Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 40 сабақ

1 252
27 октября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 39 сабақ

بابماجاءفيخضابرسولالله (صلىاللهعليهوسلم)
وفيه (4) أحاديث

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашын қалай бояғандығы жайлы тарау
. Бұл бөлімде төрт хадис бар.

Қырық төртінші
хадис

حدثنا أحمد بن منيع. حدثنا هُشَيم. حدثنا عبد الملك بن عُمير عن إياد بن لقيط قال أخبرني أبو رمثة قال:
"أتيت النبي (صلى الله عليه وسلم) مع ابن لي. فقال ابنك هذا؟ فقلت نعم، أشهدُ به، قال لا يجني ولا تجني عليه
قال ورأيت الشيب أحمر".
قال أبو عيسى هذا أحسن شيء روي في هذا الباب، وأفسرُ، لأن الروايات الصحيحة أنه (صلى الله عليه وسلم) لم يبلغ الشيب وأبو رمثة اسمه رفاعة بن يثربي التيمي.

Ахмад ибн Мәни`, оған Хушейм[1], оған Әбдул-Мәлік ибн Умейра, Ирад ибн Ләқиттың былай дегенін хабарлаған: «Маған Әбу Рамсә былай хабарлады: «Мен Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, барғанда қасымда кішкентай бала бар еді. Сонда ол: «Бұл сенің балаң ба?» - деп сұрады. Мен: «Иә», - деп, оның менің балам екенін растадым.
Содан соң ол былай деді: «Сен оның күнәларына жауап бермейсің, ал, ол сенің күнәларыңа жауап бермейді». Сөйтіп, ол: «Мен қызғылт түстес ақ шашты көрдім», - деді»».

ӘбуИса [әт-Тирмизи] былай деген: «Бұл – осы бөлімдегі ең жақсы және ең толық сипаттама. Себебі, сенімді риуаяттарға сәйкес, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашы аз болған. Әбу Рамсәның есімі –Рифаа ибн Ясраби әт-Тәйми».

Бұл хадисте алдыңғы риуаяттағы хикая баяндалған, бірақ, мұнда кейбір толықтырулар және жаңа нақтырақ мәлімет бар.

Имам әт-Тирмизидің бұл хадисті қандай тарауға қосқандығы Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашының ұшы ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шашын қынамен бояғандықтан қызыл болғандығын көрсетеді.

Имам әт-Тирмизи айтқан басқа да сенімді риуаяттарға келер болсақ, бұл – хадис, онда былай делінген:

أنه لم يشب

«Расында, оның ақ шашы болған жоқ».

Мұнда Алла Елшісін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашты деп атайтындай, ақ шашы соншалықты көп болмағандығы жайлы сөз болып тұр.

Шашты бояуға келер болсақ, ғұламалар қынаны және қызыл түс беретін басқа да заттарды пайдаланған абзал екенін айтады[2].

Сондай-ақ, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген:

إن أحسن ما غيرتم به الشيب الحناء و الكتم

«Ақ шашты бояуға пайдалануға болатын ең абзал нәрсе –қына
[3]».

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қажылық жасап жатқанда Әбу Бәкірдің әкесінің ақ шашы көп екенін көріп, былай деген:

غيروا هذا بشيئ و اجتنبوا السواد

«Мұны бірдеңемен өзгерт, бірақ, қара түстен аулақ бол».



[1]Ұлы имам. Бағдаттың хафизі.

[2] Әл-Мәуәхиб, 134-ші бет.

[3] Әбу Дәуд, Тирмизи, Нәсәи және Ибн Мәджә.




Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков