Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 37 сабақ

1 419
13 октября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 36 сабақ

Отыз жетінші хадис

حدثنا إسحاق بن منصور ويحيى بن موسى قالا: حدثنا عبد الرزاق عن معمر عن ثابت عن أنس بن مالك قال:
"ما عددت في رأس رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ولحيته إلا أربع عشرة شعرة بيضاء".

Бізге Исхақ ибн Мәнсур[1]мен Яхья ибн Муса[2] былай деп хабарлаған: «Бізге Әбдур-Раззақ, Мәәмәрдан[3], ол Сәбиттен[4], ол Әнәс ибн Мәліктен хабарлаған: «Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сақалындағы ақты санағанда он төрт тал екен»».

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сақалындағы ақтың нақты саны келтірілген әр түрлі риуаяттар бар.

Отыз сегізінші
хадис

حدثنا محمد بن المثنى. أخبرنا أبو داود، حدثنا شعبة عن سماك بن حرب قال: سمعت جابر بن سُمرة، وقد سئل عن شيب رسول الله (صلى الله عليه وسلم) فقال:
"كان إذا دهن رأسه لم ير منه شيب وإذا لم يدهن رؤي منه شيء".

Мухаммад ибн
әл-Мусәннә хабарлаған. Оған Әбу Дауд, оған Шу`бә, Сәмәк ибн Хәрбтың былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашы жайлы сұралғанда Джәбир ибн Сәмураттың былай дегенін естідім: «Оның шашы майланған кезде ақ шашы көрінбейтін, майланған болмаса, аз ғана ақ шаш байқалатын»».

Бұл риуаят оның ақ шашының аз болғандығы соншалық, шашын майлаған кезде ақ шаш көрінбей қалатын болғандығын көрсетеді.

Отыз тоғызыншы хадис

حدثنا محمد بن عمرو، بن الوليد الكندي الكوفي حدثنا يحيى بن آدم عن شريك عن عبيد الله بن عمر عن نافع عن عبد الله بن عمر قال:
"إنما كان شيب رسول الله (صلى الله عليه وسلم) نحواً من عشرين شعرة بيضاء".

Мухаммад ибн Әмр ибн әл-Уәлид әл-Кинди
[5]әл-Куфи[6] хабарлаған. Оған Яхья ибн Адам[7], Шәриктен, ол Убейдуллах ибн Омардан[8], ол Нәфиәдан[9],ол Абдуллаһ ибн Омардан хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жиырмаға жуық ақ шашы бар еді».

Әнәс ибн Мәліктен, Алла оған разы болсын, жеткізілген риуаятта көрсетілген ақ шаштың санымен салыстырғанда мұнда өзгеше сан аталған.

Мұнда ешқандай қайшылық жоқ. Себебі, бәлкім, бұл екі сахаба Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашын әр түрлі уақытта санаған болуы мүмкін. Сол себепті, көрсетілген сан да әр түрлі. Яки Әнәс тек қана он төрт ақ шашты санап үлгерген, ал, Абдуллаһ ибн Омар одан көбірек ақ шаш санаған.

Бірақ, жалпы алғанда, ақ шаштың саны аз көрсетілгендігі көп көрсетілген мәлімдемеге қайшы келмейді[10].


[1] Абу ЯқубИсхақ ибн Мәнсур Бәхрам. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар.

[2] Сенімге лайықты. Уақиадан, Яхья ибн Мәиннан және басқалардан хадис риуаят еткен. Одан Бұхари мен Нәсәи хадис риуаят еткен.

[3] Мәәмәр ибн Рашид.

[4] Сәбит әл-Бунәни.

[5] Кинд –тайпа емес, Куфадағы аймақ.

[6] Одан Ибн Мәджә менНәсәи де хадис риуаят еткен.

[7] Хафиз. Мәлік пен басқа да имамдардан хадис риуаят еткен. Одан– Ахмад пен басқалар да риуаят еткен. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[8] Ұлы фақиһ. Кейбір ғұламалар соның Нәфиәдан, Ибн Омардан иснадыМәліктің Нәфиәдан, Ибн Омардан деген санадынан гөрі сенімдірек деп санаған.

[9] Ұлы тәбиғин және имам. Оның қайдан шыққандығы жайлы пікірлер әр түрлі: кейбіреулер оның Нисабурдан екенін, кейбіреулер Батыстан екенін айтқан.

[10] Әл-Мәуәхибәл-Ләдуния, 131-ші бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков