мухаммад ибн Муслим ибн Шихаб әз-Зухри.

[5]Ұлы ғұлама әрі фақиһ. Умар ибн Әбдул-Әзіздің шәкірттерінің бірі. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақта да кездеседі.

[6] Әл-Мәуәхиб әл-Ләдуния, 112-ші бет.

[7] Сол жерде.

[8]Сол жерде.


Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков