Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 39 сабақ

1 510
23 октября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 38 сабақ

Қырық екінші хадис

حدثنا علي بن حجر قال أنبأنا شعيب بن صفوان عن عبد الملك بن عمير عن إياد بن لقيط العجلي عن أبي رمْثة التيمي تيم الرباب قال أتيت النبي (صلى الله عليه وسلم) معي ابن لي قال فأريته، فقلت لما رأيته:
"هذا نبي الله (صلى الله عليه وسلم) وعليه ثوبان أخضران وله شعر قد علاه الشيب وشيبه أحمر".

Маған Әли ибн Худжр, оған Шуәйб ибн Сафуән, Әбдул-Мәлік ибн Умейрдан[1], ол Ияд ибн Ләқит әл-Иджлиден[2], ол Әбу Рамсә әт-Тәмими Тәймәр-Рабәбтың былай дегенін хабарлаған: «Мен Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, барғанымда қасымда балам бар еді. Ол мені көрді. Мен де оны көргенде: «Бұл – Алланың Пайғамбары, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын», - дедім. Ол үстіне жасыл түсті екі киім киген екен. Шашынан аз ғана ақ байқалып тұрды. Ақ шашы қызыл реңкті еді».

Қызыл реңкке келер болсақ, имам әл-Бәйджури, рахимахуллах, «бұл жерде шаштың ұшы туралы айтылған болуы керек» дейді: шаштың ұшы ағарған кезде қызғыш рең беруі ықтимал[3]. Ибн Хаджар әл-Хайтами да өзінің шархында осындай пікір білдірген[4].
 
Қырық үшінші хадис

- حدثنا أحمد بن منيع. حدثنا سُرَيج بن النعمان. حدثنا حماد بن سلمة عن سماك بن حرب قال: قيل لجابر بن سمره أكان في رأس رسول الله (صلى الله عليه وسلم) شيب قال:
"لم يكن في رأس رسول الله (صلى الله عليه وسلم) شيب إلا شعرات في مفرق رأسه إذا ادّهن واراهن الدهن".

Бізге Ахмад ибн Муни`, оған Сурейж ибн ан-Нуман
[5], оған Хаммад ибн Сәләмә[6], Сәмәк ибн Харбтың былай дегенін хабарлаған: «Джәбир ибн Сәмурадан: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашы бар ма еді?» - деп сұралғанда, ол былай деп жауап берді: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашын екіге айырған жерінде ғана бірнеше ақ шашы бар еді де, одан басқа ақ шашы жоқ еді. Шашын майлаған кезде ақ шаштары көрінбей қалатын».

Бұл хадисте Джәбир ибн Сәмура, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашына әдеттегі майын жаққаннан кейін ақ шаштарының көрінбей қалатын болғандығын риуаят еткен.

Ғұламалар төмендегі хадиске сәйкес, ақ шашты жұлмаған абзал екенін айтады[7]:

لا تنتفوا الشيب فإنه نور المسلم

«Ақ шаштарыңды жұлмаңдар, себебі, ол – мұсылманның нұры»
[8].


[1] Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[2] Одан Муслим мен Әбу Дауд хадис келтіреді.

[3] Әл-Мәуәхиб, 132-ші бет.

[4] Әшрафәл-уәсаиль, 107-ші бет.

[5] Одан Ибн әл-Мәджишун, ал, одан– әл-Бұхари хадис риуаят еткен. Одан риуаят етілген хадистер Бұхариде және төрт «Сунанда» бар.

[6] Ұлы ізгі адам және ғұлама. Өмірінің соңына қарай есте сақтау қабілеті нашарлай түскен деседі. Одан риуаят етілген хадистер Бұхаридің жинағынан басқа жинақтардың бәрінде бар.

[7] Әл-Мәуәхиб, 134-ші бет.

[8] Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн Мәджә және Нәсәи.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков