Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 35 сабақ

1 574
2 октября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 34 сабақ

Отыз үшінші хадис


حدثنا هناد بن السري، حدثنا أبو الأحوص عن الأشعث بن أبي الشعثاء عن أبيه عن مسروق عن عائشة قالت:
"إنْ كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ليحب التيَمُّن في طهوره إذا تطهر وفي ترجله إذا ترجل، وفي انتعاله إذا انتعل

БізгеХаннад ибн Сари, оған Әбу әл-Әхуәс[1], әл-Әшәәс ибн Әбу Шәәсадан, оның әкесінен[2], Мәсруктан[3], Аишаның (Алла оған разы болсын) былай дегенін риуаят еткен: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тазаланған кезде оң жақтан бастағанды жақсы көретін, шаш тарағанда да және аяқ-киім кигенде де».

Бұл хадисте Аиша, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көптеген істерді, оның ішінде шаш тарауды да оң жақтан бастағанды жақсы көргенін риуаят еткен. Сол себепті, имам Тирмизи бұл хадисті осы бөлімде келтірген.

Тазалануға келер болсақ, бұл дәретке де, ғұсылға да қатысты айтылған.

Отыз төртінші хадис

حدثنا محمد بن بشار. حدثنا يحيى بن سعيد عن هشام بن حسان عن الحسن البصري عن عبد الله بن مغفل قال:
"نهى رسول الله (صلى الله عليه وسلم) عن الترجل إلا غِبّاً".


Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр, оған Яхья ибн Саид
[4], Шихам ибн Хассаннан, ол әл-Хасан әл-Бәсриден, ол Абдуллаһ ибн Муғаффалден хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оқта-текте болмаса, шашты тарауға тыйым салды».

Отыз бесінші хадис

حدثنا الحسن بن عرفة قال: حدثنا عبد السلام بن حرب عن يزيد بن أبي خالد عن أبي العلاء الأودي عن حميد بن عبد الرحمن عن رجل من أصحاب النبي (صلى الله عليه وسلم):
"أن النبي (صلى الله عليه وسلم) كان يترجل غِبّاً".

Бізге әл-Хасан ибн Арафә былай деп хабарлады: «Бізге Әбдус-Саләм ибн Харб, Язид ибн Әбу Халидтан, ол Әбу әл-Әләәл-Авдиден[5], ол Хумейд ибн Әбдур-Рахманнан, ол Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының бірінен[6] хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кей-кейде шашын тарайтын».

Осы бөлімдегі хадистерге қараған кезде жалған қайшылықты таппас үшін екі ұғымды: сұлулық пен сәнденуді ажыратып алу керек.

Денеге күтім жасап, тазалықты сақтау басқа да, шектен шығып, шамадан тыс сәндену мүлде басқа, ол Шариғатта құптарлық іс емес[7].

Сол себепті, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қаншалықты қажет болса, соншалықты өзіне күтім жасап, тәнін тазалықта ұстаған.

Осымен тарау аяқталды.


[1] Әбуәл-Әхуәс Ауф ибн Мәлік.

[2] Әбу Шәәса.

[3] Ұлы имам.

[4] Өз заманының имамы. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар.

[5] Дауд ибн Абдуллаһ.

[6] Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабасының атының белгісіздігінде тұрған зиян жоқ. Өйткені, олардың бәрі сенімге лайықты. Кейбіреулер оның Абдуллаһ ибн Муғаффаль екенін айтқан.

[7] Хашият Ибн Әбидин, 2/157.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков