Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 38 сабақ

1 215
16 октября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 37 сабақ

Қырқыншы хадис

حدثنا أبو كريب محمد بن العلاء. حدثنا معاوية بن هشام عن شيبان عن أبي إسحاق عن عكرمة عن ابن عباس قال:
"قال أبوبكر يا رسول الله قد شبت قال: شيبتني هود والواقعة والمرسلات وعم يتساءلون، وإذا الشمس كورت".
бу Курейб Мухаммад ибн әл-Әлә[1], оған Муауия ибн Хишәм[2], Шәйбәннан, ол Әбу Исхақтан[3], ол Икримнен[4], Ибн Аббастың былай дегенін хабарлаған: «Уа, Алла Елшісі, шашыңа ақ түсіпті ғой». «Шашыма ақ түсуіне «Һуд», «Әл-Уақия», «Әл-Мурсәләт», «Әммә» және «Тәкуир»».

Әбу Бәкірдің бұл мәлімдемесінде: «Шашыңа неліктен ақ түсті, уа, Алла Елшісі?» деген астарлы сұрақ бар-тын.

Сонда Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Тозақ отымен жазалау сипатталған және Шариғатқа мүлтіксіз бағыну әмір етілген сүрелерді атап шыққан. Сол сүрелердің мазмұнының ауырлығы мен ондағы әмірлерден Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашы ағарып кеткен.

Бұл Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзі күнәдан қорғалғандығына және күмәнсіз Жәннатқа баратындығына қарамастан, Уахиді қаншалықты шын ұғынғанын көрсетеді. Ол мойнына жүктелген миссия мен өзі жіберілген үмбетті уайымдаған.

Қырық бірінші хадис

حدثنا سفيان بن وكيع. حدثنا محمد بن بشر عن علي بن صالح عن أبي إسحاق عن أبي جحيفة قالوا:
"يارسول الله نراك قد شبت قال قد شيبتني هود وأخواتها"

Бізге Суфьян ибн Уаки, оған Мухаммад ибн Бишр
[5],  Әли ибн Салихтан[6], ол Әбу Исхақтан, ол Әбу Джухейфтан хабарлаған: «Олар былай деді: «Уа, Алла Елшісі, біз сенің шашыңнан ақ көріп тұрмыз». Сонда ол былай деді: «Шашымның ағаруына «Һуд» сүресі мен оның қарындасы себепкер болды»».

Бұл хадисте Алла Елшісінен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашы туралы бірнеше сахаба сұраған.

Бұл алдыңғы хадистен өзгеше басқа жағдай тәрізді[7].

«Және оның қарындасы» дегенге келер болсақ, араб тілінде бір-біріне ұқсайтын нәрселерді солай айтады.



[1]Көптеген хадистерді риуаят еткен ұлы мухаддистердің бірі. Одан жеткізілген хадистер алты жинақта да кездеседі.

[2] Әл-Бұхари «Адаб әл-Муфрадта» одан хадис риуаят еткен және одан жеткізілген хадистер қалған бес жинақта да бар.

[3] Әбу Исхақ Сәбии.

[4] Ибн Аббастың азат етілген құлы. Ілім шамшарықтары мен ұлы тәбиғиндердің бірі. Оған хариджиттердің сенімдерін ұстанды деген айып тағылған, соның кесірінен оны көптеген мухаддистер сынға алады.

[5]Ұлы мухаддистердің бірі. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақта да кездеседі.

[6]Әйгілі қырағат білгірі. Одан риуаят етілген хадистер Бұхаридің жинағынан басқа жинақтардың бәрінде бар.

[7] Әл-Мәуәхиб, 130-шы бет.




Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков