Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 34 сабақ

1 408
22 сентября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 33 сабақ

Отыз бірінші хадис

-باب ما جاء في ترجل رسول الله (صلى الله عليه وسلم)

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен  сәлемі болсын, шашының күтімі жайлы тарау.

حدثنا إسحاق بن موسى الأنصاري. حدثنا معن بن عيسى. حدثنا مالك بن أنس عن هشام بن عروة عن أبيه عن عائشة قالت:
"كنت أُرَجّل رأس رسول الله  (صلى الله عليه وسلم) وأنا حائض".

Бізге Исхақ ибн Муса әл-Ансари, оған Мәәд ибн Иса[1], оған Мәлік ибн Әнәс, Хишәм ибн Урвадан, ол әкесінен, ол Аишаның, Алла оған разы болсын, былай дегенін риуаят еткен: «Мен етеккірлі халде Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашын тарадым».

Осы хадистен ғұламалар шашты тарау және оған күтім жасау абзал деген шешім шығарған. Сондай-ақ, бұған сақалды да тараудың абзал екендігі жатады[2].

Аишаның, Алла оған разы болсын, етеккірлі халде болғанын айтқандығына келер болсақ, бұл ондай халде әйелдің қолының таза болатындығын және ондай күндері күйеуіңе қол тигізгеннің ешқандай сөкеттігі жоқ екендігін көрсетеді.

Сонымен қатар, бұл хадисте күйеуіне әйелдің өзінің күтім жасауы абзал екендігіне меңзеу бар.

Отыз екінші хадис

حدثنا يوسف بن عيسى. حدثنا وكيع. حدثنا الربيع بن صبيح عن يزيد بن أبان (وهو الرقاشي) عن أنس بن مالك قال:
 "كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يكثر دَهن رأسه، وتسريح لحيته، ويكثر القِناع، حتى كأن ثوبه ثوب زيات".

Бізге Юсуф ибн Иса[3], оған Уәки, оған Раби ибн Субейх[4], Язид ибн Әбәннан (бұл әр-Ракаши), ол Әнәс ибн Мәліктің, Алла оған разы болсын, былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашына  үнемі май жағып, сақалын тарап жүретін. Сондай-ақ, ол шашына май жаққан кезде көбіне басын матамен бүркейтін, сол мата жиі жаққаннан майға шылқып кететін».

Бұл хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашына қалай күтім жасағаны жайлы толығырақ ақпарат келтірілген. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашын тарағаннан бөлек, шашына әрдайым май жағып жүрген.

Хадисте айтылған матаға келер болсақ, оны шашқа май жаққаннан кейін киім бүлінбес үшін басқа жабатын болған. Сөйтіп, май шашқа түгелдей сіңгенге дейін сол мата бастан алынбаған.
Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашына майды жиі жаққаны соншалық, әлгі мата майға әбден шылқып кететін болған.


[1] Имам Мәліктің хадистерін жеткізушілердің және оның мәзһабындағы имамдардың бірі.

[2] Мәуәхиб Ләдуния, 115-ші бет.

[3] Юсуф ибн Иса ибн Динар әл-Мәруәзи.Одан риуаят етілген хадистер Бұхари мен Муслимнің жинақтарында бар.

[4] Имам Бұхари «Тарих» кітабында одан хадис риуаят еткен. Ибн Мәджә да солай жасаған. Ең бірінші соның кітап жаза бастағаны жеткізілген.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков