Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 36 сабақ

1 295
9 октября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 35 сабақ

بابماجاءفيشيبرسولالله (صلىاللهعليهوسلم)

وفيه
(8) أحاديث

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашы туралы тарау. Онда сегіз хадис бар.

Отыз алтыншы хадис

حدثنا محمد بن بشار. أخبرنا أبو داود. أخبرنا همام عن قتادة قال: قلت لأنس بن مالك:
"هل خضب رسول الله (صلى الله عليه وسلم) قال لم يبلغ ذلك. إنما كان شيباً في صدغيه، ولكن أبوبكر رضي الله عنه خضب بالحِنَّاء والكتم".

Бізге Мухаммад ибн Бәшәр, оған Әбу Дауд[1], оған Хаммам[2], Қатаданың былай дегенін хабарлаған: «Мен Әнәс ибн Мәліктен: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашын бояйтын ба еді?» - деп сұрадым. Ол былай деді: «Оған дейін жеткен жоқ. Оның самайы сәл ағарған-тын. Бірақ, Әбу Бәкір өзінің ақ шашын қынамен бояйтын»».

Бұл хадисте ең ұлы тәбиғиндердің бірі Қатада ибн Ди`ама, рахимахуллах, арабтардың әдетте ақ шаштарын бояуға пайдаланған қыналарына қатысты сұрақ қойып, өзінің ұстазы Әнәс ибн Мәліктен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашы туралы сұраған.

Бірақ, Әнәс, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, самайында ғана ақ шаш бар болатын деп жауап берген.

Бірақ, бұл оның шашында басқа ақ шаш мүлде болған жоқ дегенді білдірмейді. Оның ақ шашы өте аз болған.

Ал, имам Бұхари мен басқалар да Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сақалында бірнеше ақтың болғанын риуаят етеді.

Сондай-ақ, Муслимнің жинағындағы хадистердің бірінде Әнәс, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, басындағы ақ шаштың аз болғандығы соншалық, біреу санағысы келсе, оп-оңай санап шыға алатындай болғандығын риуаят еткен.

Содан соң Әнәс, Алла оған разы болсын, Әбу Бәкір туралы да айтып кеткен. Мұның бірнеше себебі бар:

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мен Әбу Бәкірдің, Алла оған разы болсын, жасы бір болатын. Бірақ, соған қарамастан, Алла Елшісінің, оған Алалның игілігі мен сәлемі болсын, шашында ақ болмаған. Бұл оның сондай егде жаста да қуатты әрі сымбатты болғандығын көрсетеді.

Екінші себебі мынада: Әбу Бәкір, Алла оған разы болсын, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұсылмандарға еруді әмір еткен бірнеше адамның бірі болатын. Өйткені, ол - әділ халиф. Ал, әйгілі хадисте Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің Сүннетінен кейін оның әділ халифтеріне еруді бұйырған болатын.

Бұл халифтердің құлшылыққа немесе Шариғатқа жаңалық енгізуге хақылары болды деген сөз емес. Олардың Шариғатты терең және кәміл түсінгендері соншалық, олардың жасаған амалдары мүмкін деген нұсқалардың арасынан Сүннетке ең жақыны болатын.

[1] Сулейман ибн Дауд ибн әл-Джәруд әт-Таялиси, хафиз, сенімге лайықты жеткізуші. Одан Муслим мен басқалар да хадис риуаят еткен. «Муснад Таялисидің» авторы.

[2] Хаммам ибн Мунәббих емес, Хаммам ибн Яхья. Сенімге лайықты. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков