Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 33 сабақ

1 801
15 сентября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 32 сабақ

Отызыншы хадис

حدثنا محمد بن بشار. حدثنا عبد الرحمن بن مهدي. عن إبراهيم بن نافع المكي عن ابن أبي نجيح عن مجاهد عن أم هانئ قالت:
"رأيت رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ذا ضفائر أربع".


Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр былай деп хабарлаған: «Бізге Әбдур-Рахман ибн Мәхди
[1],Ибраһим ибн Нәфи әл-Маккиден[2], ол Ибн Нәджихтен, ол Муджахидтен[3], ол Умм Ханидің былай дегенін хабарлаған: «Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашының төрт өрім болып өрілгенін көрдім»».

Умм Хани, Алла оған разы болсын, – Әли ибн Әбу Тәлібтің, Алла оған разы болсын, қарындасы.

Имам әл-Бәйджури, рахимахуллах, айтқандай, бұл Меккені жаулап алу кезінде баяндалған. Ол кезде Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұсылмандармен бірге Меккеге кірген.
Умм Ханимен мына хикая байланысты: ол Меккені басып алу кезінде ағасы Әли ибн Әбу Тәліб өлтірмек болған бір адамды өлімнен арашалап қалғысы келген, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның өтінішін қабыл алған.

Сол себепті, фақиһтер егер мұсылман әйел кәпірге Исламның аймағында қауіпсіздікті уәде етсе, оның қорғауы қабыл алынатынын айтқан.

Сондай-ақ, Умм Хани Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, зуха намазын оқығанын көргендігін риуаят еткен.

Осы хадисте айтылып кеткен жайттардың бірі –Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, намазды өте тез оқығандығы. Бұл Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әр намазды әр түрлі жылдамдықпен оқығандығын көрсетеді.

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, зуха намазын оқығанын сахабалардың барлығы көрмеген. Сол себепті, Омар, Алла оған разы болсын, бұл намазды бидғат деп тапқан.

Ибн Дахик әл-Ид «Ихкам әл-ахкамда» Омардың, Алла оған разы болсын, осы жоққа шығаруына сүйеніп, құлшылықтың қандай да бір түрін белгілі бір уақытта тұрақты түрде орындап отыруды үкім ету үшін Шариғаттан дәлел қажет екенін және сол құлшылықты жасауға жалпы рұқсаттың жеткіліксіз екенін жазған. Әйтпесе, Омар бұл намазды намаз оқуға тыйым салынған уақыттан басқа кез келген кезде оқуға болатынын айтар еді және бұл намазды бидғат демес еді.

Ал, хадистің өзіне келер болсақ, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заманында шаш өрудің әйелге тән белгі деп саналмағанын және ержүректілік пен күш-қайратқа қайшы келмегенін бұдан бұрын айтып кеттік.

Басқа уақытқа келер болсақ, имам әл-Бәйджури, рахимахуллах, мәселе Сүннетпен белгіленген нәрсеге кеп тірелгенде әдет-ғұрыптың өзгеруі маңызды емес екенін жазған[4].

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мүбәрак шашы туралы тарау осы хадиспен аяқталады.

[1] Исламдағы ұлы ғұлама әрі мухаддис. Сүннет имамы. 198 жылы көз жұмған. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[2] Ибраһим ибн Нәфи әл-Мәхзуми.

[3] Муджахид ибн Джәбр.

[4] Әл-Мәуәхибәл-Ләдуния, 113-114 беттер.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков